400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отан отбасынан басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
1 кезең. Шарты әр отбасының балалары қатысады. Кезеңнің атауы «Кім тапқыр». Әр қатысушыға логикалық сұрақ қойылады. 2 кезең. «Асқар таудай аталар» деп аталады. Әр отбасының аталары көсем сөздің шеберлігін көрсетуі қажет Берілген сөздерге байланысты тапқырлық танытып, соған байланысты мақал-мәтелдер айтуы қажет. Кезеңде жылдамдық ескеріледі. Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатады. Ой түбінде жатқан сөз Шер толқытса шығады демекші, ал қанекей сайысымызды бастайық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,

«№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ,

Бекболатқызы Ұлпан



Понарамалық сабақтың тақырыбы: Отан отбасынан басталады

Сабақтың мақсаты: Оқушылар бойында отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Электрондық презентация, үлестірме карточкалар, түрлі-түсті қағаздар, қайшы.

Сабақтың барысы

Сабақты ұйымдастыру кезеңі қатысушыларды топтарға бөлу. Әр отбасының ата, әже, әке, ана және балаларымен таныстыру. Әділ-қазылар мүшесін таныстыру.

1 кезең. Шарты әр отбасының балалары қатысады. Кезеңнің атауы «Кім тапқыр». Әр қатысушыға логикалық сұрақ қойылады.

2 кезең. «Асқар таудай аталар» деп аталады. Әр отбасының аталары көсем сөздің шеберлігін көрсетуі қажет Берілген сөздерге байланысты тапқырлық танытып, соған байланысты мақал-мәтелдер айтуы қажет. Кезеңде жылдамдық ескеріледі.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады.

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады демекші, ал қанекей сайысымызды бастайық.


3. кезең «Әлдилеткен әжелер» сайысы. Бұл кезеңде әжелер өздерінің қол-өнер шеберліктерін көрсетеді.

Ұйымдастырып істеген

Әр істің бір сәні бар.

Әр қимылдың өзінше

Ырғағы бар, сәні бар

Әр әжеге түрлі қазақтың ою-өрнегі беріледі. Мысалы: Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, ромбы пішіндес өрнек ою керек.


4 кезең : «Әкелер сайысы» Бұл кезеңде әкелерге қазақтың тұрмыстық болмысына байланысты сұрақтар қойылады жылдамдықпен соларға дұрыс жауап берулері қажет.

Сұрақтар:

  1. Шиден жасалатын бұйымдарды атаңыз (Киіз үйдің керегесіне ұстайды, құрт жаятын ши төсеніш, мал сойғанда астына төсейтін төсеніш)

  2. Қазақ қыздарының бас киімдерін атаңыз (Тақия, бөрік)

  3. Егде әйелдердің бас киімі (кимешек)

  4. Ұлттық өрнек (Ою)

  5. Сусын құятын ыдыс (Торсық)

  6. Жаңа көрші көшіп келгенде шақырылатын қонақжайлылық (Ерулік)

  7. Қой терісінен тігілетін ер адамның сырт киімі (Тон)

  8. Ер адамның ұлттық аяқ киімдері (мәсі, етік, саптама)

  9. Иық бұйымдарының түрлері (камзол, көйлек)

  10. Домбыраны қандай ағаштан жасайды (қайын)

  11. Тігіс түрлері (көктеп тігу, қайып тігу, күрмеп тігу)

  12. Ұлттық зергерлік бұйымдары (білезік, алқа, шолпы, шашбау, белбеу, сақина)

5 кезең «Аналар асыл жандар» Бұл сайыста аналарға түрлі ұлттардың тағамдары көрсетіледі, сол қай ұлттың тағамы екенің, және соның негізгі құрамын атау қажет.

Сабақ қорытындысы: Жарыс қорытындысын әділ-қазылар шығарып, жеңімпаз отбасын марапаттау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.12.2018
653
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12