15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өсімдіктердің ұлпаларының түрлері
Қысқа мерзімді жоспар. Пәні: Биология
|
Сабақ: № 9. Өсімдік ұлпаларының түрлері:өткізгіш, бөліп шығарушы, механикалық ұлпалар |
Мектеп: «Ғ Мұратбаев» жалпы орта мектебі |
|||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің есімі: Б Уалихан |
|||||||
|
Сынып:6 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
Өсімдік ұлпалары туралы баяндау. Ұлпалардың атқаратын қызметтері туралы оқушыларды таныстыру. |
|||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: өсімдік ұлпалары туралы біледі, түрлерін ажырата алады |
|||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі:ұлпа түрлерінің ерекшеліктерін сипаттай алады |
||||||||
|
Кейбір оқушылар: Жаңа ақпаратты білу үшін сұрақтарды дұрыс қоя біледі Зерттеу іс –әрекеті барысында талқылай алады |
||||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар: Өсімдік жасушасашысының тіршілік әрекеттерін сипаттай алады |
|||||||
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:ұлпа, меристема, түзуші, жабын, өң, тоз, қыртыс, механикалық, тірек |
||||||||
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
||||||||
|
Неліктен өткізгіш ұлпа деп аталады және қандай қызмет атқарады? Бөлінген керексіз заттар өсімдіктен сыртқа қалай шығарылады? Өткізгіш ұлпа жасушаларының қандай ерекшеліктері бар? Бөліп шығарушы ұлпа дегенді қалай түсінесіңдер? |
||||||||
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:Тірі және өлі табиғат, тірі табиғат дүниелері. Қазақстан жерінде таралған өсімдіктерді атап өту |
||||||||
|
Алдынғы тақырып |
Бастауыш сыныпта және жаратылыстану сабақтарында алған білімдері |
|||||||
|
Жоспар |
||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар |
||||||
|
Басталуы |
Сабақ амандасып, сынып оқушыларын түгелдеуден басталады. Сергіту сәті ретінде сыныпқа «Ормандағы жануарлар» биінің ұимылдарын қайталау ұсынылады.Биологиялық диктант 1. Өсімдікке жасыл түс беріп фотосинтез процесіне қатысатын жасыл пигмент - ... бар. 2. Цитоплазма ішіндегі шырынға толы, сыртында қабықшасы бар қуысты ... дейді. 3. Жасуша ..., ..., ... . 4. Қабықшасы қалың, қатты, ыстық суда, қышқыл мен сілтіде ерімейтін ... тұрады. 5. Цитоплазманың ішінде ерекше оқшауланып тұратын тығыз дене – ... . 6. ... жапырақтан сабақ бойымен қозғалып келген органикалық заттардың тамыр, түйнек, тамырсабақтарда қорға жиналуына қатысады. 7. ... жасуша ішінде болатын жұмыртқа ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы, қоймалжың тірі зат. 8. Хромопласт пластидтер дамуының ... . 9. ... ... жасушалары мен өсімдіктің шырынды мүшелерінде жасуша шырыны өте көп. 10. Пластидтер гүл күлтелеріне, піскен жемістерге, жемтамырларға ..., ... түс береді. Жауаптар: 1)Целлюлоза; 2)Цитоплазма; 3)Ядро; 4)Хлорофилл; 5)Лейкопластар; 6)Вакуоль; 7)Піскен жемістердің; 8)Тыныс алады, қоректенеді, өседі; 9)Қызыл, сары; 10)Ақырғы кезеңі. |
|||||||
|
Ортасы |
Тірек ұлпасы жасушаларының қабығы қалың, қатты, өсімдіктің сабақтарында, жапырақтарында, жемістерінде болады (2-сурет).
. Сабаққа, жапырақ сағағына, жүйкелеріне беріктік қасиет беріп, тірек қызметін атқарады. Нәзік сабақтар қатты дауыл соқса да сынбайды. Тақтасы үлкен жапырақтардың қатты желге жыртылмай, керіліп, сабақтан үзіліп кетпеуі тірек ұлпасына байланысты. Алмұрт, шетен, беже (айва) жемістерінің жұмсақ етіндегі қатты қиыршық жасушалар – тірек ұлпа. Жаңғақ, шие, өрік, алхоры, шабдалы жемістеріндегі қатты сүйегі тірек ұлпасына жатады. Су өсімдігін судан шығарып алса тез солып қалады, себебі тірек ұлпасы жетілмеген. Жаңа өсіп келе жатқан жас мүшелерде тірек ұлпасы бірден жетілмейді. Жас, тірі жасушалардың сыртындағы қабықшасы тығыз, әр түрлі кедергілерге төтеп бере алады. Мүшелердің дамуына байланысты тірек ұлпалары да жетіледі. Әлі піспеген көк өрік, шие және т. б. сүйекті жемістерді жарып көрген боларсыңдар. Олардың ішіндегі тұқымының сыртындағы сүйегі өте жұмсақ, ақ түсті. Өрік пісуге таяғанда сүйегі қатайып, қоңыр түске айналады. Тұқымды зақымданудан қорғау үшін алғашында тірек ұлпаларындағы жасушалар тірі болады. Кейін әбден қалыптасқанда, қабығы қалыңдап, цитоплазмасы кеуіп, өлі жасушаға айналады. Атқаратын қызметіне байланысты бұл жасушалардың қабықшалары сүректеніп, өсімдікке тірек болады да, тін талшығына айналады. Мұндай тін талшықтары әр түрлі ұзындықта кездеседі. Зығырдың тін талшығының ұзындығы 4-60 мм, қарасорада (конопля) 8-40 мм, қалақайдікі 5-55 мм-ге дейін жетеді. Бұлар өте мықты болғандықтан себет, бас киім, т. б. тоқу үшін пайдаланылады. Жануарлар денесінде сүйектерден түзілген қаңқасы тірек болса, өсімдіктерде тірек ұлпасы «қаңқасы» болып саналады. Өсімдік мүшелеріндегі тірек ұлпаларының орналасуында белгілі заңдылық бар. Осы заңдылықты зерттеп, құрылыста пайдаланады. Зәулім үйлерді, биік мұнараларды, шағын бағаналарды, көпірлерді, аспалы жолдарды тірек ұлпа орналасуы тәртібін қайталап отырып, жасайды. Мұндай құрылыстар бірнеше жүздеген жыл өтсе де бұзылмай, сақталып тұра береді.
Заттарды ішке бөліп шығарушы ұлпалар – шайыр жолы, эфир майы өзегі, сүт жолдары. Сүт жолы өсімдіктің барлық мүшесінде орналасқан. Сүтті шырын – ақ және сары түсті қоймалжың сұйықтық. Оның құрамында көмірсулар, майлар, нәруыздар бар. |
2сурет. Өсімдік ұлпалары. 1, 2. Жаңғақ сүйегіндегі тірек ұлпалар. 3. Жапырақ түктеріндегі бөліп шығарушы ұлпалар |
||||||
|
Аяқталуы |
Қорытынды: «Соңғы
аялдама» - не білдім, нені үйрендім - не түсініксіз болды - нені жетілдіру керек |
|
||||||
|
Қосымша ақпарат |
|
|||||||
|
Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау –оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||||
|
Барлық оқушылар: өсімдік ұлпалары туралы біледі, түрлерін ажырата алады Оқушылардың басым бөлігі:ұлпа түрлерінің ерекшеліктерін сипаттай алады Кейбір оқушылар: Жаңа ақпаратты білу үшін сұрақтарды дұрыс қоя біледі Зерттеу іс –әрекеті барысында талқылай алады |
1. Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау, топтық бағалау Ауызша кері байланыс
|
Сабақ барсында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, бірлесіп тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады.Информатика, бейнелеу өнері. |
||||||
|
Рефлексия сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгінгі оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгеріді ме? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1 2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
||||||||

-5
-4
-3

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген