Отан отбасынан басталады

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отан отбасынан басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
Отан отбасынан басталады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді____________________


23.05.2025ж. №7 хаттама қаулысы негізінле 2-сыныпқа көшірілді.

Педагогтың аты-жөні: Азиева А.Т.

Күні: 19.05.2025ж

Сынып 1 «Ә»

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы: "Отан отбасынан басталады" Қ.сабағы:Жедел қызметтерге қалай қоңырау шалуға болады?""Ынтымақ,Бірлік, Келісім-баянды бақыт ел үшін" Қауіпсіздік сабағы: "Есік қағылды.Қауіпті қалай тануға болады?" ЖЕЕ:Қорытынды сабақ.

Сабақтың мақсаттары:

Балаларға елін,отанын,жерін,ата-анасына деген мейірімділігін күшейту.Сабақ барысында еліміздің рәмізде рі туралы, отбасы туралы ұйымдастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Құндылықтар және оның мақсаты:

Мамыр айы: Бірлік және ынтымақ

Құндылық мақсаты: Өзгелерге мейірімділік, жанашырлық таныта білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Отбасы күніне арналған «Отбасы - өмір аясы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді
Әке деген - биік шыңы адамның,
Әке деген - тірегі ғой ғаламның,
Әке деген – бойыңда аққан қаныі да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол анаға қарап өсіп бой түзейді.
Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,
Өнер деген мол қазына, кең екен.
Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын
Өнерсіз қазақ кем де кем.
Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Ұлы Абай бұл туралы
«Ата-анаға көз қуаныш-
Алдына лаған еркесі,
Көкрегіне көп жұбаныш
Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен
Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арақсында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады.
Ақ жаулығың қымбат маған анашым
Тілегімсің, сүйенішім панамсың,
Шапағатың сәуле болып төгілген,
Ақылы мол мейірімді данамсың.

Компьютер

Қауіпсіздік сабағы

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл-күй қалыптастыру.

Тақырыпты анықтау: әр адамның өмірінде көптеген кездейсоқ сәттер болады. Үйде немесе мектепте болған кезде біз қиын уақытта кімге жүгіну керектігін білеміз – ол біздің ата-анамыз, педагогтеріміз, достарымыз. Бірақ жалғыз жүргенде әртүрлі қауіп-қатерге кезігуің мүмкін. Қауіп-қатер барлық жерде: қоғамдық көлікте, кинода, театрда, көшеде болуы мүмкін.

Бұл жағдайда біз кімнің көмегіне жүгіне аламыз?

Тақырыпқа кіріспе

Жедел қызметтерге,байланыс орталығына қоңырау шалған кезде мынаны хабарлаған маңзды:Мекен жай. Егер бала өз атын айта алмаса немесе байланыс үзілген болса да, құтқару қызметі аталған жерге барады.Объект. Оператор оқиға болған жерді: үйді немесе пәтерді, көшені нақтылауды сұрайды.

Оқиғаның сипаты. Не болғанын қысқаша сипаттау керек. Мысалы, теледидар жанып жатыр немесе әжем ауырып қалды.Ата-анасының аты, тегі, байланыс телефондары. Өзіңізді атаңыз, ата-анаңыздың біреуінің телефонын хабарлаңыз.

Білімді бастапқы игеру және түсінгендігін тексеру:

«Диспетчерлік қызмет» ойыны. Қыздар ұсынылған нөмірлерге қоңырау шалады, ұлдар көмекке асығады немесе нөмірді дұрыс теруге көмектеседі.

Жағдайлар:

- пешпен жылытылатын пәтерде өрт, зардап шеккендер жоқ;

- канализациялық люкке құлау;

- көшедегі бұзақылық шабуыл;

- газы бар үйдің пәтерінде өрт, зардап шеккендер бар;

- жол-көлік оқиғасы, зардап шеккендер бар;

- құрылыс алаңындағы газдың иісі;

- сіздің пәтеріңіз тоналды.

Бекіту. Өзіндік жұмыс:

Мен мәлімдеме жасаймын, ал сіздер сигнал картасын көтересіздер. Егер келіссеңіздер – жасыл, келіспесеңіздер – қызыл.

Мен телефонды қалай пайдалану керектігін білемін.

Мен қашан көмек сұрау керектігін білемін.

Мен қандай телефон арқылы көмек сұрайтынымды білемін.

Мен жедел қызметтерге қоңырау шалу кезінде не айтарымды білемін.

Мен мекенжайым мен телефонымды білемін.

Мен бұл нөмірлерді ешқашан ермек үшін термеймін.

Егер сіздер жасыл картаны алты рет көтерген болсаңыздар, онда мен сіздер үшін алаңдамай, көңілім тыныш болады. Сіздер экстремалды жағдайларда не істейтіндерінді білесіздер.


Сабақтың ортасы

Назар аударайық
Қ. Толыбаевтың шығармасынан үзінді оқыту және оқушының есінде қалатын негізгі ұғымдарды анықтатып, тақтаға жазғызу.
Ш. Айтматовтың «Мұрап» әңгімесінен үзінді оқу.
Мәтіннен қандай көріністерді елестете алар едіңдер?
• Қаратайдың отбасына қандай сипаттама берер едіңіздер?
• Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлаймыз?
• Отбасын құру үшін ата-ананың келісімі керек пе?
• Отбасын құру үшін адамдар қанша уақыт бірін-бірі білуі керек деп ойлайсыз?
Үйлену дегеніміз - өз құқыңның жартысын азайтып, міндеттеріңді екі есе көбейту деген сөз.
Артур Шопенгауэр
Жаңа ақпарат
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай – үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті.
«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.
Бейнематериал көрсету
Шығармашылық жұмыс
а) Отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу
б) «Құндылық құнын ұғыңдар» (карточкамен жұмыс)

Құндылық құнын ұғындар
Отбасымда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті _______________________________________________

«Менің ойымша…….» немесе «Мен ойлаймын…….» айдарында.
«Бақытты 
отбасы модулін» салу.

презентация

Сабақтың соңы

Жүректен-жүрекке
«Ұрпаққа өсиет» әнін айтқызып аяқтау


























































Бекітілді____________________


Тәрбие сағаты

Педагогтың аты-жөні: Азиева А.Т.

Күні: 20.01.2025ж

Сынып 1 «Ә»

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы: «Тәртіп - жеңістің алғашқы нышаны» Қауіпсіздік сабағы «Отбасылық құпия сөз»

Сабақтың мақсаттары:

Оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады;

Жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғары және төмен сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріп тердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Құндылықтар және оның мақсаты:

Ай құндылығы: Заң және тәртіп

Сабақ құндылығы: ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Білімнің жаратылыстану және гуманитарлық салаларындағы тәжірибені бақылаудың, жүйелеудің және түсінудің қарапайым дағдыларының болуы

Апта дәйексөзі: «Талап бар жерде тәртіп бар»

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы



Сабақтың ортасы



Сабақтың соңы

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2025
125
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі