«Отан отбасынан басталады»бөлімі бойынша 6–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары емтихан

Тақырып бойынша 21 материал табылды

«Отан отбасынан басталады»бөлімі бойынша 6–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары емтихан

Материал туралы қысқаша түсінік
«Отан отбасынан басталады»бөлімі бойынша 6–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Отан отбасынан басталады»бөлімі бойынша 6сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары

Білім алушы__________________________ сыныбы____ мерзімі_________

І нұсқа

Оқу мақсаттары:

6.1.6.1тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру

6.2.5.1 коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп ойларын толықтырып отыру

6.3.3.1 орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;

6.4.2.1 эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу;

6.5.1.1 мәтіндерден деректі және дерексіз зат,көптік мәнді есімдерді ажырата білу,жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану.


Бағалау критерийлері:

- тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру

-коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп ойларын

-орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;

толықтырып отыру

-эссе тақырыбының желісінен шықпайды; әрбір абзацты жүйелі құрастырады, қажетті мазмұнын ашып жазады;

- мәтіндерден деректі және дерексіз зат,көптік мәнді есімдерді ажырата білу,жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану.


Тапсырмаларды орындау уақыты -90 минут


Тыңдалым мәтінді мұқият тыңдап, сұраққа жауап бер

Отбасы –сыйластық, түсіністік орнаған орта, кішкентай Отан, табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Отбасы –мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі, бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Жеке адамның бойындағы ар –ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы- алғашқы қадам. «Отан - отбасынан басталады» деген нақыл сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасында құндылықтар мол болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленіп, болашақта Отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын азамат болып шығады. Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек. Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір сүріп жатқан жастар осы құндылықты бағалай алмайтын сияқты. Себебі отбасындағы бала тәрбиесін түрлі гаджеттер мен планшеттер алмастыруда. Осы кезде дана Әл-Фарабидің мына сөзі ойға келеді: «Білім алмас бұрын, мықты тәрбиені қалыптастыру керек, тәрбиесіз алған білім қоғамға өте қауіпті». Кез келген адамның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның санасында көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді

Отбасындағы өзара сыйластықты қалай түсінесің?





Айтылым Берілген тақырыптардың біреуін таңдап,сол бойынша диалогті құрыңыздар. Ойларыңызды толықтырыңыздар.

1. Ең қымбат адамдар

2. Әкең –қамқоршың,анаң-ақылшың

3. Отбасы –өмір айнасы



Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.
Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Әсіресе,”Түп қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздері қөңілімде жатталып қалыпты. Ата - анамның тілегін орындауға бар күшімді саламын. Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс - тіршілік әкеледі. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата - ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес.





1.Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1,2,3)



Мәтіндегі ақпараттар

Реті

Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым.


Отбасы – адам баласының алтын діңгегі


Ата - анамның тілегін орындауға бар күшімді саламын




2.Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.

А.Отбасы кішкентай мемлекет

В.Олиммпиада жеңімпаздары

СҚазақстан мақтаныштарым

Д.Жібек жолы бойындағы қалалар

Жазылым. Берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз. (90-100сөз) Жазба жұмысында деректі және дерексіз зат есімдерді, көптік мәнді есімдерді қолданыңыз.

1.Отбасы –бақыт мекені

2.Менің отбасым

3.Бақытты отбасы



_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Әдеби тіл нормаларды Эссе мәтінен деректі және дерексіз зат есімдерді ,көптік мәнді есімдерді ажырату.

Деректі зат есім

Дерексіз зат есім

Көптік мәнді есім











































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.04.2024
541
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі