Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері. Жарықтың түсу деңгейіне қарай өсімдіктердің бейімделуі.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері. Жарықтың түсу деңгейіне қарай өсімдіктердің бейімделуі. |
Мұғалімнің аты-жөні: Күні: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 7 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
7.1.6.2 - жарықтың өсімдіктердің дамуына әсерін түсіндіру; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ нәтижесі: |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Сұраққа жауап береді, жауаптарын дәлелдейді. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік құзіреттілік |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Өсімдіктердің қозғалысы. Қозғалыстың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің қозғалу тәсілдері (тропизмдер, таксистер, өсу қозғалыстары). |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспары |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басталуы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Гүл суреттері бойынша бөліну. Оқушыларға сурет қиындыларын беремін. Сурет қиындыларын құрастырғанда раушан, тұңғиық, түймедақ гүлдерінің суреттері шығуы керек.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут «Жіптік құбыр» тренинг Оқушыларға түзу қағаз беріледі. Оны екіге бүктейміз. Арасын сваркалап жалғағанда ұзын құбыр шығу керек. Шарикті жіберемін. Шарик құбыр бойымен жылжыйды.. |
1-топ: Раушан 2-топ:Тұңғиық 3-топ:Түймедақ «Жіптік құбыр» тренинг, қағаздар, шарик. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа білім 10 минут |
Білу және түсіну Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. Жарықтың экологиялық факторлар ретіндегі маңызы 1-параграфта қарастырылды. Жарық фотосинтез барысында энергия береді, бүршік жару, гүлдеу, жапырақтың түсуі сияқты тіршілік үдерісін қамтамасыз етеді. Фотопериодизм – ағзалардың бейімделуі. Эволюция барысындағы миллиардтаған жылдар ішінде тірі ағзалар осы тұрақты көрсеткіштерге бейімделді. Тірі ағзаларда маусымдық өзгерістерді анықтайтын маңызды фактор – жыл бойындағы күн мен түн ұзақтығының мерзімді ауысымы. Фотопериодизм – тірі ағзалардың жарық күн ұзақтығына байланысты өзінің физиологиялық үдерістерін өзгерту қабілеті. Фотопериодизм деп тірі ағзалардың тәуліктің жарық уақытының ұзақтығының өзгеруіне әсер көрсету қабілеті деп те айтуға болады. Жарықты қабылдайтын барлық тірі ағзалар күн мен түн ұзақтығының мерзімді ауысымын қажет етеді деп те айтқан дұрыс. Яғни фотопериодизм құбылысы міндетті әрі қажетті сипатқа ие. Ол жарықты мүлде қабылдамайтын тіршіліктен басқа барлық тірі ағзаларға тән. Жарықты мүлде қабылдамайтын ағзаларға кейбір бактериялар, мұхит түбін мекендеушілер, жарық түсетін тереңдікте ешқашан болмаған ағзалар, еркін тіршілік ететін сатысы жоқ жасушаішілік және ағзаішілік паразиттер т.б. жатады. Ауа райы және климат жағдайлары тұрақсыз. Бір жылы көктем ерте шығып, жылы болады, келесі жылы кеш шығып, суық болады. Басқа жыл мезгілдері туралы да осыны айтуға болады. Ерте күн жылынып кеткеннен кейін күрт үсік түсуден немесе күзде күрт суып кетуден болатын ықтимал шығынды төмендету үшін барлық тірі ағзалар ауа температурасына ғана емес, жарық күн ұзақтығына да әсер көрсетуге бейімделген. Ғалымдар көру мүшесі жоқ ағзалардың да фотопериодизмге әсер көрсететінін анықтады. Мысалы, қуыршақ сатысында қыстайтын көбелек дернәсілдері жарық күннің белгілі бір ұзақтығында ересек дараға айналады. Тәжірибе зерттеушілері қуыршақтарды температурасы төмен теттариумге қояды. Бірақ жарық көктемдегідей сәуір-мамыр айла- рына сәйкес келді. Өсімдіктердің өзгеретін жарық жағдайына бейімделуі. Бүршік жару, гүлдеу, жемісінің пісуі, жапырақтың түсуі сияқты үдерістердің барлығы – өсімдіктер тіршілігінің барлық маусымдық өзгерістері фото- периодизм заңына сәйкес жүреді. Заңдылықтарды зерттеудің практикалық маңызы зор. Мысалы, шалқан өсіру. Бұл дақыл бақшада өседі, толыққанды тамыржеміс қалыптасып үлгерместен өсімдік гүлдеп, тұқым түзе бастайды. Тамыржемістің барлық қоректік заты сонда кетеді. Шалқан өсімдігін жылыжайда өсірген кезде жылдың кез келген уақытында ерте көктемдегі сияқты жарық түсіреді. Өсімдік толыққанды тамыржеміс түзеді де, көпке дейін гүлдемей тұрады. Ашық алаңда да осындай жетістікке жетуге болады. Ол үшін өскіндерді белгілі бір уақыт күңгірт пленка- мен жауып қояды. Өсімдіктерді осылай «алдау» әртүрлі дақылдардан қажет өнім алуға мүмкіндік береді. Уақытты өзгерту және жарық түсу ұзақтығын өзгерту арқылы қыс ортасында да өсімдікті өсіруге болады. Ұзақ және қысқа күн өсімдігі. Жабайы табиғатта ғалымдар барлық өсімдікті ұзақ күн және қысқа күн өсімдігі деп бөледі. «Поляр күні» мен «поляр түніне» бейімделген тундра өсімдіктері де бар. Бұлар – ұзақ күн өсімдіктері. Мысалы, ошаған (дурнишник) тәуліктің жарық уақыты 21 сағат болғанда ғана гүлдей бастайды. Әйтпесе қатал климат жағдайында гүлдеген өсімдік үсіп кетуі мүмкін. Тропиктік, экваторлық және қоңыржай белдеу өсімдіктері де – қысқа күн өсімдіктері. Қазақстанға қысқа күн өсімдіктері тән. Оларда күн мен түн тәулік ішінде түседі және 6–7 сағат құрайды. Биоырғақты жіктеу. Биоырғақ – тірі жүйелердегі мерзімімен қайталанып отыратын өзгерістер, циклдік үдерістер. Биоырғақтар өте алуан түрлі. Биоырғақ себептері әртүрлі. Сыртқы себептерден туындайтын биоырғақтар да бар. Оған фотопериодизм құбылысы да жатады, мысалы, Аустралиядағы климаттың мыңжылдық циклі. Ішкі биоырғақтарға адам жүрегінің ырғағы жатады. «Қар кесегі» әдісі (Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады. Жаттығудың сипаттамасы: Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұп ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт,бес,алты жауап бір жауап болып біріктіріледі.) Ортақ сүрақтар: 1. Фотосинтез дегеніміз не екенін еске түсіріңдер. «Фотосинтез» және «фотопериодизм» деген түсініктерді сипаттап, салыстырыңдар. 2. «Фотопериодизм құбылысы міндетті, қажет және ортақ сипатқа ие» деген пікірді түсіндіріңдер. Оны мысалдармен дәлелдеңдер. |
Оқулық. «Қар кесегі» әдісі. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
О ртасы 10 минут |
Қолдану Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. Топтарға тапсырма: 1. Күннің әртүрлі ұзақтығына бейімделген өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді? Мысалдар келтіріңдер. 2. Фотопериодизм ғаламшарымыздағы ағзалар тіршілігінде қалай қолданылуы мүмкін? 3. Қазақстан үшін қысқа күн, ал Якутия үшін ұзақ күн өсімдіктері тән екенін талдаңдар. Экваторлық Африка, Арктика және Оңтүстік Америкаға қандай өсімдіктер тән? Талдау «Ыстық орындық» орындық әдісі (Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады. Жаттығудың сипаттамасы: Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. |
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер «Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сергіту сәті 2 минут |
«Қаражорға» биі |
Оқушылар би билеп сергіп қалады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі 1. Биоырғақтың пайда болу себебін жүйелеңдер. 2. Өсімдіктер тіршілігіндегі жарықтың рөлі туралы қорытынды жасаңдар.
«Шеңбердегі доп» әдісі Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы жаңа білім туралы бір сөйлем айтады. |
«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі Шеңберге отырғызу, доп. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау 5 минут Кері байланыс 3 минут |
Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.
«Сабақтағы проблемалар» кестесі
|
Бағалау парақшасы
Сабақтағы проблемаларкестесі
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша Көмеккөрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың Үйренгенін тексеруді Қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті Қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайыма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағыахуал Қандай болды? Мен жоспарлаған Саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген Уақыт ішінде үлгердімбе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес Келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды Жетілдіруге көмектесетін не білдім? |