400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отан М. Шахановтың өлеңдері

Материал туралы қысқаша түсінік
М. Шахановтың өлеңдері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отан

Өлеңді жазған: Мұхтар Шаханов

2005-11-20

Өлімі де өнеге ғой алыптың,

Лұқпан хакім көз жұмғанда

Дөңгелегі тоқтап қалған секілденіп тарихтың,

Қайғысында шек болмапты халықтың.

Қасыретке кім тұрады арашы,

Кім билігін жүргізе алмақ тағдырға?

Осы шақта Лұқпан хакім баласы

Әкесіне арнап жоқтау жыр жазып

Оқып берді қалың жұрттың алдында.

Бірақ жыры ойсыз әрі жалынсыз

Болған соң ба, естілді тым нанымсыз.

Әдет сақтап әрең тыңдап ел тұрды,

Бұл патшаның күрт ызасын келтірді:

- Дүрелеңдер мына арсыз баланы! -

деп ақырды ол жарқ-жұрқ етіп жанары,

- Күнәм қайсы, айтпайсыз ба, әміршім? -

деді бала тас түйіліп қабағы.

- Күнәм қайсы дейсің, ә?

Жүрегіне күннің гүлзар жылылығын жинаған,

Қыран таулы кең даланың ұлылығын жинаған,

Жинағанын адамзатқа жомарттықпен сыйлаған,

Қасиетті ұлы әкеге өр парасат, ер көңіл

Мұндай жасық жыр жазғанша,

Ақын болмай жерге кір!

Мансұқ еттің ұлы адамның арманын,

Амал нешік, жақсы еді үнсіз қалғаның.

Әкеңді де аямадың,

Өнерді де қорладың,

Екі бірдей қылмыс жасап сорладың. Отан!

Қайсар ар-намысым,

Жайсаң іңкәр шапағым.

Перзентте жүктеген қорғанысын

Сен намыстың ну қалың орманысың.

Сол үшін де шыңнан заңғар атағың.

Тұлғасына табындырған,

Алыс жүрсем сабылтып, сағындырған,

Менің ұлы әкем сенсің, Отаным!

Әкем сенсің - Арман тұлға, Ай тұлға,

Перзенттерің саған деген сағынышын өзінің,

Махаббатын, ең асаси сезімін

Тиісті емес жасық сөзбен, жалған сөзбен айтуға.

Ал, жасықтық - жалынсыздық,

Жалынсыздық - о бастан-ақ сорлылық,

Жалынсыздың барлығы да сорлылар.

Жамылғанмен махаббатты қалқан ғып,

Жалынсыздың түп атасы жалғандық.

Сол жалғандық жаншымағай сананы,

Өнердің де ең негізгі талабы -

Жалындыны мадақтау,

Жалынсызбен күресу боп қалады!

Iсім аздау болса да әлі мандықтан,

Жел өтіне егілген ерен талдай,

Гүлді ызғардан қалқалап келем талмай,

Қаншама рет жалын жасты қорғап қалдым зорлықтан.

Сенің қансыз ұлдарыңның кей кезде,

Маған тісін қайрайтыны сондықтан.

Көк майсалы өнер тауын шаңғытқан,

Күрес аштым жалынсызға, қулықпенен жанды ұтқан.

Білем, содан кедергім көп алдымда,

Жиі жолым болмайтыны сондықтан.

Жылтырағын гауһар деуге тым шебер,

Сүйікті Отан, аз ба бізде дүмшелер,

Оттан қашып піспей қалған күлшелер!

... ... ... ... ... ... ... ... ..

Әркез сені жалғандықтан қорғауға

Бақыттымын, күшім жетіп тұрса егер!

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Цемент

Құм мен құмды кіріктіріп жалғайтын,

Тас пен тасты біріктіріп қолдайтын

Топтасуға жаны ғашық,

Үгілгеннің бағын ашып

Тек тұтастық мүддесінен самғайтын

Құрылысқа арзан әрі тиімді,

Теңге ететін, қонды ететін тиынды,

Жаңа цемент ойлап таптың, жас ғалым,

Құрмет көргей құмға жазған дастаның.

Азаматтық санамыздан ғылым озса не етерміз?

Аман тұрсақ әлі талай жаңалыққа жетерміз.

Бірақ мынау ұлтымызды жауырыны құрысқан,

Бірлік емес, байлық үшін жұлысқан

Бас басына би болуға тырысқан

Қалай, қайтіп біріктірер екенбіз,

Қалай, қайтіп кіріктірер екенбіз?

Рухсыз бен ұлтсыздың бағы жанған заманда

Басымды ием, дәл осы іске

цемент тапқан адамға!

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЕКІ ТҮРІ немесе Рух пен Қарын егемендігі

Өлеңді жазған: Мұхтар Шаханов

2006-04-03

Кейде тұтас, кейде жалқы, кейде аралас көлемде,

Қос тармақты тәуелсіздік бағыт алды әлемде.

Дәуірдің бас айбынгері - ҚАРЫН ЕГЕМЕНДІГІ,

Қарын тоймай істің алға жылжымасы белгілі.

Бірақ қарын басып кетпеу керек рухи байлықты

Оның көзсіз зорлығынан ғасыр көңлі шайлықты.

Ал, РУХАНИ ЕГЕМЕНДІК - халқымыздың арманы,

Елдік, ұлттық мүддеміздің сүйеніші, қорғаны.

Қуат алса ашқарақ көз, материалдық санамыз,

Тою, баю мүмкіндігін басқа елден де табамыз.

Өз жеріңде ұлтсыздансаң қайғы бар ма оған тең?

Ата-баба рух- сенімін басқаның бұл табанмен.

Неге қарын байлығыңды тарта бердің көлденең?

Рух семсе, бірге тыныс ала алмайсың елменен.

Тілден қашсаң тоғышарсың тек байлыққа шөлдеген,

Ешкім баба тілін қорлап бақытты боп көрмеген.

Өлеңді жазған: Мұхтар Шаханов

ТАМЫРСЫЗДАНУ ҚАУПIНIҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

(Тілсіздендіру анатомиясы атты поэмадан)

Жаһандану рухсыздығы өз жеңісін тойлауда.

Содан қазір қаншама адам бейім былай ойлауға:

Мен қай тілде еркін сөйлеп, оқи алам, жаза алам,

Білім, жұмыс, нан таба алам, сол тіл - менің өз анам.

Бірақ қарсы тұжырым бар осы адасқан байламға:

Біз жалқыны мойындамай, ұға алмаймыз жалпыны.

Тіршілікте бір адамды шексіз сүю арқылы

Адамзатты тану әрі сүюге жол табасың.

Және әркім шын қадірлеу арқылы өз анасын,

Ұғар оның сатылмайтын сезімінің бағасын.

Өз ұлтыңның тілін, салтын, парқын сүю арқылы

Күллі әлемдік биікке өрлеп, ардақтайсың жалпыны.

Сан түрлі тіл меңгереміз, айдындап ой қарқыны.

Ал ғаламдық ортақ тілсіз -

Бірлік-гүлсіз, сенім - нұрсыз,

Бірақ ана тіліңе оның түспеу керек салқыны.

Бұл табиғи жолдан айну қырсық қаупін өсірер.

ТАРИХЫҢ ТҰР САНАҢА ӨТКЕЛ ТАСТАП,

ӨЗ ТІЛІҢДЕ ОЙЛАУ, СӨЙЛЕУ ТОҚТАЛҒАН СӘТТЕН БАСТАП,

БҮКІЛ БАБА РУХЫМЕН БАЙЛАНЫСЫҢ КЕСІЛЕР.

ТАҒДЫРЫҢНАН АТА ҒАСЫР ШАМЫН СОЛАЙ ӨШІРЕР.

ҚАТЕҢДІ ӘБЖІЛ ТҮЗЕТПЕСЕҢ, ТОЛЫҚҚАНДЫ ЖОҚ ТІРЛІК.

БІЗ БАБАЛАР СҮЙЕГІНЕ, СЕНІМІНЕ БАҚ ҚҰРДЫҚ,

БАҚ ҚҰРДЫҚ ТА, ҰЛТСЫЗДЫҚ КЕҢІСТІККЕ АТ БҰРДЫҚ.

ӨЗ ТІЛІҢДІ ЖЕРСІНБЕУДІҢ,

ОЛ - РУХИ МҮГЕДЕКТІК ӘРІ ҰЛТТЫҚ САТҚЫНДЫҚ!

Ғасырымыз - іздеу, өрлеу, қиратулар алаңы.

Адамзатты қарын мүдде қайда бұрып барады?

Көлшіктер бар сыртқа ақпайтын, суын шетке қимайтын,

Небір өзен, небір бұлақ сырттан келіп құймайтын.

Соған ұқсас жеке адамдар, тіпті ұлттар болады.

Ол тәуелсіз менмендіктің болашағы жаралы.

Экономикалық алыс-беріс - нарық ғасыр талабы.

Тек аз ұлттар ділін, менін қалай сақтап қалады?

Ана тілін қорғамаған,

Қорғағанды қолдамаған

Өз еліне шыншыл қызмет ете алмайды саналы!

Бәрін таптай бермек пе әлде рухсыздық табаны?

Бұл сұраққа өркениет қашан жауап табады?

Әлде адам болашағын тамырсыздық жеңе ме?

Бұған қайсар табиғаттың тағы өзі өнеге:

Жантақ деген өсімдік бар түйе қорек ететін,

Тамыры жиырма, отыз құлаш тереңдікке кететін.

Қызылқұмда бет қаратпас долы дауыл ескенде,

Құм теңіздей толқынданып, оңға, солға көшкенде,

Бар қимылы сыртқы күштің ыңғайына құрылып,

Қаңбақ сорлы тамырынан лезде оңай жұлынып,

Жел қайда үрсе, солай қарай домалап,

Ық пен сайды, бұта түбін паналап,

Жиі-жиі мекен-жайын жаңалап,

Дүниені өз мұң-зары деңгейінде бағалап,

Тамырлыға қызғанышпен қарап әрі табалап,

Тұрақсыз күй кешетіні обал-ақ.

Даңққа бөлеп өзі ғұмыр сүріп жатқан кезеңді,

Жантақ әркез орынында қалып қояр ежелгі.

Шыншыл рух дарынынан құлқын озған заманда

Тамырсыздық үлкен қауіп тудырады қоғамға...

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.03.2019
1739
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі