400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отан-менің өз үйім

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділігі: Отан,Қазақстан туралы түсініктерін кеңейту,тақырыптың мазмұнын ашу. Дамытушылығы: Қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру Тәрбиелігі: Оқушылар туған Отанын,елін, жерін сүюге , құрметтеуге тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімдерін ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Менің Отаным-Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Отан,Қазақстан туралы түсініктерін кеңейту,тақырыптың мазмұнын ашу.

Дамытушылығы: Қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру

Тәрбиелігі: Оқушылар туған Отанын,елін, жерін сүюге , құрметтеуге тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімдерін ояту.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Әдісі : сын тұрғысынан ойлау

Пәнаралық байланыс: музыка, Қазақстан тарихы.

Күтілетін нәтиже: Жаңа сабақты игереді. Жаңа сөздер үйренеді.

Тапсырмаларды орындау арқылы шығармашылық жұмыс жүргізе алады.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) амандасу.

ә) оқушыларды түгендеу

ІІ.Мағынаны тану. Ой қозғау:

Сендер қай елде тұрасыңдар ?

Қазақ елінің Отаны .

Қазақстан қандай мемлекет?

-Дұрыс айтасыңдар оқушылар ,біздің туған жеріміз Қазақстан.Қазақстан жері кең байтақ.Қазақстан Евразия құрлығында орналасқан.Ол жерінің үлкендігі жөнінен тоғызыншы орында тұр.Біздің Отанымызда жүзге жуық ұлттар мен халықтар өмір сүреді.Олар Қазақстанды туған жеріміз,Отанымыз деп есептейді.Еліміз Ресей,Қытай,Қырғызстан,Түркіменстан және Өзбекстан елдерімен көршілес орналасқан.Қазақстан жерінде өзендер мен ормандар,таулар мен жазық далалар,көлдер мен шөлдер бар.Республикамызда алуан түрлі өсімдіктер өседі.Сондай-ақ жан-жануарларға да өте бай.Сонымен қатар пайдалы кен қазбаларының бәрін де табуға болады.Елімізде мемлекеттік тіл-қазақ тілі.Еліміздің ел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Қазақстан Республикасының Рәміздері туралы не білеміз?

-30 тамыз қандай мереке?

Мынау-мемелекеттік елтаңба. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Оны аңыз-әңгімелердегідей қанатты пырақтар көмкеріп тұр. Жоғарыда дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. “Қазақстан” деген жазуы бар. Авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов

ҚР Туы- көк жүзінде әлемнің нұрын шашқан Күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан қыран. Қыран-тыныштықтың, берекелі өмірдің белгісі. Ою - өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады. Тудың авторы - Шәкен Ниязбеков.

Shape1 Shape2

Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдаған күн 30 тамыз 1995 жыл. Мемлекеттік мереке азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының кепілі. Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты»деп білім саласына көп көңіл бөліп келеді.Ал сендердің мақсаттарың тек қана жақсы оқып,білім алып,еліміздің тәжірибелі мамандары,азаматтары болу.

ІІІ.Шығармашылық жұмыс

“Туған жерім” тақырыбына сурет салу

-Отан туралы мақал-мәтелдер айту,мағынасын түсіндіру

ІV.Сергі ту сәті

Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау

V.Ой қорыту

-Біз Қазақстан туралы не білеміз?

-Бүгінгі сабақта нені білдік?

-Сенің туған жеріңде қандай ұлт өкілдері тұрады?

-Сендер бір- бірлеріңмен қандай қарым-қатынастасыңдар?

Сондықтан да Қазақстан біздің ортақ үйіміз.

Қазақстан , туған жер туралы кім

тақпақ ,өлең біледі?

VІ.Қорытынды.Топтастыру.

Shape5 Shape4 Shape3

Қазақстан



Shape7 Shape6



Қазақстан біздің еліміз.Онда тұратын азаматтардың жүрегінде бір мақсат,бір үміт,бір болашаққа деген сенім бар.Біздің еліміз дамыған елдердің қатарына қосылып,өркендей берсін!Біз Отанымызды жақсы көреміз.



VІІ. Үйге тапсырма:Туған жер,отан туралы тақпақтар жаттау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
684
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі