Бекітемін
Мектеп директоры
_______________
Р.Ахметова
Д.Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған
Д.Қонаев атындағы орта мектептері арасындағы волейболдан облыстық
турнирінің салтанатты ашылу сценарийі
Мақсаты: Аса
көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың бір туар тұлғасы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы ел үшін еңбек еткен азаматтардың
қадір-қасиетін біліп, құрметтеуге тәрбиелеу,ұлы адамдардың өмірін
өнеге тұтатын, асыл қасиеттердің қалыптасуына ықпал ету, дене
шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау,
бұқаралық спортты дәрептеу, мұғалімдер мен қызметкерлер арасында
спорттық шеберлікті жетілдіру, тәжірибе алмасу және достық, жағымды
психологиялық жағдайды қалыптастыру.
Өтетін орны: Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы, Д.А.Қонаев
атындағы орта мектеп
Өтетін күні мен уақыты:
2022 жылдың сәуір айының 29 сағат
10:00-де /Микрофон радио, микрофон на
стойке/
Сағат 9.45-тен музыка ойнап тұрады. Жарысқа
қатысушылар жиналады.
Би. Қазақ
биі
Фанфар ойналады, екі жүргізуші (ұл, қыз)
ортаға шығады.
1-жүргізуші:
Армысыздар аса құрметті спорт сүйер қауым!!!
Діңмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерей
тойына орай ер мұғалімдер арасында ұйымдастырылған волейболдан
облыстық турнир жарысына қош келдіңіздер!!! Әр дәуірге лайықты
кемеңгер адамдар өмір сүреді. Қазақ халқының тарихында болмысы
бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл - парасатымен
дараланған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Бабалар әруағына шынайы
берілген, халқына сүйкімді, ұлтқа қадірлі, шыныдай мөлдір, аса
білікті адам. Бүгінгі турнирдің негізгі мақсат – аса көрнекті
мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың бір туар тұлғасы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы ел үшін еңбек еткен азаматтардың
қадір-қасиетін біліп, құрметтеуге тәрбиелеу,ұлы адамдардың өмірін
өнеге тұтатын, асыл қасиеттердің қалыптасуына ықпал ету, дене
шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау,
бұқаралық спортты дәрептеу, мұғалімдер мен қызметкерлер арасында
спорттық шеберлікті жетілдіру, тәжірибе алмасу және достық, жағымды
психологиялық жағдайды қалыптастыру.
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, Алматы облысы бойынша
Діңмұхамед Ахметұлы Қонаев есімі берілген мектептер арасында
алғашқы рет өткелі жатқан волейболдан облыстық турнирге қатысушы
командаларын қарсы алыңыздар!!!
1.
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, "Д.А.Қонаев атындағы
орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен " мемлекеттік
коммуналдық мекемесінің командасы;
2.
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы, «Д.А.Қонаев
атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
командасы;
3.
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, «Д.А.Қонаев
атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
командасы;
4.
Алматы облысы, Қапшағай қаласы, "Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта
мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
командасы;
5.
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Көктал ауылы, "Мектепке дейінгі
шағын орталығы бар Д.Қонаев атындағы орта мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің командасы;
6.
Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Шарын ауылы,
"Д.Қонаев атындағы орта мектебі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің командасы; (Көнілді марш орындалады, командалар ортаға
жүгіріп келіп, сапқа тұрады, рапорт береді).
1-жүргізуші:
Қазақтың күн бейнелі шаңырағы,
Әлемге қыран болып танылады.
Түзелейік байрағына халқымның,
Шырқалсын еліміздің әнұраны.
Құрметті қонактар мен қатысушылар! Діңмұхамед
Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектептері арасындағы волейболдан
облыстық турнирін ашық деп жариялаймыз!
Қазақстан республикасының мемлекеттік Гимні
орындалады.
2-жүргізуші: Бүгінгі өскелең ұрпақтың Қазақстан мәдениеті,
ғылымы, рухани өмірі мен сол мәдениетті жасаушыларға деген
қызығушылықтарының күн санап арта түсуінен де ұлтымыздың ұлы
тұлғаларына деген сүйіспеншілігі мен құрметі
анықталады.
2-жүргізуші: Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық
мерейтойына арналған ер адамдар арасындағы
облыстық волейбол турнирін
ашу,
құттықтау сөз Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымынының төрағасы Мэлс Кулмуханович
Төлепбергеновке беріледі.
1-жүргізуші: Келесі құттықтау сөз Алматы
облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің басшысы Аманова Батес
Маратқызына беріледі.
Ән
шашу. «Қазағымсың». Орындайтын –
мектеп түлегі Досмұрат Берекет, 11 «Б» сынып оқушысы Преснова
Виктория.
1-жүргізуші: Құрметті жарысқа қатысушы
командалар! Бүгінгі жарыстың төрешілер алқасымен таныс
болыңыздар:
Бас
төреші: Алматы
облысы білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт,
алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің
ғылыми-тәжірибелік орталығының оқу-әдістемілік бөлімінің басшысы
Берикболов Қайрат Ельмарович (сөз беріледі)
Төрешілер:
1. Алматы облысы, Ілі ауданы № 13 орта мектепің дене
шынықтыру пәні мұғалімі Базарбаев Нұрым
2. Алматы облысы, Ілі ауданы № 38
мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Усимбаев
Рауан
3. Алматы облысы, Ілі ауданы №
42 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Орақбаев
Нурсейт
4. Алматы облысы, Ілі ауданы №
31 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қонысбекұлы
Фархат
2-жүргізуші: Жарысқа қатысушы командаларға
сәттілік тілей отырып,
жарысымызды бастаймыз!
Ән шашу.
«Тек алға».
Орындайтын –
11 «Б»
сынып оқушысы Преснова Виктория
II бөлім
Музыка ойнап тұрады. Жарысқа қатысушылар
жиналады.
1-жүргізуші: Құрметті спортшылар, қорытындау марапаттау
кезеңіне де жеттік. Жеңімпаздарды марапаттау үшін ортаға Алматы
облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымынының
төрағасы Төлепбергенов Мэлс Кулмухановичті, Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің басшысы Аманова Батес
Маратқызын, Алматы облысы білім басқармасы Дене тәрбиесі, спорт,
алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің
ғылыми-тәжірибелік орталығының оқу-әдістемілік бөлімінің басшысы
Берикболов Қайрат Ельмарұлын шақырамыз.
1. Орын____________________________________________________________
2. Орын____________________________________________________________
3. Орын____________________________________________________________
4.
Номинациялар____________________________________________________
2-жүргізуші: Осымен бүгінгі Дінмұхамед
Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерей тойына арналған ер адамдар
арасында облыстық волейбол турниріміз өз мәресіне
жетті. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, шығармашылық
табыс тілейміз! Қонақ болып келгендеріңіз үшін көп көп рахмет!
Келесі кездескенше!
Орындаған: ДТІЖО
Р.Дурсунова