15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өсімдіктердің тіршілігіне не қажет
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пәні:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім. Мен – зерттеушімін Күні:12.04.2017 Сынып: 1 «Ә» |
Мектеп:А.Н.Бубенцов атындағы орта мектеп Мұғалім: Абилова Марал Тохтаргожаевна Қатысқандар саны: 25 Қатыспағандар саны:0 |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
4-сабақ . Өсімдіктердің тіршілігіне не қажет? |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу; 1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру |
|||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттейді; Көптеген оқушылар: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіреді. Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. |
|||
|
Бағалау критерийлері |
Өсімдіктің өсуі үшін қандай жағдай керек екендігін білетін болады |
|||
|
Тілдік мақсаттар |
Талқылауға арналған сұрақтар: Өсімдіктің тірі ағза екенін қалай анықтайсыздар? Бұталар мен ағаштың қандай ұқсастығы/айырмашылығы бар? Сіздің ойыңызша, бұл өсімдіктер жабайы ма, әлде мәдени ме? Жергілікті 10 өсімдікті атаңыз. Өсімдікке не қажет? Олар оны қайдан алады? Сіздер неге … деп ойлайсыңдар? …бұл өсімдік жабайы/мәдени …өсімдіктердің тамыры/сабағы/гүлі бар …өсімдіктер біз үшін маңызды. |
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Табиғатты қорғауға,қамқорлық жасауға тәрбиелеу. |
|||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану,математика |
|||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Ғаламтор желісінен алынған материалдар. |
|||
|
Тілдік құзіреттілік |
Жағдай-ситуация-situation |
|||
|
Бастапқы білім |
Өсімдік бөліктері -Өсімдік бөліктерін ата. -Өсімдік бөліктерінің қызметі қандай? -Тұқымдар қалай өнеді? -Егер өсімдіктің сабағы мен тамыры болмаса не болар еді? |
|||
|
Сабақ барысы |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3 минут |
1.Оқушылармен сәлемдесу 2.Психологиялық ахуал туғызу.
|
Шаттық шеңбері |
||
|
Сабақтың ортасы 20 минут |
Суреттерді салыстыр.(Ж.Ж)
- Қандай айырмашылықтарын байқадыңдар? Дескриптор -Өсімдіктердің айырмашылықтарын анықтай алады; -Судың өсімдіктер үшін маңызды екенін біледі; Алаңқай.(ҰЖ) - Қандай жерлерде шөп аз өседі? -Ал қандай жерде шөп өте жақсы өседі? -Неге бұлай болады?
-Алаңқайдағы және шырша астындағы өсімдіктерді салыстыр. -Қандай айырмашылықты байқап тұрсың? -Шыршаның астында өсетін өсімдіктерге не жетіспейді? Дескриптор -шөп аз өсетін жерлерді айта алады; -шөп көп өсетін жерлерді анықтай алады; -көлеңкеде өсетін өсімдіктерге не жетіспейтінін анықтайды; Шөл.(ҰЖ)
-Неге өсімдіктердің барлығы шөлді жерде тіршілік ете алмайды? -Шөлді жерде тіршілік ететін өсімдіктердің тамырының ұзындығы қандай? Неге? Дескриптор -шөлді жерде өсетін өсімдіктерді біледі; -шөлді жерде тіршілік ететін өсімдіктердің тамырының ұзын болатынын біледі;
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс Суреттер Шыршаның суреті
Шөлде өсетін өсімдіктердің суреттері
|
||
|
Сергіту сәті 1 минут |
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
||
|
Қызықты тапсырма 16 минут |
Зерттейік.(ТЖ)
Дескриптор -зерттеу жүргізе алады: -тұқымның өнуіне ылғал қажет екенін біледі; -Оқушылар өсімдіктердің өсуіне қажет жағдай ларды біледі. Өсімдікке қажетті жағдайлар.
Жауабы: Су,ауа, жарық, жылу, топырақ. |
бұршақ,топырақ, су,қорап, пластикалық стақандар
гүл күлтелері |
||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Рефлексия Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай?
|
смайликтер |
||
|
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
||
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) |
Дүниетану,математи-ка сабағы Табиғатты қорғауға,қамқорлық жасауға тәрбиелеу. |
||
|
Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген