Отан -отбасынан басталады

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отан -отбасынан басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Отан отбасынан басталады

Мақсаты:

  • Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.Ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

Сабақтың көрнекіліктері: ұлағатты сөздер,гүлдер, шарлар, интерактифті тақта.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөз мұғалімнің

«Шаттық шеңбері» әдісімен ата-аналар мен оқушылар бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлап, жақсы ізгі тілектер айтады.

1.Балаларды, ата-аналарды топқа бөліп отырғызу: «Ана», «Әке», «Бала»

II.Тыныштық сәті.

Баяу музыка ойнап тұрады.

- Балалар , бір сәтке көздеріңді жұмып, көз алдарыңа туған үйіңді, отбасы мүшелерін елестетіп көріңдерші. Туған үйіміз сондай ыстық.Отбасы мүшелері қандай сүйкімді, көңіл күйіміз өте жақсы! Ал енді көздеріңді ақырын ашыңдар.

1. Балалар өз отбасы туралы әңгімелейді.

- Сен не көрдің?

- Сенің отбасың қандай?

- Сенің отбасыңда неше адам бар?

- Олар кімдер?

-Отбасыңда сені қалай еркелетіп айтады?

- Сен отбасыңдағы адамдарды қалай атайсың?

2. Жұмбақ жасыру:

Маған да, саған да,

Жақын туыс бес адам

Үш әріптен тұратын

Оңға оқы, солға оқы

Өзгермейді еш одан

Бәрі де өз жұртың

Айтады, қане кім атын? (ана, апа,аға, іні, ата)

-Осылардың бәрін бір сөзбен не дейміз? «Отбасы» дейміз.

3.«Танысайық, табысайық!» Бес саусақ әдісі.

Менің балам қандай?

Әр ата-ана өз баласының есімі жайлы айтады, әрбір әрібіне жақсы қасиеттер қосып айтады.

Мұғалім:

Алдымен сүй ардақта ата-анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады

Бар жақсылық бұл ғаламда,

Мейірмінен ата-ананың жасалады.

-Жақсы балалар, дұрыс айтасыңдар, олай болса, отбасы туралы өлеңдерінді мәнерлеп жатқа айтайық. Топпен «Аналардың тілегі» әні.

4. «Тосын сұрақтар» (жұптық жұмыс)

  1. Отбасында ең сыйлы кім? - әкем мен анам

  2. Ең қымбатты кім? - әке мен анам

  3. Ең ақылды ? - ана,әке

  4. Ең сүйкімді? -бауырым,інім,сіңлім

  5. Ең құрметті? - ата, әжем

  6. Ең бағалы? - достық

  7. Ең қажетті? - төзім,ақыл

« Не қымбат? Кім жақын?» мәнерлеп өлең оқу.

5.Тіл өнері: Мақалдың жалғасын табу.

Әке мен ана-шаңырақтың тірегі. Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді де көп кездестіруге болады. Дана халқымыз «Әке-асқар тау, ана-бұлақ, бала- жағасындағы өскен құрақ», «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген екен.

Отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу. «Ойлан тап?»

Би шашу : «Көзайым »қыздар тобы , қазақ биі «Ақ бұлақ»

6. Постер құру. «Суреттер сөйлейді» .

Ана деген кім? Әке деген кім? Бала деген кім?

Мысалы:

Бала деген кім? (Әр топ өздері бір бейне ойлап, оған ойларын жазады)

Мысалы гүлдің бейнесін жасап, жапырақшаларына ата-аналар (бауыр етіміз, болашағымыз, үмітіміз, мұрагерім, жанымның саясы, асыраушым, өмірім, тірегім)

Shape2 Shape1

Жаман қылықтар

Shape3

Жақсы қылықтар

Бала







«Әке-ана» әнің топтар постер құрғанша Бақнұрдың орындайды.

  1. « Ойлан, жұптас, талқыла »

«Сиқырлы сандықшалар» ойыны.

Сол сандықшаларда сұрақтар жасырылған.Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.

Сұрақтар:салт дәстүрге және жағдаяттардан шығу.

-Балалар, отбасын қандай көлікке теңеуге болады?

Жұмбақты шешіңдер

Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,

Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп. (поезд)

Қазір балалар мына вагондарға әркім өз отбасынның суретін салыңдар

«Бақытты отбасы моделі» шаңырақтың бейнесін құрап шығу.

Ата-аналар және балалар шаңырақтың астына жақсы тілектерін айтып жиналады.



12. «Тілектер шоғы» қорытындылау.

Ата-асқар тау, ана жағасындағы құрақ, бала жағасындағы құрақ.

Сабаққа келіп қатысқан аудан ұстаздары, суреттегі табиғатты, гүлдерге тілектерін жазып, құрақты гүлдендіреді. «Екі жұлдыз ,бір тілек» әдісі бойынша.



Мұғалім:

Бәріміз бірге:«Барлық адам баласына тек жақсылық тілейміз, ортасында олардың ойнап күліп жүрейік» Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

Назарларыңызға көп-көп рахмет!







Picture 1 Picture 1







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
683
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі