Өсімдіктердің негізгі мүшелері 1-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өсімдіктердің негізгі мүшелері 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өсімдіктердің негізгі мүшелері 1-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ


(білім беру ұйымының атауы)


1 ТОҚСАН. Ортақ тақырып: «Өзім туралы»

Жаратылыстану, 3-сабақ.


Бөлім

Жанды табиғат/ 2.1 Өсімдіктер

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты


Күні:


Сынып:

Қатысушылардың

саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Өсімдіктердің негізгі бөліктері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру;

1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;

Сабақтың мақсаттары

Өсімдік түрлерімен танысу, өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі/

уақыты

Педагогтің

іс-әрекеті

Білім алушының

іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 0-3

Кел, ойланайық!

«Ашық микрофон» әдісі

Табиғат дегеніміз не?

Табиғат нешеге бөлінеді?

Жанды табиғатқа нелер жатады?

Жансыз табиғатқа нелер жатады?

Өсімдік дегеніміз не?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

ҚБ: дұрыс жауап берген оқушыға қол шапалақтау арқылы қолдау көрсетіледі.

Микрофон

4-6

Оқулықпен жұмыс

Суреттен нелерді көріп тұрсың?

Оларды қалай топтауға болады? Оқулықтағы ағаш, бұта, шөптесін өсімдік суреттерін бақылау, бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығы анықталады.

Өсімдік түрлерін салыстырады: діңі, бұтағы, сабағы, жапырағы, гүлі, жемісі. Гүлдің сабағының әлсіз, ағаш діңінің жуан болатынына назар аударады. Өсімдіктер тобындағы ұқсастықтар: тамыры болады, өседі, бүршік жарады, жапырақ шығады, ауаны тазартады. Олардың өсуіне жарық, жылу, топырақ, ауа қажет.


Оқулық

11-бет

Сабақтың ортасы

7-10

«Тыңдайық»

Оқулықпен жұмыс Өсімдік үш түрлі қарапайым топқа бөлінеді. Олар: ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер.

Ағаш – бір ғана діңі бар көпжылдық өсімдік.

Ал бұта – бірнеше сабағы бар көпжылдық өсімдік. Бұталарда дің болмайды. Бұталар ағаштарға қарағанда аласа болады.

Шөптесін өсімдіктер – жұмсақ сабақтары бар біржылдық және көпжылдық өсімдіктер.

Күзде салқын түскен кезде шөптесін өсімдіктердің жерүсті бөлігі қурап қалады.

Өсімдіктер жабайы және мәдени болып екіге бөлінеді. Адам өсіретін өсімдіктер мәдени өсімдіктер деп аталады. Адам мәдени өсімдіктерге күтім жасайды. Оның жемісін тағам ретінде пайдаланады. Мәдени өсімдіктерге жемістер, көгөністер, дәнді дақылдар, сәндік өсімдіктер жатады. Адам күтім жасамайтын өсімдіктер жабайы өсімдіктер деп аталады. Олар далада, шалғында, орманда өседі.

Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдайды. Түсіндірме кезінде өздерінің ой қорытындыларын қосып айтады.


Оқулық

12-бет


10-15

«Анықтайық»

Балалар, суретке назар аударыңдар. Өсімдіктің бөліктерін атайық. Тамыр қандай қызмет атқарады деп ойлайсыңдар? Сабағы ше?





Жұптық жұмыс

«Салыстырайық»

Сыныптағы бөлме өсімдіктеріне назар аударыңдар. Оларды сыныптағы жансыз заттармен салыстырып, айырмашылығын айтыңдар.

Сурет бойынша өсімдіктің бөліктерін атайды. Тамыр өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды. Сабақ тамырдың топырақтан сіңірген қорегін өсімдік мүшелеріне жеткізеді.



Венн диаграммасы бойынша сыныптағы гүл мен партаны салыстырады.

ҚБ:

«Жарайсың», «Керемет», «Жақсы» деген қолдау сөздер арқылы жүзеге асады.



ҚБ: «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.



Жабайы және мәдени өсімдіктердің суреттері











Венн диаграммасы

15-20

«Бес саусақ» әдісі.

Өсімдік бөліктерін ата.









Параққа алақандарын қойып, жиегін қаламмен айналдырып өтеді. Бүгінгі сабақта танысқан материалдары бойынша саусақ бойын жаңа материалмен безендіру жұмысын жүргізеді.

Басбармақ – тамыры.

Балалы үйрек – сабағы.

Ортан терек – жапырағы. Шылдыр шүмек – гүлі, жемісі. Кішкентай бөбек – тұқымы.


Парақ

Түрлі түсті қарындаштар


Сергіту сәті

Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Артқа қарай бір адым Алға қарай бір адым. Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.



20-27

Дәптермен жұмыс

1.Бос торкөзге сәйкес шартты белгіні салғызады.



2. Өсімдіктің даму ретін белгілеп көрсетуге тапсырма береді.

Оқушылар үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш белгілерін өсімдік түрлері бойынша

қойып шығады.


2. Өсімдіктің даму ретін белгілеп көрсетеді.

ҚБ: қолдау сөздер арқылы жүзеге асады.

Жұмыс дәптері

8-9 бет

Сабақтың соңы

27-31

Тірек сөздермен жұмыс

Ағаш, бұта, шөптесін өсімдік

Қандай өсімдіктің діңі бар?

Бойы аласа, бұтағы жіңішке қандай өсімдік? – Сабағы жұмсақ өсімдік қалай аталады?

Өсімдіктің қанша түрі бар?

Сұрақтарға жауап береді:

Ағаштың діңі болады.

Бұтаның бойы аласа, бұтағы жіңішке болады.

Шөптің сабағы жұмсақ болады.

Өсімдіктің үш түрі бар: ағаш, бұта, шөптесін өсімдік.



Рефлексия

31-35

Өздеріне ұнаған сөйлемдегі ойды жалғастыруды ұсынады.

Бүгінгі сабақта мен ... түсіндім.

Бүгін сабақта мені қуантқаны

... .

Мен өзімді ... үшін мақтар едім.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.00.2023
528
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі