400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде елеулі үлес қосқаны үшін

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ел болашағы білімде


Ана - әлемдегі ең керемет жан. Ана - үш қана әріптен тұрғанымен де мағынасы терең сөз. Ана – баласы үшін бәріне де дайын жан. Ананың аялы алақаны, ыстық құшағы, жылы сөзі, мейірімді жүрегі бәрінен де қымбат, бала үшін ыстық. Ана – біз үшін жарқырап сәулесін шашып тұрған күн секілді. Біз онсыз бір күн де, бір минут та, жо-жоқ бір секундта өмір сүре алмаймыз. Анамыз жоқ болса өміріміз күнсіз қара түнек секілді болады. Күніміз болмаса біз еш әрекет жасай алмаймыз, бақытты болмаймыз. Яғни, мен өз өмірімді анамсыз елестете де алмаймын. Ана – баласы үшін қымбат жан. Бала да анаға өте қымбат. Бірақ та қазіргі заман талабына қарай аналарымыз да өте қатты өзгеріп барады. Бұрынғы кездегі аналар мен қазіргі кезгі аналардың айырмашылықтары жер мен көктей. Бұрынғы кездегі аналарымыз қандай еді? Бір сәт сол кезді ойлап, есімізге түсірейікші. Ұзын көйлек киетін, бала тәриесіне қатты көңіл бөлетін. Оларға жақсы тәрбие беретін. Көп нәрсені үйрететін. Әсіресе қыз балаларға жастайынан үй жұмыстарын жасауды, тағам әзірлеу секілді жұмыстарды қалай жасау керек екендігін үйрететін. Ал, қазіргі аналарымыз қандай? Енді осы сұраққа жауап іздеп көрейікші. Әрине, қазіргі аналарды да жаман дей алмаймын. Тек араларында ондайлар да бар. Бәрі де өзгерген деп көпке топырақ шашуға болмайды. Бірақ та, ащы болса да шындық кейбір аналарымыз қатты өзгерген. Мысалға, жасы келгеніне қарамастан өте қысқа киінеді. Бұл аналарымызға лайық қылық па? Әрі бұлайша қысқа, ашық киіну арқылы олар болашақ ұрпаққа қандай тәрбие беруде? Міне, осы жайт бізді өте қатты алаңдатады. Аналарымызға қарап қазіргі жас қыздарымызда дәл солай киінуде. Бұл қазақ халқына жат қылық. Қазақ қыздары ешқашан қысқа кимеген. Әрі қаншама баланың анасы бола тұра кейбір жас аналарымыз әр түрлі клубтарға да барады. Бұл өте ұят нәрсе. Жақында теледидардан болған «Айтуға оңай» бағдарламасында осы тақырып қозғалды. Сол кезде бір анамыз өзінің түнгі клубтарға баратынын жасырмай әрі ұялмастан айтты. Бұл қазақ халқына тән бе? Ана-отбасының ұйытқысы. Ол-отбасы, ошақ қасында балаларымен бірге болуы керек. Ол өз балаларына қандай тәрбие беріп жатыр? Аналарының бұндай тәрбиесін көрген бала кейін болашақта қандай болып өседі?! Әрі сонымен қатар бұрынғы кездегі аналарымыз балаларына барлық нәрсені үйреткен. Ал, қазіргі аналарымыздың білетінінен білмейтіндері көп. Яғни, үй шаруасын жасай алмайды. Тағам әзірлей алмайды. Сонда ол қызына қалайша үйретеді. Анасынан дұрыс тәрбие алмаған қыздар қалайша басқа үйге барып келін болады? Осы сұрақ бізді жиі мазалайды. Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы:ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі.

Қазіргі заманның талабына сай да аналарымыз өзгеріп жатырма? Әлде бұған басқа да себеп бар ма? Яғни, қазіргі заман талабына сай боламын деп осылайша қатты өзгеріске ұшырауда ма? Заман талабы деп жүріп өз балаларына беріп жатқан тәрбиесінің қазіргі кезде қандай деңгейде екенін білмейді. Сонымен қоса аналарымыз салт-дәстүрлерді де дұрыс меңгермеген. Бұрынғы аналарымыз әр бір салт-дәстүрді біліп, оны өзі біліп қана қоймай басқаларға да үйретіп отыратын. Әр түрлі ырым-тиымдарды біліп нені жасау керектігін, ал нені жасауға болмайтындығын айтып, балаларының жаман, теріс қылыққа бармауын қадағалап отыратын. Қазір заман басқа, тіпті, адам да басқа. Күн өткен сайын адамдар заманға қарай өзгеріп барады. Оның ішінде аналарымыз да бар. Бірақ, бұлай болмайды. Ана –бала үшін қымбат, әлемдегі ең керемет жан болғандықтан ол үй шаруасына да, бала тәрбиесіне де мән беруі қажет. Теріс қылықтарға бармай, қазақтың қыздарына лайық іс жасауы керек. Балаларына әрқашан білетінін үйретіп, оларды жақсы тәрбиелеуі тиіс. Әрине, аналарға түсетін жүк те ауыр. Бірақ, ана – отбасының ұйытқысы. Уақыт зымырап өткенімен де, заман күннен-күнге жаңарып жатқанымен де қазақтың аналары дәл бұрынғы аналарымыз секілді үй шаруасына да,бала тәрбиесіне де қарауы тиіс. Уақыт өткенімен де қазақ халқы сол бұрынғы қарапайым, кеңпейіл халық болып қала береді. Заманға сай боламыз деп жүріп қазақылығымыздан айырылып қалып жүрмейік!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
533
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі