Материалдар / Отан-отбасынан басталады
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отан-отбасынан басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Тамыз 2018
524
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды облысы Шет ауданы Жарылғап батыр ауылы

Елеубекова Нәсіпкүл Тұяқбайқызы

Бастауыш сынып мұғалімі


Менің балам қандай?

Мақсаты: ата-аналар мен тәрбиленушілерді сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті,салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау,отбасы-Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып,әке мен анаға деген баланың сүйіспеншілігі,балаға деген мейірім,бірін-бірі аялауға тәрбиеленушілерді ынтымақ пен бірлікке ,татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі:ойын

Барысы:

Жүргізуші:

Атам қазақ «Бала-адамның бауыр еті» , «Балалы үй базар» дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы,отбасының жеміс берер гүлі.Отбасы-бұл қоғамның негізі.Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін,жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

-Армысыздар құрметті ата-аналар мен оқушылар!Бүгінгі біздің «Менің балам қандай?» ойынына қош келдіңіздер.

«Отан-отбасынан басталады» деп жатамыз.Жанұяның береке –бірлігі әр сәбидің ,әр баланың болашақ қадамы.Өйткені,ұяда не көрсең,ұшқан да соны ілесің.Отбасы –ол да бір шағын мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша ,оны отағасы,ол болмаса, отанасы ,одан қалса,үлкен аға не әпке басқарады,олардың сөзін,ұйғарымын өзгелерді жерде қалдырмайды.Бүгін ,міне осы отбасы арасындағы татулықты,дәстүрді,өнерді жалғастырып келе жатқан отбасылар бар.Олай болса,осы ойынымызға қатысушы отбасы және ана мен баласын ортаға шақырайық.

4-сынып оқушысы- Гүлімжан ата-анасымен

3-сынып оқушысы -Шарапат анасы –Айнұрмен

2 - сынып оқушысы- Нұрбол анасы Эльмирамен

1-сынып оқушысы-Темірлан ата-анасымен

Қошеметтеп ортаға шақырайық.

Ең алдымен,шаттық шеңберін құрайық:

Аман болсын анамыз,

Аман болсын әкеміз

Аман болсын екеуі

Жұлдыз болып жанамыз

1-кезең «Балам туралы»

1.Сүйікті мейрамы

2.1 маусым қандай күн?

3.Сүйікті мультфильм

4.Кім болуды армандайды?

5.Ең жақын досы кім?

6.Сүйікті тағамы

7.Сүйікті әні

Би.

2 кезең «Менің балам қандай?»

Келесі кезекте аналары балаларының қандай екенін бес саусақ арқылы таныстыру.менің балам қандай?Есімі қандай себеппен қойылған?Балаларыңызды аты затына сай болсын!

Ән


3 кезең «Суреттер сөйлейді»

4 кезең «Аялы алақан» (әр ана өз баласын табу)

5 кезең «Мен білемін» ойыны әр бала өз әкесінің затын табуы тиіс.

Ән «Анашым»

6 кезең Отбасылық ойын «Әріптер».Баланың таңдаған әрпі бойынша сұраққа жауап беру.

1.Есіміңіз

2.Тегіңіз

3.Маандығыңыз

4.Жасыңыз

5.Қай жерде тұрасыз?

6.Қайда бара жатырсыз?

7.Ол жерде не бар?

8.Астана қандай қала?

9.Арманыңыз қандай?

10. «Менің балам қандай?» ойыны қандай?

7 кезең «Ата көрген оқ жонар

Ана көрген тон пішер» демекші мамандықтар туралы айта кетсеңіздер.

Жүргізуші:

Ата-аналардың тілегі,

Адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің- дей келе

сайысты осы Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді: «Тек қана ата-анлармен бірге,жалпы күш- жігер біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін».

Ән «Көңілді күн»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!