400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өсімдіктердің топтары, мүшелері және атқаратын қызметі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өсімдіктердің жер бетінде таралуы, негізгі топтары, бәріне ортақ негізгі белгілері туралы, өсімдіктердің негізгі мүшелері және олардың атқаратын қызметі, тіршілігіне қажетті жағдайлары туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 1

Пәні: Дүниетану

Күні:


Сабақтың тақырыбы

Өсімдіктердің топтары, мүшелері және атқаратын қызметі.

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, оқулық: К.Жүнісқызы, Қ.Аймағанбетова, Н.Нұрахметов, Н.Жапанбаева. Дүниетану 1 сынып.

Мақсаты








Білімділігі: Өсімдіктердің жер бетінде таралуы, негізгі топтары, бәріне ортақ негізгі белгілері туралы, өсімдіктердің негізгі мүшелері және олардың атқаратын қызметі, тіршілігіне қажетті жағдайлары туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Сыйластықта, ынтымақтастықта болуды үйрету, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Көрнекілігі: Оқулық, суреттер, слайдтар, постер, ресустар, интербелсенді тақта.

Пәнаралық байланыс: Математика.

Күтілетін нәтиже

Өсімдік топтары, мүшелері және олардың атқаратын қызметі туралы түсінік алады, өсімдіктің тіршілігіне қажетті жағдайларды біледі.

7 модульдің қолданылуы

“Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, Оқытуда АКТ-ны пайдалану, Оқытуды басқару және көшбасшы.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Ағаштар, бұталар, шөптер» арқылы 3 топқа бөлу, «Қалам стол ортасында», «Ой қозғау», «Семантикалық карта», «Алтын балық», «Артығын тап», сұрақ-жауап, түсіндіру.

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті.

Психологиялық сәт

1 мин

Біз әдепті баламыз ,

Оқып білім аламыз.

Дүниетану пәнінен,

Табиғатты зертеп аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

2 мин

«Ағаштар, бұталар, шөптер» арқылы топтарға бөледі.

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Алтын ережені еске түсіреді.

Білу

«Қалам стол ортасында»

6 мин

Үй тапсырмасын сұрау.

1 топ Ауылдағы жазғы еңбек түрлерін ата.

2 топ Қаладағы жазғы еңбек түрлерін ата.

3 топ Суретке қарап балалар, қандай жемістер мен жидектер теріп жатқанын әңгімеле.

Үй тапсырмасына оқушылар жауап береді.






«Ой қозғау»

6 мин

Берілген сандарды тура санау ретімен қойсаңдар, біздің сабағымызға байланысты сөз шығады.

Shape1

Суреттегі фигураларды реттей отырып, тақырыпты ашады.

Түсіну

5мин



Мұғалімнің түсіндірмесі.

Біздер бүгін , сабағымызда өсімдіктердің топтарымен танысамыз. Өсімдіктердің мүшелері және олардың атқаратын қызметі жайында білетін боламыз.
Өсімдіктер – тірі табиғаттың бір бөлігі. Біздің жеріміз өсімдікке өте бай.
Өсімдіктер орманда да, далада да, тауда да, суда да өседі. 
Өсімдіктердің түрлеріне: ағаштар, бұталар, шөптер жатады. 
Ағаштарға : емен, қайың, қарағаш, тал, жеміс ағаштары.
Бұталарға: шырғанақ, жыңғыл, бөртегүл, итмұрын.
Шөптерге: бақбақ, өгейшөп, қазжуа, жоңышқа т.б. жатады.

Кез келген өсімдіктертің мүшелері тамыр, сабақ, жапырақ, гүлі, жемісі болады.

Олар белгілі бір қызмет атқарады. Өсімдік тамырдың, сабақтың және жапырақтың көмегімен көректеніп, тыныс алады. Енді біз бүгін емен ағашының мүшелерімен танысайық.

Ағаш тамыры арқылы бекиді. Тамыр өсімдікке қорек береді. Сабақтарында бүршіктері орналасады. Бүршіктен жапырақ пен гүл пайда болады.

Сабақ өсімдіктің барлық мүшелерін байланыстырып көрек таратады. Жапырақ қорек жасайды. Гүлден жеміс жасайды.

Бұталар аласа келеді. Олардың діңі болмайды. Сабақтары жіңішке болады. Бір түптен қаулап өседі.

Шөптекті өсімдіктердің бойы аласа, сабақтар өте жіңішке, майысқақ, жұмсақ болады. Шөптің сабағы біреу, екеу, кейде бірнешеу болады.

Мәтінді тыңдайды.

Қолдану

«Кластер»

10 мин


Оқулықпен жұмыс

Топтарға ресустар таратады.

1 топ. Ағаштар

2 топ. Бұталар

3 топ. Шөптер

Ресустарды оқиды, постерге түсіріп қорғайды.

Бағалау

3 топтың жауаптарын басбармақ арқылы бағалаймыз.

Басбармақпен бағалау.

Сергіту сәті

1 мин

Музыкалық әуен арқылы сергіту сәтіне жаттықтыру.

«Шырша биі»

Ой сергітеді, қимыл арқылы көрсетеді.

Талдау

3мин

«Семантикалық карта»

Атау

лары

Ағаш

тар

Бұта

лар

Шөп

тер

Емен




Қазжуа




Итмұрын




Өгейшөп




Қайың




Қарақат





Кестені толтырады.

«Артығын тап» ойыны

3 мин

Суреттерді топтарға таратады.

Суреттен артық затты табады.

Дәптермен жұмыс



Жинақтау

4 мин


«Алтын балық»

Сұрақтар қойылады.

  1. Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді?

  2. Өсімдіктер қандай жерлерде өседі?

  3. Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?

  4. Өсімдік мүшелерін ата.

  5. Гүлден не пайда болады?

  6. Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау

1мин

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді бағдаршам түстерімен бағалайық.

Жасыл түс – өте жақсы түсіндім.

Сары түс – жақсы түсіндім.

Қызыл түс – орташа түсіндім.

Бағдаршам түстерімен өзін-өзі бағалайды.

Критериялдық бағалау

2 мин

Мұғалімнің қорытынды бағасы


Үйге тапсырма

1 мин

34-37 бет оқу, түсінігін айту.

1 топ Ағаштың сурет салу.

2 топ. Бұтаның суретін салу

3 топ. Шөптің суретін салу

Күнделіктеріне жазып алады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
605
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі