400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өт әсерінен майлар эмульгациясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өт әсерінен майлардың эмульгациясын зерттеуге арналған зертханалық жұмыс орындалады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г.Исаева

Бөлім:

Қоректену

Педагогтің аты-жөні:

Дербисинова Г

Күні:07.10.2025ж


Сыныбы: 9а

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өттің әсерінен майлардың эмульгациясы. Зертханалық жұмыс «Өттің әсерінен майлардың эмульгациялануын зерттеу».

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.2.4 - өттің әсерінен майлардың эмульгациялануы үдерісін зерттеу

Бағалау критериі:

өттің әсерінен майлардың эмульгациялануы үдерісін зерттейді;

Құндылықтарға баулу

Тәуелсіздік және отаншылдық

Құзыреттілік:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

Оқушылар бір- біріне деген жылы лебіздерін білдіреді.


Шеңбер бойынмен

тұрған оқушыларға тапсырма: Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

2  топқа біріктіреміз. Flippity.net -те  оқушылардың аты- жөндері  жазылып, топтарға біріктіріледі.

I топ  Асқазан

II топ  Бауыр


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Қолдау көрсету


Flippity.net: Flashcards and Other Resources for Educators and Learners.


Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір — біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.  Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Оқушыларға  сурет көрсетіліп, сурет бойынша сұрақ қойылады.


Суретте не көріп отырсыңдар?

https://wordwall.net/resource/79128827

1.Адамның асқорыту жолының   мүшелерін атаңдар?

2.Бауырдың қызметі қандай?

3 Өт қайда түзіледі?


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

бағыттау

Дескриптор:

1. Адамның асқорыту жолының   мүшелерін атайды;

2.Бауырдың қызметін сипаттайды;

3.Өттің қайда түзілетінін анықтайды. Осы  дескриптор негізінде өзін –өзі бағалау, өзара бағалау және мұғалімнің кері байланысы беріледі.



Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Жаңа тақырыпты меңгеру


Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көреді.


Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады

Зертханалық жұмыс № 3

«Өттің  әсерінен  майлардың эмульгациялануын  зерттеу.

Жұмыс мақсаты: майларды  эмульгациялануын зерттеу.

Гипотеза—————————————————————————————————————————————————Теориялық материал

Эмульгациялау- майдың  ірі тамшысын  ұсақ   тамшыларға бөлу әдісі. Майлардың  сумен тұрақсыз  эмульсия түзетіні  белгілі. Тұрған кезде  тамшылар бірге  бетінде  жиналатындықтан  қабатқа тез  бөлініп кетеді.

Олай болмау үшін  эмульсияға беттік  керілуді  төмендетіп, майдың  бөлшектенген , тамшытәрізді бөлшектерінің  жабысуына кедергі келтіретін  заттар (эмульгаторлар)  қосылады. Ондай заттарға  нәруыздар ,сабын,  сілті ерітіндісі және т.б заттар жатады. Ағзада негізінен май  эмульгаторына жұқа су-май  эмульсияның  түзілуіне  қамтамасыз ететін  өт қышқылы жатады.

Мәліметтер  және  құрал- жабдықтар (құрал – жабдықтардың  бағанаға  тізім  бойынша  жазу)

1.Өсімдік майы

2. 1% -дық сілті ертіндісі  мысалы Na2CO3натрий

3. Өт немесе (хилак форте)

4.дистилденген су

5. Нәруыз

6.  1%- Сабын ерітіндісі

7. Сынауықтар

Қауіп — қатерді  бағалау

Кестені  дәптерге  сызып  алып толтырыңдар


Зертханалық жұмыстың қорытындысы.

1.Қандай  эмульгатормен  едәуір тұрақты  эмульсия түзілгенін  кестеге  жазыңдар

2.Қолданылатын  реагенттердің  эмульгациялау қасиетінің  тиімділігі мен асқорытудағы  рөлі  туралы  қорытынды жаса.

Зертханалық жұмыстағы  бағалау парағы




























Оқулық, Презентация


Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады



Презентация

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16.10.2025
59
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12