400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отан - отбасынан басталады!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың бойында отбасына, бір-біріне деген достық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Рәміздер туралы түсініктерін жетілдіру. Өз отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балдырған» балабақшасы



Келісілді______ Бекітемін______ Әдіскер: Дементьева Н.А Меңгеруші: Салиева Қ.С




Кіріктіріліп ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы:«Отан – отбасынан басталады!»

(Облыстық семинар)




Ересектер «Бота» орта тобы

Тәрбиешілер: Оңғарбаева Г.А.








2016-2017 оқу жылы

Жетіген


Білім беру саласы: Таным, Әлеумет, Денсаулық, Коммуникация.


Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру.


Тақырыбы: Отан-отбасынан басталады!


Мақсаты: 1. Отбасына, бір-біріне деген достық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

2. Рәміздер туралы түсініктерін жетілдіру.

3. Өз отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


Билингвальды компонент:

Менің Отаным - Қазақстан! Моя Родина – Казахстан!

Мен өз отанымды сүйемін. Я люблю свою родину.

Мен өз отбасымды сүйемін. Я люблю свою семью.


Полилингвальды компонент:

Родина – Отан – Native land

Флаг- Ту - Flag

Герб – Елтаңба – Emblem


Сөздік жұмыс: Рәміздер, Отбасы мүшелері.


Технологиялық қамтамасыз ету: Диск-слайдтар, музыкалық сүймелдеу, 2 обруч, 2 доп, ноутбук, интерактивті тақта, себет.


Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

- Балалар, қане шеңбер болып тұрамыз, шеңбердің бұрышы жоқ, шеңбер – жүректері кең, мейірімді, ашық жандарды жақындастырады. Балалар сендер менің достарымсыңдар, ал мен сендердің достарыңмын, қонақтар біздің достарымыз. Қанеки, қонақтарымызбен үш тілде амандасайық.

Шаттық шеңбері:

Біз бүгін келген барлық қонақтарымызды қарсы аламыз!

Біз сенеміз, ешкімнің көңілін қалдырмаймыз!

Біз сіздерге қуаныш сыйлаймыз!

Достарымызға әрқашан жылы сөздер айтамыз!


Балалар шеңберге тұрады, үш тілде амандасады.


Өлеңге сай қимыл-қозғалыс жасайды.






Балалар өз орнына отырады













Ұйымдастырушылық - ізденушілік






































- Балалар біз тұрып жатқан мемлекет қалай аталады?

Біздің мемлекетімізде көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Бәріміз тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.

Отан дегеніміз не?

Слайд №1

«Отан туралы»

Отан деп нені айтамыз?

Отан деген – атамекен!

Отан деген – туған жер!

Отан – ана,

Ота – үлкен,

Қазақстан – туған ел!

(Е. Өтетілеуұлы)


- Сен өз Отаныңды жақсы көресіңбе?

-Сен өз Отаныңды мақтан етесіңбе?

Слайд №2

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

-Еліміздің бас қаласы қай қала?

-Әр мемлекеттің өз рәміздері болады. Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдаршы?!

Туда, елтаңбада не бейнеленген?

-Ойын «Бәйтерек»

-Балалар, әрқайсымыздың өз отбасымыз бен үйіміз бар. Отан – отбасынан басталады! Ал, отбасы деген не?

Слайд №3 (Балалардың отбасы)

1-ші. Отбасы – ол бақыт, махаббат пен сәттілік.

2-ші. Отбасы – ол саяжайға бару.

3-ші. Отбасы – ол мейрам, отбасылық күндер.

4-ші. Сәбидің дүниеге келуі, алғашқы қадамы, алғашқы былдырлаған сөздері.

5-ші. Отбасы – ол қамқорлық, бір-біріне деген сүйіспеншілік.

6-шы. Отбасы – ол көптеген үй шаруасы.

7-ші. Алайда бақытты жалғыз өмір сүру мүмкін емес.

Слайд №4. Сыдықжан І., Еженхан М. өздерінің отбасы мүшелерімен таныстырады.

-Балалар, біздің отбасымызбен тұрып жатқан ауылымыз қалай аталады?Тақтаға қараңдаршы ауылымыз қандай көрікті!

Слайд №5. Ауылым – алтын бесігім!

-Біз осы Жетіген ауылындағы «Балдырған» балабақшасына келеміз. Топта бір үлкен отбасымыз, себебі: бәріміз доспыз, тату-тәттіміз, бір үйдің балаларындаймыз. Сендер Отанымыздың болашағысыңдар!

Слайд №6. Ағаштардың суреті, табиғаттың суреті.

Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін «Буын жаттығуларын» жасайық.

Біз ауырмас үшін бізге дәрумендер қажет. Міне сендерге табиғаттың сыйы «Жемістер».


-Қазақстан!




-Біздің үйіміз, көшеміз.

-Ол күн, көгілдір аспанымыз, ол дастарханымыздағы нанымыз, біздің туған жеріміз.








-Ия.

-Ия.



-Н.Ә.Назарбаев!


-Астана!



-Ту. Елтаңба. Әнұран


















- 2 бала өз отбасы туралы айтып, әңгімелеп береді






Күтілетін нәтижие:


Білу керек: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білу.

Нені игереді: Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігі.

Үйрену керек: Өз Отанын сүюді, қалалардың көрікті жерлерін көре білуді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
608
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі