400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Отан отбасыдан басталады" атты тақырып бойынша эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы өзінің отбасы жайында, ата-анасына деген құрметі жайында жазды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отан отбасынан басталады.

Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс деп ойлаймын. Сол секілді мен де өзімді патриотпын деп толық айта аламын. «Отан отбасынан басталды» демекші. Кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ, маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің туған Отаным деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты. Қазірде халқымыздың өткен тарихы мені қатты қызықтырады, ол туралы оқудан, танып-білуден жалыққан емеспін. Бұның барлығы менің ұлтыма деген сүйіспеншілік, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Отан отбасынан басталады. Ал, отбасы неден басталады? Отбасы дегеніміз ол – әкең, анаң, бауырларың, жақын адамдарың. Шын мәнінде әрбір отбасы өзінше бір Отан. Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қуанышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Оның басшысы, отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әкеміз. Әкем отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында бар күш жігерін салатын, намысын бірінші орынға қоятын жан. Бізді де солай тәрбиелеп келеді. Өтірік сөйлемеу, кісінің ала жібін аттамау секілді қатал тәрбиені әкемізден алсақ, анамыздан мейірімділікті, қамқорлықты, бауырмалдықты, имандылықты бойымызға сіңіріп өсіп келеміз. Анам – есепші. Қазір менен де басқа қарындасым мен інімді тәрбиелеп келеді. Сондай – ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны оның бізді ақ үрпек балапан шағымыздан жылы бауырына басатыны бізді мәпелеп өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні рас. Сондықтан отбасы мүшелері бір – бірі үшін жанын қиюға да дайын тұрады. Сол сияқты Отанды қорғау да әр азаматтың азаматтық парызы. Отанымыздың алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш – жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір – бірімізбен етене жақын болсақ, біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындырмайтын биік жоқ.

Қазіргі кезде көп жастар шет елдерде оқып, сол елдерде қалып қойып жатыр. Бұдан Отанға деген ешқандай ізгі ниетті байқамаймыз, олар өзінің болашағына балта шауып жатқанын білмейді. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген. Сондықтанда отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек.

Отбасы – ол адам баласының киелі мекені. Асыл, баға жетпес, қадірлі де қастерлі басты құндылығы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17.02.2021
11134
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі