жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?
|
Сабақ : Жаратылыстану Тақырыбы: Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек? |
Мектеп: Жаңаөзен мектеп - гимназиясы |
|||
|
Күні: 16.06.2017 жыл |
|
|||
|
Сынып: 1 |
|
|||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
1.2.1.4. бөлме және мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау 1.2.1.5. Қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар білу керек: Өсімдікті қалай күту керектігін біледі; Көпшілігі: Өсімдікті күтуге қажетті заттарды анықтайды; Кейбір оқушылар: Өсімдікті күту жолдарын айтады.Кейбір оқушылар өсімдік топтарын ажырата алады |
|||
|
Бағалау критерийі |
Дискриптор: • Мәдени өсімдіктерге күтім жасауға қажетті құралдарды анықтайды. • Мәдени өсімдіктерге күтім жасау тәсілдері туралы әңгімелейді. |
|||
|
Тілдік мақсаттар
|
Тірек сөздер: жағдай, күтім, арамшөп, тыңайтқыш. |
|||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: |
||||
|
А Қысқа мерзімді жоспар |
Өсімдіктердің тіршілігіне не қажет? |
|||
|
Жоспар |
||||
|
Жоспарланған уақыт есебі: 35 минут |
Жоспарланған жаттығу түрлері: |
Ресурстар: |
||
|
Басы 8 мин
|
І.Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! ІІІ. Қызығушылықтарын арттыру: Адамдардың бәрі қызығады, Су құймасаң, сәні бұзылады. ( Гүл ) -Дұрыс. Жарайсыздар,ендеше біз бөлме өсімдіктерімен танысамыз. «Бағбанның қимылы» ойыны арқылы біз үш топқа бөлінеміз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. |
Шаттық шеңбер түрлі суреттер бөлме өсімдіктері |
||
|
Сабақ ортасы 20 мин
|
Жаңа сабақ: Ертегі тыңдау. Адамдар гүлдерді жақсы көреді. Олардың сұлулығы көңілді көтерді. Гүлдер ауаны тазартады. Бірақ қыста олар өспейді, сосын адамдардың көңілі түсіп қалатын болды. Сондықтан олар гүлдерді үйде отырғызып, оны күтетін болды. Сөйтіп бөлме өсімдіктері пайда болды. Ашық сұрақ - Біз қандай бөлме өсімдіктерін білеміз? - Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар? - Гүлдердің сыртқы келбетттері қандай? - Сіздер ол өсімдіктерді дұрыс өсуі үшін қалай күтесіздер? Топтық жұмыс: Әр топқа өсімдікті күту жолдары көрсетілген түрлі суреттер беріледі. Суреттерді терминдер мен тірек сөздерді қолданып, суреттер арқылы гүлдің күту жолдарын ретімен орналастарды, сипаттайды.
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар Алдымнан жел еседі Кіп-кішкентай ағаштар Үп-үлкен болып өседі. Зерттеу жұмысы: Жұмысты жұппен жасайды. Әр жұпқа шүберек, су сепкіш, су бүркегіш, таяқша беріледі. Гүлді күту ережелерін сынып оқушыларымен талқылау.
Болжау: Егер гүлді дұрыс суарып, топырағын қопсытса не болады? Төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алып, гүлге күтім жасайды. Болжамдарыңыз дәл келді ме? Дәл келу үшін не істеу керек? Дәптермен жұмыс: Құрал-саймандардың атын дұрыс жазу.
|
Тыңдалым дағдысы суреттер Дескриптор: 1.Бөлме гүл суреттері өсімдіктеріне күтім жасауға қажетті құралдарды атай алады. 2Бөлме өсімдіктеріне күтім жасаудың тәсілдерін сипаттай алады.
Қимыл-қозғалыс арқылы көрсету Жұптық жұмыс Дескриптор: -Өсімдіктің ерекшелігін ескеріп, оны суару. -Топырақты таяқшамен қопсыту. -Жапырақтың шаңын сүртіп, су бүркегішпен себу. суреттер Ашық сұрақтар қою Өзіндік жұмыс Жазылым дағдысы құрал-саймандар Дескриптор: Білім алушы 1.Құрал-саймандардың атын жаза алады. 2. Әріптердің орнын дұрыс қоя алады. |
||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.
Б |
Микрафон
|
||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ мақсаттары және оқу мақсаттары дұрыс қойылған. Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды. Сабақ уақытында аяқталды. Сабақ жоспарында ауытқулар болған жоқ.
Сабақ бойынша рефлексия Сабақты түрлендіріп, уақытты тиімді пайдалана отырып мақсатыма жетемін деп ойлаймын. Оқушылар диалогке қатысып,топтасып жұмыс жасай алады. Қойылған сұрақтың жауабын тауып, ой қорытып,кері байланыс жасай біледі.Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Айтылым,оқылым,жазылым,тыңдалым дағдыларын негізге ала отырып , сабақ барысындағы «Артығын тап», «Сиқырлы себет», « Шығармашылық тапсырма», «Ойлан, топтас», «Бас бармақ» әдістерін пайдалану арқылы оқушылардың білімдерін қадағалаймын. Сабақ мақсатына байланысты құрастырылған дискрипторлар орындалады. Келесі сабақтарымда «Спиральді оқыту» әдісін басшылыққа алып және сабақ тақырыбын ашатындай, балаларды жалықтырмайтындай тиімді әдіс-тәсілдемелерді қолданып сабағымды дамытып отырамын. |
|||


ұл сабақта
оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді
деп ойлаймын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген