400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

"Өсімдіктердің қандай түрлері болады?" тақырыбы бойынша ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат

Күні:

Сынып: 1

Мектеп:

Мұғалім:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өсімдіктердің қандай түрлері болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;

1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату;

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Өсімдіктердің негізгі бөліктерін және жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажыратады. Қоршаған әлем құбылыстарын бақылай алады.

Көптеген оқушылар: Өсімдіктердің тіршілік формаларын ажыратып, ағаштар, бұталар, шөптердің негізгі белгілерін біледі. Жабайы және мәдени өсімдіктердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, салыстыра алады. Кейбір өсімдіктердің жабайы да, мәдени де болатынын көрсете алады.

Кейбір оқушылар: Айналадағы дүниені бақылағандары бойынша өз бетінше тұжырым жасай алады, өсімдіктерден адам өміріне қажетті қандай заттар алынатындығын біледі.

Бағалау критерийлері

Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады.

Жабайы және мәдени өсімдіктерді ажырата алады, айырмашылығын анықтайды.

Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізе алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсете алады және салыстырып айта алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: ағаш, бұта, шөп, тамыр, сабақ, жапырақ, дің, гүл, жеміс, жабайы өсімдіктер, мәдени өсімдіктер

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Бұталар мен ағаштардың қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар?

  • Неге бұл өсімдік жабайы өсімдік деп ойлайсыңдар?

  • Неліктен бұл өсімдік мәдени деп ойлайсыңдар?

  • Адам өмірінде өсімдіктердің маңызы қандай?

Құндылықтарды дарыту

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау құндылықтары артады, қарым-қатынас жасау қабілеті дамиды, денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету құндылықтары артады.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, сауат ашу, математика

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта қолданылады, слайд-презентация көрсетіледі

Бастапқы білім

Өсімдіктердің тірі ағза екендігі туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут












3 минут






3 минут

Сабақта жағымды психологиялық ахуал туғызу.Интербелсенді тақтадан амандасу өлеңі қорсетіледі.

Қайырлы күн – табиғат
Жайқалып өссін – өсімдік
Жайнай берсін – орманымыз
Биік болсын – тауларымыз
Сәтті болсын – сабағымыз!

«Мозаика» әдісі арқылы сынып оқушыларын 3 топқа бөліп, отырғызу. «Ағаш», «Бұта», «Шөп».Топ ережесімен таныстырады.


(М/К) 1-тапсырма: Суреттерді өсу ретімен орналастырыңыз, топқа бөліп, салыстырыңыз.

«Демонстрациялау» әдісі арқылы жүргізіледі.

Мұғалім оқушылардан өсімдіктерді қандай ортақ белгілеріне қарап топтағанын, бұталар мен ағаштардың қандай ұқсастығы мен айырмашылығы барын сұрау арқылы сабақ тақырыбы жарияланады.


(Д) 2-тапсырма: Бөліктерден өсімдікті құрастырып, тақтамен сәйкестендір, өсімдік бөліктерін ата және жаз. «Құрастыру» әдісі арқылы жүргізіледі.

Мұғалім оқушылардан құрастырған өсімдіктің қалай аталатынын, қандай бөліктерден құралғанын сұрау арқылы сабақтың мақсаты айқындалады.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.

Жасыл – барлығы дұрыс

Сары – 1-2 қате

Қызыл – 3 қате

Интербелсенді тақта







Суреттер

ағаш, бұта, шөп




Өсімдіктердің суреттері






Гүл бөліктерінің суреттері, интербелсенді тақта




Сабақтың ортасы

5 минут













3 минут



3 минут








8 минут

(Ж)3-тапсырма: Суреттегі өсімдіктердің өзара жұбын тауып, сәйкестендіріңіз, адам баптап өсіретіндерін қызыл қарындашпен қоршап сызыңыз. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы жүргізіледі.

Мұғалім осы жұптарға қарап, өсімдіктерді тағы қандай топтарға бөлуге болатындығы туралы ой бөлісуді ұсынады. Қызылмен қоршалған өсімдіктердің мәдени өсімдіктер, қалған өсімдіктердің жабайы өсімдіктер екендігі жайлы қорытынды жасауларына бағыттайды.

«Кітап» әдісі арқылы бағаланады.

Жасыл - мен өз жетістіктеріме ризамын.

Сары - маған әлі де өз білімімді жетілдіру керек.

Қызыл - мен қиналамын.


Өсімдік топтары мен түрлері туралы презентация көрсетіледі.


Сергіту сәті:

Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет!

-  Ағаш, көлеңкең үшін рахмет!

-   Жер, саған жомарттығың үшін рахмет!

-  Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!

-   Таза ауа, саған рахмет!

-  Табиғат, сұлулығың үшін рахмет!

-  Құстар, тамылжыта салған әндерің үшін рахмет!

(Т) 4-тапсырма: Өсімдіктерді диаграммаға орналастырыңыз. «Венн диаграммасы» әдісі арқылы жүргізіледі.

Мұғалім жағдаятты оқу арқылы проблеманың шешімін табуға бағыттайды.

Айдос алма ағашы мәдени өсімдік деді, ал Жанар алма ағашы жабайы өсімдік деп онымен келіспеді. Жібек алма ағашы әрі мәдени, әрі жабайы өсімдік деген пікір айтты. Сеніңше кімнің пікірі дұрыс?

Оқушылардың өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы туралы қорытынды жасауларына ықпал ету мақсатында осы өсімдіктерден не алуға болатындығы сұралады.

«Дәптер» әдісі арқылы бағаланады.

Жасыл - мен өз жетістіктеріме ризамын.

Сары - маған әлі де өз білімімді жетілдіру керек.

Қызыл - мен қиналамын.






Слайд-презентация











Өсімдіктердің суреттері










Сабақтың соңы

5 минут








3 минут

(Ө) 5-тапсырма: Сызбаға сыныптағы тағы қандай заттарды орналастыруға болатындығын анықтап, бос ұяшыққа суретін сал. Қорытынды жаса.

(ҚБ) «Қылқалам» әдісі арқылы бағаланады.

Жасыл - мен өз жетістіктеріме ризамын.

Сары - маған әлі де өз білімімді жетілдіру керек.

Қызыл - мен қиналамын.


Кері байланыс:

«Қоңырауды кітапқа орналастыр»

арқылы жүргізіледі.

-Бүгінгі сабақта не үйрендік?

-Не қызықты болды?

-Не қиын болды?


Рисунок 1

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау:

Жұптық жұмыс кезінде

Барлық оқушылар: өсімдік жұптарын сәйкестендіре алады.

Көптеген оқушылар:

өсімдіктерді топтарына қарай ажырата алады.

Кейбір оқушылар:

мәдени және жабайы өсімдіктер жайлы қорытынды жасай алады.

Топтық жұмыс кезінде

Барлық оқушылар: мәдени және жабайы өсімдіктерді ажырата алады.

Көптеген оқушылар: кейбір өсімдіктер әрі мәдени, әрі жабайы болатындығын біледі.

Кейбір оқушылар: өсімдіктерден қажетті қандай заттар алынатындығын, адам өміріндегі маңызын көрсете алады.

Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» ,«Қарындаш», «Кітап», «Дәптер», «Қылқалам» әдістерімен оқу құралдарын түстері бойынша таңдау арқылы бағаланады.

Кері байланыс:«Қоңырауды кітапқа орналастыр»

Окушылар тақтаға ілінген жасыл,сары,қызыл кітаптарға боялған қоңырауларын жабыстырады .

Жасыл түс- тапсырманы түсіндім, өзім орындай аламын

Сары түс- өзіме сенімді емеспін

Қызыл түс-еш нәрсе түсінбедім,орындай алмадым

Сергіту сәті, жұптық, топтық жұмыс кезінде оқушылардың денсаулық, қауіпсіздік сақтау ережелерін орындауы ескертіледі. Сергіту сәті «Табиғат»



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
350
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі