жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отан оттан да ыстық 7-сынып
Бөлім: |
9-бөлім: Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Лексика |
Педагогтің аты-жөні: |
А.Барлыбекова |
Күні: |
30.03.2026 ж. |
Сыныбы: 7 |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Отан оттан да ыстық |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
7.1.4.1 мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау; 7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу |
Сабақтың мақсаты: |
Мәтіннің тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, шағын мақала құрастырып жазу. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басталуы Минут 10
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Психологиялық ахуал: «Досқа тілек» әдісі арқылы. Үй тапсырмасы сұралады. «WordWoll» әдісі арқылы. Қызығушылықты ояту. Жаңа сабақ «Ойталқы» әдісі. Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? Ұлы Отан соғысы туралы не білесіңдер? Неліктен бұл соғыс «Ұлы Отан соғысы» деп аталды? Сендердің ата – әжелерің немесе туыстарың Ұлы Отан соғысына қатысқан ба? Оқушыларға ойтүрткі сұрақтарын қояды. Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын оқушылармен бірлесе анықтау жұмысын ұйымдастырады. |
Оқушылар назарын сабаққа аударады. Психологиялық ахуал: «Досқа тілек» Әр бала өзінің парталасына немесе жанында тұрған досына жақсы тілек тілейді. Үйге берілген тапсырманы талқылайды. Қызығушылықты ояту. Жаңа сабақ «Ойталқы» әдісі арқылы оқушылар өз пікірлерін білдіреді. Берілген тақырыпқа орай сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. Сабақтың мақсатымен, тақырыбымен танысады. |
ҚБ. Ауызша мадақтау Жарайсың! Керемет шешім! Жақсы! Тамаша! Талпын! Ойлы шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін! Өте жақсы! Оқушылар бір-бірінің жауабын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды. Өз ұпайларын «Смартфон» әдісі арқылы бағалап отырады. Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
Оқулық Жұмыс дәптері Тақтамен жұмыс Акт
|
Сабақтың ортасы. 30 минут |
1-тапсырма. Айтылым Суретті қолданып, Ұлы Отан соғысы туралы қысқаша әңгіме құрап айтыңдар. 2-тапсырма. Өлеңді тыңдап, теңеулерді айтыңдар. Мәтіндегі оқиғаның дамуы мен аяқталу кезеңін айтыңдар. Тапсырманың орындалу барысын түсіндіреді. Тапсырма соңында кері байланыс жасайды. Бағалайды. |
1-тапсырма. Жеке жұмыс Оқушылар сурет бойынша әңгіме құрап айтады. Өз ойын жүйелі, дәлелді білдіреді. Бір – бірінің жауаптарын толықтырып, бағалайды. Өз ойларын еркін білдіруге дағдыланады. |
Дескриптор: Жалпы – 3 балл. - әңгіме құрап айтады. 1б - тақырып бойынша ойын жүйелі жеткізеді. 1б - өлеңді мұқият тыңдап, пікір білдіреді. 1б ҚБ. Ауызша мадақтау Жарайсың! Керемет шешім! Жақсы! Тамаша! Өте жақсы! Оқушылар бір – бірінің жауаптарын бақылап, кері байланыс жасайды. Өз ұпайларын «Смартфон» әдісі арқылы бағалап отырады. 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бағаланады. |
Оқулықпен жұмыс Акт Ұялы телефон
|
Тілдік бағдар |
Оқшау сөздер – сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленетін сөздер мен сөз тіркестері. Оқшау сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемде ойды нақтылай түсіп, басқа сөздермен мағыналық қарым-қатынаста болады. Өзге мүшелермен қабыса, матаса, меңгеріле, қиыса байланыспай, оқшауланып тұрады. Оқшау сөздердің мағыналық белгілері оқиға желісінің кімге, неге арналғандығын (-Балақай, сурет сала білесің бе?), айтушының оған деген көзқарасын (-Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады), көңіл-күй, сезім толқынысын (-Апыр-ай, сөзің сүйектен өтті-ау!) білдіру мақсатында қолданылады. Оқшау сөздер мағыналық белгілері мен жасалу жолдарына қарай одағай, қаратпа, қыстырма сөздерге жіктеледі. |
|||
|
5-тапсырма. Оқылым Мәтінді оқып, негізгі ақпаратты анықтаңдар. Мәтін бойынша күрделі жоспар құрыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер. Мәтіннен оқшау сөздерді табыңдар. Тапсырманың орындалу барысын түсіндіреді. Тапсырма соңында кері байланыс жасайды. Бағалайды. |
5-тапсырма. Жұптық жұмыс Мәтінді оқып, негізгі ақпаратты анықтайды. Мәтін бойынша күрделі жоспар құрады. Сұрақтарға жауап береді. Мәтіннен оқшау сөздерді табады. Бір – бірін тыңдап, пікір білдіреді. Оқушылар бір – бірінің жауаптарын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бақылап, кері байланыс жасайды. |
Дескриптор: Жалпы – 5 балл. - мәтінді сауатты оқиды. 1б - күрделі жоспар құра алады. 1б - сұрақ құрастырады. 1б - сұрақтарға жүйелі жауап береді. 1б - оқшау сөздерді таба алады. 1б ҚБ. Ауызша мадақтау Жарайсың! Керемет шешім! Жақсы! Тамаша! Өте жақсы! Оқушылар бір – бірінің жауаптарын бақылап, кері байланыс жасайды. Өз ұпайларын «Смартфон» әдісі арқылы бағалап отырады. 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бағаланады. |
Оқулықпен жұмыс Жұмыс дәптері
|
Сабақты бекіту тапсырмасы |
6-тапсырма. Жазылым Фразеологизмдердің құрамындағы тиісті сөзді тауып жазыңдар. Осы тіркестерді қатыстырып, сөйлем құраңдар. Тапсырманың орындалу барысын түсіндіреді. Тапсырма соңында кері байланыс жасайды. Бағалайды. |
6-тапсырма. Жеке жұмыс Оқушылар фразеологизмдерді қатыстырып сөйлем құрайды. Морфологиялық талдау жасайды. Сабақты қорытындылайды. Оқушылар бір – бірінің жауаптарын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бақылап, кері байланыс жасайды. |
Дескриптор: Жалпы – 2 балл. - фразеологизмдерді жазады. 1б - сөйлем құрап, талдау жасайды. 1б ҚБ. Ауызша мадақтау Жарайсың! Керемет шешім! Жақсы! Тамаша! Өте жақсы! Оқушылар бір – бірінің жауаптарын бақылап, кері байланыс жасайды. Өз ұпайларын «Смартфон» әдісі арқылы бағалап отырады. 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бағаланады. |
Оқулықпен жұмыс Жұмыс дәптері Тақтамен жұмыс
|
Сабақтың соңы Минут 5 Кері байланыс Рефлексия Үйге тапсырма
|
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Үйге тапсырма. 6-тапсырма. 201-бет |
Кері байланыста бүгінгі сабақта не ұнағанын, өз әсерін, өзіне ұнаған тапсырманы, қажетті мәліметті айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
|
Мұғалім оқушылармен «Ауызша мадақтау» әдісі арқылы кері байланыс жасайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген