жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өсімдіктің тыныс алуы
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің тыныс алуы. |
Мұғалімнің аты-жөні: Өмірбек М.Б. Күні: 13.12.2018ж |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 7
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
7.1.4.3 - өсімдіктердегі тыныс алуды зерттеу |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Тақырыптың маңызын түсіндіреді.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік құзіреттілік |
Өсімдіктердің тыныс алуы. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тынысалу - энергия көзі. Тыныс алу типтері: анаэробты және аэробты. Анаэробты және аэробты тынысалуды салыстыру: оттегінің қатысында/қатысынсыз, статикалық/динамикалық жұмыс, жылықанды\суыққанды жануарлар. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспары |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басталуы 5 минут
Үй тапсырма-сын сұрау: 5 мин |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Әртүрлі гүлдер бойынша топқа бөліну. Оқушыларға түрлі түсті гүлдер ұсынылады. Өзіне ұнаған гүлді алып, бір түсті гүлдер бір топқа бірігеді. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау,амандасу.
Гүлдің жапырағындағы стикерлерге жазылған сұрақтар арқылы үй тапсырмасын сұрау |
1-топ 2-топ 3-топ 4-топ
Стикерлер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа білім минут 20 мин
|
Білу және түсіну Өсімдіктердің тыныс алу ерекшеліктері. Өсімдіктер жануарлар сияқты оттексіз тіршілігін жояды. Бірақ олар жануарларға қарағанда оттексіз ұзағырақ тіршілі к етуге қабілетті. Бұл өсімдік ағзасының аз энергия жұмсауына байланысты. Жануарларға тән ең көп энергия жұмсалатын үдерістер өсімдіктерде болмайды. Өсімдіктер жылжымайды. Табиғи жағдайда өсімдік ағзасы жа- сушаларын оттектен айыру өте қиын. Су және жарық болса, өсімдік фотосинтез үдерісінде оттекті синтездеп үлгереді, ол тыныс алу үшін артығымен жетеді. Топырақтағы тамыр жасушаларына да от- тек керек. Топырақ кеуек құрылымға ие, сондықтан тамыр жасушалары тыныс ала- ды. Сонымен қатар көптеген өсімдіктерде тамырында оттекті қорға жинайтын ұлпа түзіледі. Батпақта өсетін өсімдікте «ауа тамырлары» түзіледі. Олар топырақтың беткі жағына көтеріледі. Себебі: батпақ топырағында шынында ауа мен оттек аз. Тұқым мен өскіннің тыныс алуы. Құрғақ тұқым тыныштық күйіндегі жа- сушалардан тұрады. Өсіп жатқан тұқым жасушалары сол түрге жататын ересек өсімдіктің кез келген басқа бөліктері пайдаланатын мөлшерден көп оттекті пай- даланады. Өсіп жатқан өсімдік тұқымы қарқынды тыныс алатынына үш эксперименттік дәлелді келтірейік. Тыныс алу кезінде энергия бөлінетіні белгілі. Оның едәуір бөлігін (50%-дан көп) ағза сіңірмейді, ол жылу түрінде жұмсалады. Сондықтан қарқынды қимылдаған кезде, мысалы, жүгіргенде, ағза тез жылынып, жылудың артық мөлшерін бөле бастайды. Питон сияқты салқынқанды жануарлар жұмыртқа басқанда оны жылыту үшін денесінің темпе- ратурасын жоғарылата алады. Аналық питон өзінің алып денесімен жұмыртқаны орап алып, толқын тәрізді қозғалыс жасап, бұлшық еттерін жиыра бастайды. Нәтижесінде дене температурасы жоғарылайды. Бұл жылумен жұмыртқасын жылытады. Тыныс алу үдерісінің арқасында жылжымайтын өсімдік жасушаларының температурасының артқанын тұқым өніп-өскен кезде ғана байқауға болады. Өзгеріс айқын байқалу үшін өніп-өсетін тұқым мөлшері көп болуы керек. Көктемде егін егу кезінде тұқымдық дән селекциялық станциядан себілетін жерге жүк машиналарымен әкелінеді. Егер жолда жаңбыр жауып, дәнге су тисе, ол өне бастайды. Үйілген дәнге қолыңды салсаң, жылынғанын, яғни температура артқанын байқауға болады. Бірақ тұқымның өну белгілері әлі байқал- мауы да мүмкін. Егіншілер тұқымның мұн- дай күйін «дән жанып жатыр» дейді. Ол тұқымды тез арада себу керек, себебі өскін шығып, тұқымсепкішке (сеялка) салған кез- де зақымдануы мүмкін. Тұқымды сақтайтын қамбада өніп кетпеу үшін арнайы аспаппен температурасы мен ылғалдылығын өлшеп отырады. Құрғақ тұқым өскен кезде тыныс алатынын дәлелдеудің тағы бір әдісі: тыныс алу барысын- да бөлінетін көмірқышқыл газын анықтау. Ол үшін өсіп жатқан тұқымды (бұршақ) әк суы бар резервуарға жалғанған ыдысқа салады. Әк суы көмірқышқыл газынан лайланады. Демек, өсіп жатқан тұқым көмірқышқыл газын бөледі. Тыныс алғанда оттек жұмсалады. Оттексіз жану үдерісі жүрмейді. Сондықтан өрт шыққанда – жанып жатқан затты қалың ауа өткізбейтін матамен жабады. Ауадағы оттек ағынымен жану процесін үдетуге болады. Құрғақ тұқым оттекті қажет етпейтінін, ал өніп жатқан тұқымға оттек қажет екенін төмендегі қарапайым тәжірибеден көруге болады. Ол үшін жабық ыдыстың ішіне жанып тұрған шамды орналастыру керек. Ылғал тұқым өсу үшін керек. Мұндай жағдайда өскін жасушалары тыныштық күйден шығуға қабілетті. Өсіп жатқан тұқымды ауасыз қалдырса, олар тіршілігін жояды. Оны анықтау үшін кез келген өсімдік тұқымдарын сулау керек. Содан кейін оларды екіге бөліп, әртүрлі ыдысқа салады. Олардың біреуіне дымқыл мақта немесе майлық салу керек, тұқымға ауа баратындай болуы тиіс. Басқа ыдысқа салынған тұқымға ауа бармайтындай етіп су құю керек. 4–5 күннен кейін бірінші ыдыстағы тұқым өскіндері өсіп жатқаны байқалады. Ал екінші ыдыстағы тұқым ауа (оттек) болмағандықтан тіршілігін жояды. Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
«Еркін микрафон» әдісі (Микрафонды бір-біріне беру арқылы әрқайсысы жауаптарын айтады.)
Қолдану ТВ шоу (Теледидарға арналған бағдарлама дайындайды. Әр топ бірлесе отырып сұраққа айғақтар мен дәлелдер табады. Жиналған мәліметтерді білетін бір оқушы ортаға шығып, журналист сұрақтарына жауап береді.)
Топтарға тапсырма: 1-топ: Тыныс алуға қажетті жағдайлар 2-топ: Ауа ластануының тыныс алуға тигізетін зияны 3-топ: Фотоситез бен тыныс алу процесін салыстыру 4-топ:.Өсімдіктің тыныс алу қарқындылығын сынақ тәжірибеде көрсетіндер! |
Оқулық. Кеспе мәтіндер.
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сергіту сәті 2 минут |
https://www.youtube.com/watch?v=ArT_O6eZxm8
|
Миды шынықтыру тапсырмасын орындайды. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 5 минут |
Талдау, Синтез «Броундық қозғалыс» Оқушылар сыныпты шарлап, сабақта алған ақпараттарымен басқалармен бөліседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.
|
Оқулықтағы мәтінді оқып алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау
3 минут
Кері байланыс 2 минут |
Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 1 балл
Рефлексия парағы
|
Бағалау парақшасы
Қағаз қиындылары. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша Көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың Үйренгенін тексеруді Қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті Қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы Байланыс |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайыма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағыахуал Қандай болды? Мен жоспарлаған Саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген Уақыт ішінде үлгердімбе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес Келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды Жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген