400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отан отбасынан басталады.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отан отбасынан басталады.

(Республика күніне арналған отбасы жарысы)


I. Құрметті ата – аналар, әріптестер, шәкірттер! Республика күніне орайластырып өткізіп отырған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Жоғарыдан орын алып отыруларыңызды өтінеміз.

Бүгін сіздерге ұсынғалы отырған тәрбие сағатымыз «Отан отбасынан басталады» деген тақырыпта өтеді. Сайыс басталмас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алуды жөн көріп отырмын.


  1. Мектеп директоры: Жібек Балташқызы

  2. Директордың оқу жөніндегі орынбасары: Гүлнәр Мәжитқызы

  3. Ата-анадан: Шолпан Баянқызы


Бүгінгі мерекеге құттықтау сөз мектеп директоры Жібек Балташқызына беріледі.


II. Республика күніне орайластырылған «Отан отбасынан басталады» атты сайысқа қатысушыларды қошеметтеп ортаға шақырайық.

Рамазановтар отбасы

Игібаевтар отбасы

Торыбаев және Исаховтар отбасы

Бұл жерде айта кетуіміз керек Бағдәулет пен Ильхом әке – шешесіз қатыспақ блып отыр. Сол себепті екі оқушы бірігіп бір команданың құамында өнер көрсететін болады.


Тыныштықбаева Айдананың орындауында «Алатау» әні.


III. 1. Қадірменді қауым! Сайыстың алғашқы тапсырмасында әр отбасы өздерін таныстырып өтулері қажет. Ол бес балдық жүйе бойынша бағаланады.

  • Ортаға бірінші болып Рамазановтар отбасы шақырылады.

  • Келесі жол кезегі Игібаевтар отбасына беріледі.

  • Бағдәулет пен Ильхомның таныстыруын тамашалаңыздар.

2 сынып оқушылары жыр – шашу дайындап әкелген екен. Ортаға шақырайық: (Отан туралы өлеңдерін айтады).

  • Әділқазылар бағасы.

2. Сайыстың екінші кезеңіне көшейік.

Онда әр отбасы өз өнерлерін көрсетеді.Жол сіздерге Рамазановтар отбасы!

  • Игібаевтар отбасы

  • Бағдәулет пен Ильхом

  1. сынып дайындаған өлеңдері тамашалайық.


3. Сайыстың үшінші шарты бойынша әр отбасының дайындаған Отан, тілге байланысты өлеңдерін тыңдайық.


Келесі әсем ән Бақытжанов Нариманның орындауында «Жан гүлім» әні.


4. Қазақ қонақжай халық болған.Босағасынан аттаған адамға дәм тарттырмай жібермеген. Осыдан қазақта «дәмнен үлкен емессің» деген аталы сөз қалған.

Сайыстың төртінші шарты бойынша әр отбасы дайындаған ұлттық тағамдарды назарларыңызға ұсынамыз. Осы жерде өздері дайындау жолдарын айта кетеді.


5. Әр отбасы жаңылтпаштарын ортаға салады.


Шығыс биі.


6. Жұмбақ жасыру. Әр отбасы қарсыластарына жұмбақ жасырады.


7. Мақал. Мен мақалдың басын бастап беремін, сіздер жалғастырып әкетесіздер.

1.Жақсы – жаныңа жолдас,

Жаман – малыңа жолдас.


2. Өнер алды – бірлік,

Ырыс алды – тірлік.

3.Көп біріксе ел болар,

Көп тілегі көл болар.


4.Көп қорқытады,

Терең батырады.


5.Отан – елдің анасы,

Ел – ердің анасы.


IV. Республика күіне арналған сайысқа қатысушы оқушыларды ортаға шақырайық.


Төрт ана, Қазыбек би, Әйтеке би, Әл- фараби

Құттықтау.


V. Әділ қазылар шешімі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
591
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі