400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Өсімдіктің мүшелері қандай қызмет атқарады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

Мен зерттеушімін

Педагогтің аты-жөні

Каиркулова Г.У.

Күні

05/10-2022ж

Сыныбы

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Өсімдіктің мүшелері қандай қызмет атқарады?

Оқу бағдарламасына сəйкес оқыту мақсаттары

2.2.1.3 өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау;

        1. өз өлкесінің өсімдік топтарын сипаттау;

        2. топырақты күтудің маңызын түсіндіру.

Сабақтың мақсаттары

Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау. Топырақты күтудің маңызын түсіндіру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің іс-əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

І. Сабақтың басы (10-12 мин)

Оқушылармен сəлемдесу. Қатыспағандарды белгілеу. Сабаққа дайындықты тексеру. Жағымды көңіл күй орнату.

Тақпағымды жаттаймын, Сабағымды баптаймын. Біздікіндей мектепті Ешбір жерден таппаймын.

Сабаққа дайын екендігі туралы хабарлайды. Өзіндік дайындығын анықтайды. Мұғалімді тыңдауға, сабақтың материалын қабылдауға дайынмын» деген деген оймен сабаққа көңілдерін аударады.

Əрбір оқушының сабақ алдындағы көңіл күйін бағалайды.


«Ыстық картоп» әдәсі арқылы үй тапсырмасын тексеру

  1. Тіршілік ортасы дегеніміз не?

  2. Өсімдіктің өсуіне қажетті жағдайларды ата.

  3. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерге мысал келтір.

Топтарда өздері салаған ылғалсүйгіш жəне құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің суреттерін көрсетуді ұсынады.

Балалар сыныпта кезекпен жауап береді. Басқа оқушылар негізгі белгілер бойынша осы өсімдіктің қандай түрге жататыны туралы əңгімелейді.

ҚБ: «Жұлдыз сыйла».

Әрбір баланың жауабын бағалау

Мұғалім сұрақтар қояды.

  1. Ботаника ғылымы нені зерттейді?

  2. Өсімдік дегеніміз не?

  3. Бізге белгілі өсімдіктердің топтарын атаңдар.

Оқушы жауаптары:

  1. Ботаника ғылымы өсімдіктердің тіршілігін, олардың құрылымын, тіршілік ету жағдайын, шығу мекенін зерттейді.

  2. Өсімдік – тірі табиғат денесі. Жерде түрі, биіктігі мен жасы бойынша алуан түрлі өсімдіктер кездеседі.

  3. Өсімдіктер 3 түрге бөлінеді: ағаштар, бұталар жəне шөптесін

өсімдіктер.

Оқушылардың бастамасын дұрыс бағытта қолдайды.


Оқулық


1.Біреуін бердім, онын тердім (Тұқым)
2.Жасыл болып өнеді, сары болып үзіліп түседі. (Жапырақ)

Балалар бүгінгі сабақтың соңында қол жеткізілуі тиіс мақсатты

белгілейді


Мұғалімнің ауызша

пікір білдіруі.

Оқулық

3. Күн нұрымен піседі, уылжып қолға түседі. (Жеміс)

4.Мүшелердің жалғап арасын,

Қоректік заттар тасиды,

Қорға жинап болғасын

Бәріне тұрып бас иеді. (Сабағы)

Сабақ тақырыбын нақтылайды, сабақ мақсаттарын жəне оларға қол жеткізу жолдарын белгілеу бойынша оқушылардың жұмысын ұйымдастыру.

(Оған рефлексия сатысында оралады).

Оқушылардың жауабы:

Өсімдіктердің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттауды, топырақты күтудің қаншалықты

маңызды екенін түсіндіруді үйренеміз.


Оқулық

ІІ. Сабақтың ортасы (25–23 мин)

  • Өсімдіктердің неліктен тірі ағзалар екенін еске түсіріңдер.






Педагогтің түсіндірмесі.

Өсімдік – теңіз бен құрлықта бірінші пайда болған ең ежелгі ағза. Өсімдіктер оттегін, яғни ауаны бөліп шығарып, сондай-ақ топырақты құнарландырып, ғаламшарымыздың қазіргі келбетін қалыптастырды. Құрлықтағы алғашқы өсімдіктер шамамен 400 миллион жыл бұрын пайда болған. Олар тамырсыз болған жəне су қоймаларының маңында өскен. Осы алғашқы өсімдіктер қазіргі қырыққұлақтарға ұқсас болған. Олардың ұзындығы – бар-жоғы 5-6 см.

Кластерге жетіспейтін деректерді қосады.

ҚБ: жемістер



Кластер


Оқулықтағы 1 тапсырмаға назар аудартады.

  1. Жұмысты дұрыс орындады ма? Қателіктерді түзетуге көмектесіңдер.

Қуаныш гүл мен жапырақты жəне сабақ пен тамырды

шатастырғанын айтып, суреттен өсімдіктің мүшелерін көрсетеді

жəне олардың атын атын атайды.

ҚБ бағалау.







Оқулық



Суреттермен жұмыс.

«Топтастыру» стратегиясы Балаларды өсімдіктердің суреттерімен топтарға бөлу.

1-топ Тамырлар 3-топ Гүл

2-топ Сабақ 4-топ Жапырақ

Тапсырманы орындайды. Сұрақтарға жауап береді, өз пікірі мен болжамдарын айтады.


Оқулық

Бақ, орман, дала өсімдіктері бейнеленген


1.Өсімдіктерді үш топқа топтастыру.

2.Өсімдіктерді даму ретімен орналастыру.

3.Өсімдіктің мүшелерін дұрыс орналастыру.

3.Кактустың мүшелерін табу.

Өлшемдер бойынша бағалайды: Өсімдіктерді 3 топқа дұрыс бөледі – 1 ұпай.

Өз таңдауын түсіндіреді 2 ұпай. Əрбір топқа өз мысалдарын қосады– 2 ұпай.

Тақырып бойынша өз білімін нақтылайды жəне кеңейтеді .

- Өсімдіктердің сыртқы келбеті басқа болғанымен, олардың ұқсастығы да көп. Өсімдіктердің ортақ мүшелері бар: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым.

ҚБ бағалау.


немесе атаулары жазылған карточкалар

Мəтінді оқып, өз қорытындысын оқулықтағы ақпаратпен салыстыруды ұсынады.

Өз ойлары мен қорытындыларын

мəтіндегі ақпаратпен салыстырып, қорытынды шығарады.

Əрқайсысының

жұмысын бақылайды.


Оқулық


3-тапсырма. ЖЖ "Ойлан жұптас" әдісі «Өсімдік мүшелерінің негізгі қызметі» кестесін зерделеу.

Кестені зерделеп, сөйлемдерді толықтыруды сұрайды. Оқулықтағы өсімдіктің суретін көрсетіп, сонан соң интербелсенді тақтадан ағаштың суретін көрсетеді де, ағаштың сабағы қалай аталатынын оқушылардың өздерінен сұрайды.

Сөйлемдерді толықтыр.

  1. Ағаштың сабағы .

  2. Ағашқа тамыр үшін керек.

  3. Қоректік заттар өсімдіктің басқа мүше- леріне … арқылы жетеді.

Қосымша сұрақтар қояды.

  1. Жерүсті жəне жерасты мүшелерін атаңдар.

  2. Тамыр əрқашан тек төмен қарай өсе ме?

  3. Өсімдікке жапырақтар не үшін қажет?

Кестені зерделеп, сөйлемдерді толықтырады.

  1. Ағаштың сабағы дің.

  2. Ағашқа тамыр су мен басқа қоректік заттарды сіңіру үшін керек.

  3. Қоректік заттар өсімдіктің басқа мүшелеріне сабақ арқылы жетеді.

Сұрақтарға жауап береді.

1. Өсімдіктің жерүсті мүшелері: сабақ, жапырақ гүл жəне жемісі. Өсімдіктің жерасты мүшелері: тамыр жəне жемісі (кейбір өсімдіктердің жемістері олардың жерасты бөлігінде болады).

Топтардың жұмысты дұрыс орындауын бағалайды.


Сергіту сәті

Біз жапырақтармыз,

Бұтақта өсеміз.

Жел соқса ұшамыз.

Қалқып, жерге қонамыз.

Жел соқса қайта ұшамыз.

Айналамыз, қалықтаймыз,

Қайта жерге қонамыз.

Мұғалімнің атынан қимылдарды қайталайды.


Музыкалық сүйемелдеу.


Проблемалық жағдай

4 тапсырмадан Қуаныш пен

Айсұлудың диалогін оқуды сұрайды.

1. Олардың пікірімен келісесіңдер ме? Неліктен?

Диалогты оқып, топтарды жауаптардың нұсқаларын

талқылайды.

Материалды қалайтүсінгендерін

бағалау үшін сұрақтар қояды.

Оқулық


«Өсімдік мүшелерінің дауы» ертегісін мұғалім оқу.

Бірде өсімдік мүшелері кім ең басты екендігі туралы дауласып қалыпты.

Тамыр:

Мұнда мен ең бастымын! Мен өсімдікті топыраққа бекітемін, оны сумен суғарамын жəне минералды тұздармен қоректендіремін. Мен тұқымнан бірінші болып шығамын!

Жалпы айтқанда, құрметті өсімдік мүшелері, араларыңда мен ең бастымын!

Сабақ:

  • Ал жапырақтарды кім ұстап тұрады? Гүлдер ме, əлде жемістер ме? Өсімдіктің тамырынан басқа мүшелерге дейін жəне жапырақтардан кері қарай тамырға құнарлы заттарды жеткізетін не? Мұның бəрін мен – сабақ атқарамын. Демек, мен бастымын!

Жапырақтар:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
33 ұстаз жүктеп алған
06.11.2023
989
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі