Материалдар / Отан отбасынан басталады

Отан отбасынан басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты "Отан отбасынан басталады "дей отырып оқушыларды алдымен өз ата ана бауырларын, аулын дос жарандарын және де өз отанның қадірлеуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
741
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты. 
Сабақтың тақырыбы:Отан - отбасынан басталады. 
Сабақтың мақсаты:а) білімділік: «Атадан - өсиет, анадан – қасиет» дегендей отбасынан алған тәрбиеден баланың мінезі Отанның туралы әңгімелеу. 
ә) дамытушылық: «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, 
қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз» деп М. Әуезов сөзінде айтқандай жанұяда ата-ана өз парызын, бала өз міндетін әр сәт терең сезінуіне бағыттау. Оқушыларды Отансүйгіштікке, батырлыққа тәрбиелеу.

б) тәрбиелік: «Баланы сүйе білуге үйрету - өмірдегі ең маңызды нәрсеге үйрету деген сөз» Отанға деген сүйіспеншіліктерін,ата-анаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. «Тәрбие барлығымыздың жүрегімізге ең алдымен жеке адамға да, қоғамға да пайдалы әдеттердің ұрығын себуі керек» екендігін дәлелдей жеткізу. 
Сабақтың түрі:
Қолданылатын әдісі: Әңгімелеу,сұрақ-жауап 
Көрнекілігі:Слайд. Бала тәрбиесі жөніндегі,отбасы туралы даналық сөздер. 
Сабақ барысы:Армысыздар, ардақты ата-аналар, ұстаздар , оқушылар!

Ән ұран:

І.Сұрақ-жауап:

Кай мемлекетте тұрамыз?

ҚР-ның президенті кім?

Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?

Қазақстан Республикасы егемендігін қай жылы алды?
Республика күнін қай күні тойлаймыз?
Ұлттық валютамыз қалай аталады?

Сонымен біздің отанымыз Қазақстан Республикасы.К

Кім отан туралы тақпақ айтады?

ІІ.Отан туралы тақпақтар:

Риза:

Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың

Диляра:

Қазақстан дейтін, менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін,

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған.

Раушан:

Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,

Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.

Көкорай белестері мақпал кілем,

Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.



Ирина:

Отан- атам,

Отан -әкем!

Осы сөзім қате ме екен?!

Қате болса,

Неге біздер

Дейміз оны:" Атамекен?!"

Отан -әжем,

Отан- анам

"Туған ел" деп,

"Туған жер!" деп

Ол бекерге аталмаған...

Атам,

Әжем,

Әкем,

Анам,

Төртеуі де Отан маған.

Төртеуі де: "Ботам",- дейді.

"Ер- азамат атан!"- дейді.

Мақтанамын Отаныммен,

Отаныма "Ботамын!" мен.

Ән: Қазақстан

Орындайтын: Айдана

Сергіту сәті

V. Мақал-мәтелдің бір сөзі жасырылып, сұрақ болып қойылады,жауабын балаңыз екеуіңіз бірлесе отырып табыңыздар. 
1.Жақсы адам елдің ырысы, Жақсы сөз жанның несі? ( тынысы)
2.Елдің ерлігі ерінен танылар, 
Елдің байлығы несінен танылар?(жерінен) 
3.Ел қалаған ұл-қыздар – 
Ел көгіндегі нелер? ( жұлдыздар) 
4.Ынтымақты елге ешкім жетпес, 
Ынтымақсыз елдің несі бітпес?(өкініші)

5. Ел-елдің бәрі жаксы, өз елің … .

6 Туған жердей жер болмас,

Туған недей ел болмас ?

7. Отансыз адам,

Ормансыз не ?

Отан неден басталады ?

Хор: Отан отбасынан басталады.

Отбасында кімдер бар?

Сыйластық

Ата болып, ақыл айтып көріңдер,

Әже болып, ертегі айтып беріңдер.

Әке болып, еркелетіп көріңдер,

Ана болып, мейірімділік төгіндер.

Аға болып үлгі көрсет кішіге,

Іні болып көмектес сен ісіне.

Әпке болып, мейіріңмен аяла,

Қарынас боп бауырыңды саяла.

VI.Тренинг: Кел ойнайық.

VII. Көрініс: Отбасы татулығы

(аңыз әңгіме)

Баяғыды бір үлкен отбасы болыпты. Отбасындағы адамдар саны өте көп болса да, тату- тәтті өмір сүрген . Олардың бұлай жан- жалдаспай, бақытты өмір кешіп жатқандары патшаға да естіледі. Сол бақытты өмір кешіп жатқан отбасын өз көзімен көруге ауылға келеді. Ауылда тап - таза, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан отбасында қариялардың орны төрде, уайым - қайғысыз, балалары бақытты мәз - мейрам екен. Бұған патша таң тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ауыл ақсақалына барып татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Қарт үнсіз ғана жүз рет “сүйіспеншілік”, жүз рет “бірлік”, жүз рет “кешірім” деп қағазға мұқият жазып шығады

Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

- Осы- ақ па ?

Иә,- деді ақсақал. -Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,- деді де, сәл ойланып, “және шыдамдылық” деген сөзді қосып қойды.

VII. Отбасы туралы тақпақтар:

Айдана:

Анаң күнің жүрегің,

Әкең өмір тірегің.

Әжең асыл ардағың,

Атаң дана қоғаның

Ағаң қамқор асқарың,

Інің мөлдір аспаның.

Қарындасың қанатың,

Ел отаның жанатын.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Тұрар:

Әже деген көп шығар,

Әжемдей жоқ шығар.

Мейрімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі

Диляра:

Ата-үлкен,кәріміз,

Қуат берер бәріміз.

Әулиедей аялап,

Құрметтейміз бәріміз.

Диляра:

Ән:Сенің анан алтын

IX. Тест Сіз балаңыз туралы қаншалықты білесіз ? 
(1.Балаңыз бос уақытын қалай өткізгенді жақсы көреді? 
2.Балаңыз қандай тағамды ұнатады? 
3.Балаңыз қандай жеміс-жидектерді сүйіп жейді? 
4.Балаңыздың ең жақсы қасиеті қандай? 
5.Балаңыз көбінде кіммен пікір бөліседі? Әкесімен бе? Сізбен бе? 
6.Балаңыздың досы кім? 
7.Балаңызға не үшін ренжисіз? 
8.Балаңыздың қандай күлдіргі қылықтары есіңізде? 

X. Үй жұмысы (ән, би,сурет, жапсырмалау, тағам)

ХІ. Қорытынды: Барлығымыз дөңгелене тұрып шаңырақ көтеріп тұру.

Музыка ойналып тұрады.


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ