«Отан оттан да ыстық» Мұз үстіндегі қауіпсіздік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Отан оттан да ыстық» Мұз үстіндегі қауіпсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
«Отан оттан да ыстық» Мұз үстіндегі қауіпсіздік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: __________________

Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Дулатқызы Динара

Күні:

27.11.2023

Сынып: 5 «A»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Тоғызқұмалақ-day

Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру;

-Тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп, пысықтау, тиянақтау.

Құдылықтарға баулу

Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Музыкалық және бейне көркемдеу

Тақырыпқа сай презентация, тапсырма парақшалары

Ресімдеу

Слайд

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

Интерактивті тақтадан «Қазақтың ұлттық ойындарының» суреті көрсетіледі.

Оқушылар қандай ойын түрлерін көргенін айтады.

Мұғаліммен амандасады


Бүгінгі күнге сәттілік тілейді

ҚБ

Мадақтау, қолдау



Сабақтың ортасы

20 минут

Мұғалім жаңа сабақ тақырыбын түсіндіреді. Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, жануар атауларына байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін соңғы кезде қалыптасқан ойындар.

Ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздың бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жеріне б.з.б. бірінші мыңжылдықта -ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындардың негізі шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Бұлардң көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізделген.

-Күрес - қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ойын. Бұл ойында адамның жеке күш - қайраты сынға салынады. Жігіттер сайыс майданына түскен кіммен болса да тайсалмай күресуі тиіс. Қарсыласқысы келгеннен аянбау керек. Күрес қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді.

Аударыспақ - салт аттылардың бірін - бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат күші мол, батыл да төзімді шапшаң қимылдап, атқұлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Аударыспақ қазіргі кезде де шопандар тойында, мерекелерде спорт ойынының бір түрі ретінде көрсетіліп жүр.

Қазақтың кез-келген шаңырағында болған той-мереке ән-бисіз өтпеген.

Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар. Азғантай уақыттың ішінде олардың барлығына бірдей тоқталу мүмкін емес. Сондықтан қазір сол ойындардың ішінде «Арқан тартыс», «Сақина салу», «Асық» ойындарын ойнап көрейік.

Сақина салу - жеребе арқылы бір қыз, бір жігіт ортаға шығады. Басқалары екі қолдарын уыстаған күйі тізелерінің үстіне қойып отырады. Қыз қолындағы сақинаны әр ойыншының уысына салғандай ыңғаймен ойынға қатынасушыларды түгел аралап өтеді. Содан кейін жігітке «Сақинаны тап!» деп бұйырады. Жігіт өзі ұйғарған ойыншыдан «Сақинаны бер!»деп сұрайды. Тапса, сақинаны ұстап отырған ойыншы айып тартады. Таппаса, іздеушінің өзі айып тартады. Ал айыптың өтеуі көпшіліктің қалауы бойынша орындалады. Айыптың түрі: ән салу, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту т. б болады.

Асық ойыны - ер балаларға тән ойын. Асық ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды.

Асық ойны туралы балалардан сұрақтарға жауап алынады. Асық ойны және арқан тартыс ойны ойнатылады.





Эссе туралы түсінік алады

























Қажетті ақпарат

тарды қолданады








Оқушылар бірнеше ойын түрлерін түсіндіреді, үлгі ретінде көрсетеді.







ҚБ

Мадақтау, қолдау















































Слайд





























Сабақтың соңы

5 минут

Сонымен ұлттық ойындар-ата-бабамыздан бізге жеткен,өткен мен бүгінгіні жалғастыратын баға жетпес байлығымыз,асыл қазынамыз.Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып,қабілетін оятады.Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы мүмкін емес.Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе секілді.Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін ,ойдан-ойға жетелейтін ,адамға қиялымен қанат бітіретін ғажайып нәрсе,ақыл-ой жетекшісі,денсаулық кепілі,өмір тынысы.



ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
















Сынып жетекшінің аты-жөні:

Ермекова Г К

Күні:

13.11.2023

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

«Теңге –мемлекет келбеті»

15 қазан – Ұлттық валюта күні ( «Еңбегі асыл жас өрен» жобасы

Мақсаты

Ұлттық теңгенің Тәуелсіздік символы екендігін насихаттау, теңгенің шығу тарихын және авторлары жөнінде мәлімет беру, оқушыларды туған елін сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Құндылық

Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;


Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Педагогтің іс -әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Кіріспе

10 мин























Негізгі бөлім

25 мин


  1. Ақша туралы түсінік

  2. Теңгенің шығу тарихы

  3. Кім білгір? танымдық сұрақтар бөлімі

«Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны».

Ақша туралы түсінік. Ақша (ағылш. money; cash; нем. Geldn, Geldmittelpi) — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ол барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп, құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі – ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, моңғолдар, т.б.) мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда – аң терісі, Қытайда – шай, Абиссинияда – тұз атқарды. Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені, металл (әсіресе алтын, күміс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез келген тауарға айырбасталды.

Ақша әр алуан қызмет атқарады: тауарлар мен әр түрлі қызметтердің құнын көрсетеді, айналым құралы, төлем құралы ретінде пайдаланылады, сол сияқты қор жинау және сақтау құралының рөлін атқарады. Ақша өнімді шығаруға кеткен шығынды өлшеуге, еңбекті сан және сапа жағынан бақылауға мүмкіндік береді. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді.

1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ”Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы”жарлық шығарды.

Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990 жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.


Әбу-Насыр –әл –Фараби

Ол Отырарда дүниеге келген. Арабтар бұл қаланы Фараб деп атаған.Әл- Фараби орта бойлы,мығым денелі, батыл болып өседі.Бала күнінен атқа шапқыштығымен,мергендігімен көзге түседі.Түркі,парсы,араб тілдерін мүлтіксіз сөйлейді.Грек,латын тілдерін жақсы білген. Ол дүние жүзінде Аристотельден кейінгі екінші ұстаз. Әл- Фараби 150 жуық еңбек жазған.

Сүйінбай. Алматы облысы,Жамбыл ауданында дүниеге келген.Балалық шағында кедейшілік,жоқшылық көреді.Соған қарамастан 14-15 жасынан бастап ақындық өнерге машықтана бастайды.Сүйінбай келе-келе нағыз суырып салма,айтыстың ақиық ақынына айналады.

Сүйінбай халық мұңын мұңдап,үстем тап өкілінің әділетсіздігін бетіне басып,әшкерелеп отырған батыл да әділ ақын. Оның өлеңдерінде адамның мінез-құлқы,адамгершілігіне, жақсы-жаман қасиеттеріне көңіл бөлінеді.

Құрманғазы. Құрманғазы – қазақтың күйші, сазгері,домбырашысы.Күй өнерінің классигі.Оның әнге әуестігі жастайынан байқалады. Алты жасында әкесі байдың қозысын бағуға жібереді.Зейінді туған бала әке-шешесінің жағдайын түсініп, олардың айтқанына қарсы келмейді. Жалғыз серігі қолдан жасалған домбырасын йығынан тастамайды.

Құрманғазы қуғын-сүргінді көп көрді.1880 жылдардың бас кезінде Астрахань жаққа қоныс аударды.

Ортаға 10,20,50,100 теңге кейіпкерлері шығады.

Шоқан Уәлиханов. Ол өте ақылды,көреген,өз заманының білімді адамы болды. Орысшаға қоса бірнеше шығыс тілін білген. Шоқан әуелінде қазақ мектебінде оқиды.Мұнда арабша оқумен сурет салуды үйренді.Шығыс әдебиетімен танысады.Араб,парсы,ұйғыр тілдерін меңгерген.1853 жылы Кадет корпусын бітіреді.Сол мамандығы бойынша қызметте істейді. Шоқан ғалым, саясатшы,географ, суретші,әдебиетші,тарихшы.

Абай Құнанбаев. Абай - қазақтың ұлы ақыны,сазгер,философ, қазақ әдебиетінің негізін салушы.Ол әуелде ауыл молдасынан оқиды.10 жасқа толғанда әкесі оны Семейге медресеге оқуға жібереді.Мұнда араб,парсы,шағатай тілдерін меңгереді.Науаи,Низами,Фирдауси сияқты оқымыстылардың шығармаларын құныға оқиды. Орысшасын өз бетінше жетілдіре түседі.

Абай өлеңдері татулықты, достықты уағыздайды.Оның елуге жуық қара сөздері бар. Көлемі қысқа,мағынасы терең.


3.Кім білгір? танымдық сұрақтар бөлімі

1. «Әр елде — өз валютасы »

«Табыс» « Теңге» « Тиын»

Қырғызстанда-/сом/ Ресейде -/рубль/ Германияда — /марка/

Америкада — / доллар/ Ұлыбританияда-/фунт/ Украинада — /гривна/

/ стерлинг/ /карбовенец/

Қытайда — / юань/ Тәжікстанда — /манат/ Өзбекстанда — /сум/

Түркияда -/ лира / Латвияда - / лат / Кореяда — / йена /

1-жағдай:Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді,базардағы оқулық бағасы 800 теңге.Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді.Бірақ оқулық ескі.жыртық.Сен оқулықты ұстағың келіңкіремей тұр .Сенің іс-әрекетің …?

2-жағдай: Сен екі ініңді бала бақшадан алып қайттың.Інілерің қарындары ашқандарын айтты. Сенде 60 теңге бар.

Балмұздақ 60 теңге, 3 алма 60 теңге, 1 қорап сағыз 60 теңге

Қай затты алар едің? Неге?

3-жағдай: Сенің былтырғы етігің өзіңе шақ.Бірақ оны кигің келмей тұр.Жыртық болмағанмен,ескі.Ойыңды әкеңе айтып едің,әкең айлық әлі алмағанын айтты.Сенің әрекетің…?









Ақша туралы мәлімет алады





Ақпараттарды есте сақтайды























Тұлғалар туралы ақпарат алады

























Сұрақтарға жауап береді


















Жарайсың!



Тамаша!



Керемет!
























Екі жұлдыз, бір тілек











Ауызша мадақтау





Слайд

















Бейнематериал




















Презентация



















Монеталар











Танымдық сұрақтар














Ситуациялық сұрақтар






Қоры

тынды

10 мин


1. Теңгенің суретін салған кім?

2.Теңгенің алғашқы нұсқасы қайда басылды?

3.Теңгенің шыққан күні?

4.Ата-анаң алатын ақша.

5.Түрлі елдердің банкнотасы мен монетасын, көне ақшаларды жинайтын адам.

6.Қазақстандағы валюта.

7. Ұлттық валютаға биыл неше жыл?

8. Елімізде биыл тағы қандай мерекелі атаулар болды?

9. Ақша дегеніміз не?

10. Республикада ақша айналысындағы шақалармен (монетамен) қатар қандай монеталар бар?



Сұрақ-жауап
























Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Гулназира

Күні:

6.11.2023

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Оян, ар мен адалдық».

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру; олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Құдылықтарға баулу

«АР-ҰЯТ» Адал еңбекті құрметтеу; Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу,мейірімділік таныту;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут


Психологиялық ахуал туғызу

«Сенің есімің» жаттығуы.

Мақсаты: топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру.

Әр оқушы нақыл сөздің мағынасын аша отырып, тақырыптың атауын біледі.


ҚБ

Мадақтау, қолдау


Парақ

Сабақтың ортасы

20 минут

Мұғалім: Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.Видео сабақты қарау. https://www.youtube.com/watch?v=f2J53JvJ2j8 Ары қарай сұрақтар қойылады.

Сұрақтар:
– 1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
– Үлкен кісімен амандасып жол беремін.
– 2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
– Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.
– 3. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
– Асықпай түсіндіріп беремін.
– 4. Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?
– Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.
– 5. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.
– 6. Әдептілік деген не?
– Адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым - қатынасының ережелері.
- 7. Ата - ананның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытта келіп қалды делік, сен оны үзбей қарайсың. Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі. Сен қандай шешімге келер едің?
- 8. Құрметті досым! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың»- дейді. Мен не істеуім керек?
9. «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?».
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
10. «Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

Тыныштық әті.  Оқушыларға «Тыныштық сәті»әдіс-тәсілін қолдану.    –Балалар,денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алулар-ыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаныңтұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді балалар көздеріңді ашып, бұрынғы қалпымызға келейік.


Тақырыпқа назар аударады. Сұрақтарға жауап береді.



































Мәтінді жалғастырады. Талдайды.Өз ойын қосады.

Мұғалімнің қойған сұрақтарына да жауап іздейді.





















Оқушылар айтылған іс-әрекетті жасайды.











ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»










ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.























ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
















Слайд

Қима қағаздар









Суреттер










Мәтін




















Слайд



https://www.youtube.com/watch?v=f2J53JvJ2j8














Сабақтың соңы

5 минут

Қорытындылау. Адамгершілік қасиет - жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы.Адамдық борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін.
Серт берген еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін.

Мәнерлеп оқиды.

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Стикерлер қалам

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.06.2025
81
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі