жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өсімдіктердің қандай түрлері болады?
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ақниет елді мекені,
№27Шәкәрім атындағы жалпы орта мектебі
Бағыты:Жаратылыстану
Секциясы:биология
Жұмыс авторы:Әбдіразақова Ақмаржан
Жетекшісі:Елибаева Гульсара
Сарыағаш ауданының №6 Ж. Аймауытов атындағы жалпы орта мектебінің 4 «ә» сынып оқушысы Әбдіразақова Ақмаржан мен «Фитонцидті өсімдіктер» тақырыбында жазған ғылыми жобасына
Пікір
Оқушылардың таңдаған тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді. Адамның денсаулығын,табиғатты қорғау өзекті мәселелердің бірі. Осы мақсатта Ақмаржан мен Еңліктің жұмысын құнды деп есептеймін.Зерттеген өсімдіктерінің зерттелмеген жақтарын ашып берді.
Пікір беруші жетекшісі: Елибаева Гульсара
Ғылыми жоба жоспары:
1. Кіріспе.....................................................
1.1.Дәрілік өсімдіктерге сипаттама.............1-бет
2.Негізгі бөлім............................................
2.1.Фитонцидті өсімдіктерге сипаттама.....6-бет
3.Зерттеу бөлімі.........................................
3.1. Фитонцидті өсімдіктердің емдік қасиеттері
4.Қорытынды.............................................
5. Зерттеу күнделігі...................................
1.Кіріспе
Мен зерттеп жатқан фитонцидті өсімдіктердің бәрі емдік қасиеті бар дәрілік өсімдіктер.
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға боладыөзгеріске ұшырағанда, оның денсаулығының күйін ыңғайсыз жағдайларға душар ететіні ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Мұндай жағайлар адамның көңіл - күйінің бір қалыптылығына кері әсер етіп, ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Адамның ой-жүйесінің психологиялық теңдігінің өзгерісі артады. Адамның көңіл-күйінің өзгеріске ұшырауы-нан оның тәндік биоқуатының тұрақтылығы ауытқып, дененің кейбір мүшелерінде сырқат белгісі сезіле бастайды. Осы жағдайдан адамды шығаруда әсерлі емдік шипалық құпиясы бар ерекше музыка, ән – күй және дыбыстар бүгінде әлемдік халық шипагерлігі саласында ғана емес, осы заманғы медицина жүйесінде де арнайы ғылыми анықтамаларға негізделіп пайдаланылуда. Музыка, ән – күй мен дыбыстың да шипалы, шипасыз және кері әсерлісі де барын аныталған. Адамның жан - дүниесі тәтті бір ұйыған, тыныштықта болу үшін жайлы, нәзік музыканы тыңдау пайдалылығы анықталуда.
Бірақ, әр адамның өзіндік жеке психологиясына, сырқатына, әлеуметтік жағдайына және қоғамдық ортасы орнына қарай әр түрлі музыканың әсері де өзгеше болатыны анықталуда. Мәселен: біреулердің жүйкесін күй, ән немесе эстрада әндері қозғаса, ал симфония мен баяу әндер көңілді жайландырады немесе, керісінше, әсер ететінін науқастардың өздері байқаған. Жан – дүниені тербейтін өте әсерлі тербелістік ұнамды музыка ғарыштық жүйемен үндесе отырып, адамның және жануарлар мен тірі организмдердің де жүйелі дамуына молдығы барын халықта және ғалымдарда ертеден бақылап біліп отырған.
Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .
Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер
Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады:[2]
Айыр;Алоэ;Аралия,Арша;Асқабақ;Ақшайыр,Аюқұлақ,Бақалақ;Бәрпі;Валериана;Дәрмене,Долана;Жалбыз;Жалбызтікен;Жалынгүл;Женьшень;Жерқонақ;ЖолжелкенЖөке;
Негізгі бөлім
Фитонцидтер туралы түсінік
Фитонцидтер - бактерияларды, паразиттерді, ұсақ саңырауқұлақтарды өлтіруге қабілетті өсімдіктер (басымырақ жоғарғы сатыдағылары) бөліп шығаратын биологиялық белсенді заттар.
Фитонцидтер - микроорганизімдерді құртуға ықпал ететін қорғаныш химиялық заттар. Олар химиялық құрамы жағынан әр түрлі, олардың ішінде потогендік микроорганизімдерге қашықтан әсер ететін ұшпа фракциясы және ұласа әсер ететін ұшпайтын ткань шырындары бар. Ұшпа фитопциттерге эфир майлары жатады, олардың бойында кейде күкірт қосындылары (мәселен, желкекте, шомырда) бар эфир майлары немесе ерекшелігі жоқ заттар – альдегиттер, төменгі ұшпа қышқылдар жатады. Көптеген ұшпа фитонцидтер химиялық жағынан әлі зерттелген жок. Ұшпайтын заттар анағұрлым сан алуан, оларды классификациялау қиынға соғады.
Фитонцидтер - бактерияларды, паразиттерді, ұсақ саңырауқұлақтарды өлтіруге қабілетті өсімдіктер (басымырақ жоғарғы сатыдағылары) бөліп шығаратын биологиялық белсенді заттар.
Антибиотиктерді тек микроорганизмдер ғана емес өсімдіктер де бөліп шығара алады. Өсімдіктер антибиотиктерін бірінші болып совет оқымыстысы Б. П. Т о к и н 1928 жылы ашқан болатын. Бұл заттарды ол фитонцидтер деп атады. Фитонцидтер көптеген өсімдіктерде бар екені анықталды. Олар микроорганизмдердің, әсіресе вегетативтік клеткаларына күшті әсер етеді. Сарымсақ, жуа, шомыр, қыша, мойыл, терек, емен жапырақтарында қарағай, шырша және май қарағай кылқандарында фитонцидтік қасиет күшті. Қарағайлы және самырсынды ормандар микрооргаыизмдерге кедей болатыны да мінесондықтан.Фитонцидтік қасиет басқа заттарда да, мәселен эфир майларында, альдегидтерде, алкалоидтарда және фенолда байқалады. Фитонцидтік қасиеті бар өсімдіктер өскен топырақтар да микроорганизмдерге кедейлеу келеді.
Фитонцидтік қасиеті бар өсімдіктер атам заманнан бері халықтық медицинада кең қолданылып келді. Қазір де көптеген ауруларды: грипп, жоғарғы тыныс жолдарының қатарын, тіс еттері мен тіс ауруларын, терінің іріңді ауруларын емдеуге, профилактика жасауға (ол фитонцидтерапия деп аталады) табысты қолданылып жүр, оның үстіне олар ішек қарынның қозғалыс, секрециялық қызыметін күшейтеді, ішектегі шірумен іру процестерін жойып, ішекті жақсартуға себепші болады. Фитонцидтердің емдік күші бірқатар жүрек, нерв жүйесінің ауруларын емдеген кезде айқын білінеді. Мәселен, сарымсақ пен пияздың фитонцидтік дәрі – дәрмектері гипертония ауруы мен и склерозды емдеуге
3.
.
Өсімдіктердің фитонцидтік қасиеттерді көкөністерді консервілеуге және азық – түлікті сақтауға, сондай –ақ тұқымдарды ауру жұқпайтындай етуге , өсімдіктер ауруына зиянкестеріне қарсы күреске қолданылады. Ұшпа фитонцидтерді мал тұратын қоралардың ауасын тазарту үшін, дезинфекциялау дәруі ретінде ветеринарияда да қолдануға болады. Фитонцидтердің емдік ролінің де маңызы аз емес, олар бақтағы ауаны жақсартады, оны биологиялық белсенді оттегімен толықтырады, өйткені, егер оттегі аз ионизацияланса, онда оттегі қажетінше болғанның өзінде оттегінің тапшылығы сезіледі. Фитонцидтердің ықпалымен ауаның бактерицидтігі де артады.
Фитонцидті өсімдіктердің құрамында эфир майлары болады.Эфир майлары–органикалық қосылыстардың құраушысы көп қоспасы; тамақ өнімдерінің хош иісін құрайды. Оның құрамында көмірсутектер, әсіресе ұшқыш терпендер, спирттер, фенолдар, альдегидтер, қышқылдар, күрделі эфирлер, сондай-ақ кейбір гетероциклді қосылыстар болады. Эфир майлары көптеген өсімдіктерде кездеседі. және олардың бәрінде де эфир майларына тән ерекше иісі болиды. Эфир майлары спирт, эфир, бензолда ериді, суда нашар, көбі іс жүзінде ерімейді. Эфир майлары өсімдіктердің 150 – 200-ге жуық түрлерінен алынады. 1500-ден астам эфир майлары зерттелген. Олардан 500-ден аса қосылыстар бөлініп алынады, жеке эфир майлары құрамында 5 – 20 түрлі қосылыстар болады. Эфир майлары өсімдіктердің жапырағы, сабағы, гүлі, тамыры, т.б. органдарында бос күйінде немесе гликозидтер түрінде болады. Олар өсімдіктерден су буымен айдау, төмен температурада қайнайтын еріткіштермен шаймалау және қысу, т.б. әдістер арқылы алынады. Эфир майлары қалыпты температурада мөлдір, оңай қозғалатын немесе тұтқыр, түссіз немесе сары, жасыл, қоңыр сұйықтық. Ауада жарық әсерінен тез тотығады, шайырланады және өзінің иісін өзгертеді. Эфир майлары негізінен парфюмерия, косметика және тамақ өнеркәсібінде, медицинада қолданылады. Кейбір эфир майлары химия өнеркәсібінде органикалық синтезде, мысалы, пинен-камфора синтездеуде, скипидар-сыр, бояу өндірістерінде, т.б.,еріткіш,ретінде,қолданылады. Көптеген тамақ өнімдері үшін олардың мөлшері пайыз бөлігімен анықталады. Тамақ өнімдерінің хош иісі маңызды сапа көрсеткіші болып табылады. Жағымды хош иіс тәбетті ашады және тағамның сіңімділігін жоғарылатады. Хош иісті заттардың жеңіл булануын кейбір тамақ өнімдерін аспаздық өндегенде және сақтағанда ескеру қажет (татымдықтар, шай, кофе). Тамақ бұзылғанда жағымсыз иістер пайда болады, ол күкіртсутек, аммиак, индол, скатол және т.б. заттардың түзілуіне негізделген.
Әрбір қайнатылған –нуклеоид- 3.1. тардың екі есе қысқаруына
алып келеді.Табиғат зиянның
да қадірін біледі.
Абу Насыр әл-Фараби ибн-Сина
Зерттеу бөлімі
Фитонцидті өсімдіктердің емдік қасиеттері
Қарағайдың емдейтін аурулары:
Aдамның жүйке жүйесінің шаршауы.
Адам жүйке жүйесі шаршаса, қарағай егілген орманға барса, дертінен құлан таза айығады.
Жиде- бас ауруы, гипотеза, жөтел, көк жөтел, простатит, тіс ауры сынды ауруларды емдейді.
Жөтелді емдеу тәсілі(халық медицинаcы)
Керекті заттар: жиде(5-6дана),бал(1-қасық),сүт(1-қасық).
Жиде, бал және сүтті араластырамыз.Дайын болған қоспаға (аздап лимон қышқылын қосса да болады)
Пияз-геморрой, бронхит, мұрын аурулары, дақтар, бел аурулары, жөтел, көк жөтел, көз аурулары, бас аурулары,құлақ аурулары,сепкіл,шаш
аурулары, тұмау, шамалдау, беттегі дақтар.
Абу Насыр әл-Фараби ибн-Сина айтады:
Пиязды ұн секілді майдалап турап,күніне үш реттен көзге жақ-са көздің ауруын бірден жояды.
Пияздың суын күніне 2-реттен мұрынға тамызса, адам мұрын ауыруынан айығады.
Сарымсақ-бавосил, бронхит, беттегі дақтар,ми аурулары, рак, сүйел, шаш аурулары, тіс аурулары, қышыма.
Ірің-жараларды кетіру жолы:
Қажетті заттар: бір қасық сарымсақ суы, төрт қасық су.
Осы заттарды қосып, ауызды шайса, ауыздағы әртүрлі жағымсыз иістерді, ірің-жараларды, микроптарды кетіреді.
Зерттеу күнделігі
27.10.2016ж. Мен бүгін фитонцидті өсімдіктер жайлы кітаптардан көптеген мәліметтер іздедім. Осы мәліметтерімді тапқан соң, өзімнің дәптеріме түртіп отырдым.
05.11.2016ж. Мен бүгін өзім зерттеп жатқан өсімдіктердің құрылысымен, сипатымен толықтай таныстым.Сонымен қатар өз бетімше де үйрендім.
11.11.2016ж. Мен бүгін фитонцидті өсімдіктерді өз көзіммен көріп, құрылысымен таныстым. Оларды кітаптан алған мәліметтермен салыстырып, дұрыстығына көзімді жеткіздім.
13.11.2016ж. Мен бүгін зерттеп жатқан өсімдіктерімнің халық медицинасындағы және қазіргі медицинадағы қандай дәрілерді қолданылытынын біліп, өз көзіммен көрдім.
18.11.2016ж. Бүгін дәрілерді көріп қана қоймай дәрілердің жолымен де таныстым.
20.11.2016ж. Бүгін мен, бұрын дәрігер болып жұмыс істеген нағашымның үйіндемін.Ол маған өз қолымен дәрілер жасап, оның жасалу жолдарын маған үйретті.
21.11.2016ж. Мен бүгін анаммен бірге халықтық медицинадағы тұмауға қарсы пияздан дәрі жасадым. Оны ауырып жатқан кәрі әжеме жақтым.
24.11.2016ж. Дәрі өз әсерін тигізуде. Әжем бірте-бірте жазылып келеді. Менің бүгін халықтық медицинаға деген сенімім арта түсті.
28.11.2016ж. Бүгін әжем толықтай ауруынан айықты. Мен осыны көргеннен кейін, басқа халықтық медицинадағы дәрілерді жасауға көштім.
1.12.2016ж.Мен өз үйімнің жанындағы фитонцидтік өсімдіктерді зерттеуге көштім.
05.12.2016ж.Мен бүгін пияз бен сарымсақтың құрамында фитонцидтердің бар екеніне толықтай көзім жетті.
09.12.2016ж.Бүгін мен мектеп ауласындағы қарағай мен өз ауламдағы жидеден кішкене кесіп алып, оны микроскоппен зерттедім.Жетекшіммен бірге зерттеудің арқасында енді олардың құрамында фитонцидтің бар екеніне толықтай сенімдімін.
12.12.2016ж.Бүгін мен басқа өсімдіктердің құрамында фитонцидті өсімдіктердің қандай айырмашылығы бар заттар бар екенін зерттеу үстіндемін.
15.12.2016ж. Бүгін мен басқа өсімдіктердің құрамында фитонцидті өсімдіктерден қандай айырмашылығы бар заттар бар екенін оқып, зерттедім.Яғни, олардың ұлпалары басқа түрлі болады екен.
19.12.2016ж.Бүгін мен жетекшіммен жобамның дұрыстығын тексердім.
22.12.2016ж. Бүгін мен жобамды қорғап шығуға қызу дайындық үстіндемін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген