Материалдар / Отан-отбасынан басталады
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отан-отбасынан басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
Отан-отбасынан басталатындығы туралы окушыға түсінік береді, сабақ барысында ойындар ұйымдастырылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2024
156
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие жұмысының тақырыбы: « Отан – отбасынан басталады»

Мақсаты: а) Отан сөзінің мағынасын түсіндіре келе отбасы кімдерден

құралатынын,олардың үлкен кішілігіне қарай қалай аталатынын

түсіндіру,ұғындыру.

ә) өлеңдерді мәнерлі түрде айту қабілеттерін,сөздік қорларын,

сабаққа деген қызығушылықтарын дамыту.

б) отбасы мүшелерін құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Суреттер, мақал – мәтелдер, техникалық құралдар, дидактикалық материялдар.

Тәрбие жұмысының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: - Балаларға бүгінгі сабақтың ерекше екенін айтып, түсіндіру.

а) Психологиялық жаттығу.

Арайлап таң атты ,

Алтын нұрын таратты.

Менің елім оянды,

Қыран сынды қанатты.

Күннен алтын нұр туады,

Байтақ өлке құлпырады.

Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз»,

Баршаңызға құрметпен

Бас иеміз біз.


Кіріспе:

  • Балалар, біз бүгін күздің керемет шуақты күнінде «Отан отбасынан басталады» атты тәрбие сабағы жайлы әңгіме қозғаймыз.


Суретпен жұмыс:

Суреттен президенттің, тудың ,Астананың, үйдің,отбасы мүшелерін көрсету арқылы не екенін, кімдер екенін сұрау.

Суреттерге қарап әңгімелеу.

Біздің президентіміздің аты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Бас қаламыз Астана.Аспанда желбіреген көк туымыз бар.Біздің Отанымыз –Қазақстан.

Ата, әже, ана, әке, ұл, қыз бәрі қосылып, отбасын құрайды.Ұл мен қыз үлкен кішілігіне қара «аға, іні, әпке, қарындас, сіңілі» деп аталады. Олар барлығы бір үйде тұрып,бірге өмір сүреді. Отбасы әр адамға жылы ұядай қадірлі.Ондағы әр адам бір – бірін сыйлайды. Бір – біріне жәрдемші, қамқоршы, көмекші.

Ал, енді балалар өз отбасымыз туралы айтайықшы.

1- оқушы: Мына суретте менің отбасым бар. Біз үлкен отбасымыз. Отбасында апам, әкем, анам, бір әпкем және үш ағам бар. Мен отбасында ең кішісімін. Сондықтан да бәрі мені еркелетеді.

2 – оқушы: Мына суретте менің отбасым бар. Отбасында әкем, анам, бір әпкем, бір ағам және менен кіші бір сіңілім бар. Мен отбасында ортаншысы болғандықтан үлкендерге көмекші, сіңіліме қамқоршымын.

Отбасындағы ата, әже, әке, ата туралы әпке, іні, қарындас туралы өлең шумақтарын білесіңдер ме?

Жасмин:

Ата

Ата – үлкен кәріміз,

Қуат берер дәріміз.

Әулиедей аялап,

Ардақтаймыз бәріміз.

Бақытты: Апа

Мейірімді апалар,

Балалар келіп бата алар.

Қалтасына кәмпит сап,

Немереге апарар.


Мерей Әке

Атам айтса «ұлым» деп,

Әжем айтар «күнім» деп,

Екеуінен қаймығып,

Айтады әкем «інім» деп.

Ықыласы бір менде,

Бір шытпайды қабағын.

Үйде түзде жүргенде,

Саған ұқсап бағамын.


Алема: Ақ мамам

Мамам менің ақ мамам,

Менсіз таңы атпаған.

Менсіз күні батпаған,

Мен ұйықтамай жатпаған.

Мамам менің ақ мамам,

Балын маған сақтаған.

Әнін маған жаттаған,

Мамам менің ақ мамам.

Шыңғыс: Атама

Атыңды әр кез ардақтап,

Сабақты беске оқимын.

Ата саған арнаған,

Жырыммен кесте тоқимын.

Елжан: Әкешім

Асқар таусың әкешім,

Дейсің маған көкешім.

Ата саған арнаған,

Жырыммен кесте тоқимын.

Ерсайын: Әже

Менің әжем баланы,

Өте жақсы көреді.

Көже берсе шараны,

Шып толтырып береді.

Жанерке : Әпке

Таудай менің талабым,

Айна мен ақ тараған.

Алып беріп тартпадан,

Әпке көңілін табайын .

Ал, енді балалар аталарың, әжелерің, ата – аналарың туралы көп өлең біледі екенсіңдер. Тақтаға кеспе әріптермен жаза білеміз бе? Қане жазып берейікші.

Ата, ана, аға, әже, әпке, әке, бала, қыз.

Балалар, сендер тапсырманы өте жақсы орындап шықтыңдар.

Енді, барлығымыз теледидарға қарап «Сиқырлы тас» мультфильмін көреміз.

Сергіту сәті.

Сергіту сәтінде балалармен бірге «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін қимылға салып айту.

- Ал, енді балалар сендер отбасы туралы мақал – мәтел білесіңдер ме?

  1. Анасын сүйгеннің баласын сүй.

  2. Ана алдында – құрмет,

Ана алдында – қызмет.

  1. Шешеге қарап қыз өсер,

Әкеге қарап ұл өсер.

  1. Әкеден – ақыл, анадан – мейір.

  2. Қыз «қуыршақ,» - дейді,

Бала «құлыншақ,» - дейді.

  • Ал, енді балалар қазір біз ойын ойнаймыз. Тақтаға 5 оқушы шығады. Олар музыка ойналғанда жердегі геометриялық фигураларды айнала жүгіреді. Музыка тоқтағанда оқушылар тоқтап жанындағы геометриялық фигураны алып, оның түсін, атын айтып беруі керек.

  • Ал, енді балалар,алдарыңдағы геометриялық фигуралардан отбасы мүшелері тұратын үй құрастырайық.

Қорытынды:

  • Сонымен балалар отбасы дегеніміз не?

  • Неге Отан отбасынан басталады?

Балаларсендерде әрқайсың бір отбасысыңдар.

Қорта келе балаларды шаттық шеңберге шақырып, отбасыларына жақсы тілектер айтқыза отырып ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін аяқтау.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!