Материалдар / Отан оттан да ыстық сабақ жоспары қазақ тілі 4-тоқсан

Отан оттан да ыстық сабақ жоспары қазақ тілі 4-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Отан оттан да ыстық сабақ жоспары қазақ тілі 4-тоқсан
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 1-сабақ

Бөлім:

9-бөлім: Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Лексика

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Даулетиярова Айман Биржановна

Күні:

Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Отан оттан да ыстық

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.1.4.1 мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау;

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу;

7. 4. 4. 5 оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу.

Сабақтың мақсаты

Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтай алады. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жаза алады. Оқшау сөздердің қызметін түсініп, ажырата алады.

Құндылықтарға баулу

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

-Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу.

Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

-өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут

































Сабақтың ортасы

10 минут































10 минут































































































































































































































































































5 минут



15 минут







































Сабақтың соңы

5 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;

Ойтүрткі

1.Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?

2.Ұлы Отан соғысы туралы не білесіңдер?

3. Неліктен бұл соғыс Ұлы Отан соғысы деп аталды?

4.Сенің ата-әжелерің немесе туыстарың Ұлы Отан соғысына қатысқан ба?

1-тапсырма

Суретті пайдаланып, Ұлы Отан соғысы туралы қысқаша әңгіме құрап айтыңдар









2-тапсырма

Топтық жұмыс

Ф.Оңғарсынованың «Қасірет пен ерлік жыры» атты өлеңін мұқият тыңдап,

сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы алған әсеріңмен бөлісіңдер. Негізгі ойды анықтаңдар.

1-топ:

Үзінділер

Сөйлеушінің сөйлеу мәнеріне, дауыс ырғағына мән беріп, негізгі ойын анықта.

Аспан мен Жер арасын
өрт қаптады жалыны жаландаған,
көңірсіді құйқадай адал далам.

Бір-бірінің қанынан ұрттамаса,
тыншымастай сұстанды адамға адам.


Жас орнына мөлдіреп жанарда қан
тамайын деп тамбаған, тама алмаған.

Алмасты ілез күрсіну, күңіренумен
жүректерден шарықтап таралған ән.


Мазасыз әм қысқа бұл тіршілікте
болар кейде мейірімді адамнан аң.
Сәби көңіл жандардың жанын улап
бітіспес кек, ызамен арамдаған.
Дөңбекшіді сонда Жер қанға бөгіп:
“Не кінәң бар, Адамдар, тағар маған?!”




2-топ:

Үзінділер

Сөйлеушінің сөйлеу мәнеріне, дауыс ырғағына мән беріп, негізгі ойын анықта.

...Төріне әкеп өлім мен қайғы лақтырып,
уланбаған аймақты жайратты жұт,
жауыздығын себелеп айбат қылып.


аймалайды елжіреп балапанын
ұмыттырған талайғы мұңды сырын,
сезіндірген аналық бақытты алғаш
еріндерін қызықтап тұңғышының.
Бұл бақытты қашан ол аңсағалы...
Аңсағалы, көз жасын тамсағалы.
Кімге барып не дейді, құдайым-ау,
“Балам жоқ!” деп қай жұртқа жар салады.


Сәби келді талайғы армандаған:
ұмыт болып қайғылы таңдар қараң.
Шаттығы да келеді мұң-қайғының
қанша нәлет айтса да жалғанға Адам.
Бақыттылық!
Отыр еді көзінде жақұт тұнып –
“Соғыс!” деген бір сөзден есеңгіреп
зәресі ұшты орнынан атып тұрып.






3-топ:



Үзінділер

Сөйлеушінің сөйлеу мәнеріне, дауыс ырғағына мән беріп, негізгі ойын анықта.

Соғыс,
тартыс
ешқашан басылмаған,
қантөгістен қаншама ашынды адам.
Жазықсыз жер қаншама жараланып,
жетімдіктен қаншама бала налып,
қара тұман жамылды жасыл ғалам.
Әлсіздерді әлділер басып-жаншып,
шындығы жоқ өмірден ашынғансып
дейтіндер бар: “Бұзылған ғасыр жаман”.


Жатырсың сен
ғұмыр бойы оқтардан жараланып,
сені адамдар былғады, талады анық.
Болмаса да бір сәтің күрсінбеген,
қажысаң да тартысып күншілменен,
мықтылықты сенімен бағаладық.
Қай заманның болмасын бір кеселі –
ойлы ұлдарың азаппен күн кешеді
өсекпенен, жаламен қараланып.


Бүгін соғыс. Айнала азап толған.
Төбешікке қырғынмен азат болған
ту қадады карт солдат жылап тұрып.
Қанша қырғын.
Жер қақалды жас қанын тамсап ұлдың…
Әрбір үйдің ардағы шаттығы алда
шала жансар көміліп жатты қарда,
үзілді албырт арманы бал шағыңның,
от жылдардың ұл-қызы, қыршын кілең,
кешкенім жоқ сен көрген бұл сынды мен.




Тілдік бағдар

Оқшау сөздердің түрлері



Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: 1) қаратпа сөздер; 2) қыстырма сөздер; 3) одағай сөздер.

 Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер қаратпа сөздер деп аталады. Көркем әдебиетте, әсіресе, поэзиялық шығармаларда қаратпа сөз жансыз заттарға қаратылып та айтыла береді.

 Қаратпа сөз сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтір арқылы ажыратылады. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы: Балалар, бұл жол басы даналыққа. Аягөз, қайда барасың? Туған жер, тауыңда туып, тасыңда өстім!

 Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Атқа қонайық, жігіттер, аттанатын да уақыт болыпты.

 Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы: Түнде жыламас болар, қарағым.

 Қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы: Шығыс ұлы! Өткен жылы бастан кешірген ауыр күндерді есіңе алшы.

 Көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы: Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші, Шығыс ұлы!

 Сөйлеушінің түрлі көзқарасына байланысты қолданылатын сөздер не сөз тіркестері қыстырма сөздер деп аталады. Қыстырма сөздер мағынасына қарай төмендегідей топталады:

 1. Сөйлемдегі ойға сендіру мақсатындағы қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, турасын айтқанда, әділіне келгенде, т. б.

 2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру мағынасындағы қыстырма сөздер: сірә, мүмкін, шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз, т.б.

 3. Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау мақсатындағы қыстырма сөздер: қысқасы, тоқ етері, демек, түйіп айтқанда, сайып келгенде, жалпы алғанда, т. б.

 4. Көңіл күйге байланысты қыстырма сөздер: бәсе, бақытымызға қарай, амал не, өкінішке орай, сәті түсіп, т. б.

 5. Ойды санамалап айту үшін қолданылатын қыстырма сөздер: ең алдымен, екінші жағынан, біріншіден, т. б.

 Қыстырма сөздің тыныс белгісі – үтір. Қыстырма сөз:

-сөйлем басында келсе, одан кейін;

-сөйлем ортасында келсе, екі жағынан;

-сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады.

 Мысалы: Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Қорыққандықтан ба, әйтеуір, екі аяғы дірілдеп кетті. Менің айтқандарымды ұмытып кеттің-ау, сірә.

 Айтылған ойға сөйлеушінің немесе жазушының түрлі сезімін, көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөздің түрі одағай сөздер деп аталады. Одағай сөздерге байланысты тыныс белгісі – үтір. Мысалы: Па, шіркін! Керемет екен! Ертерек білмегенімді қарашы, әттеген-ай!

 Логикалық көтеріңкі екпінпен айтылған одағай сөз үтірмен ажыратылып, сөйлем соңына леп белгісі қойылады.











Жеке жұмыс

Ф.Оңғарсынованың «Қасірет пен ерлік жыры» атты өлеңін толық оқып шығыңдар. Өлеңде көтерілген мәселе соғыс зардаптары жөнінде ой толғап, мақала жазыңдар. Мақаланың жанрын, стилін сақтаңдар.

Көркемдегіш құралдарды және оқшау сөздерді қолданыңдар.

Мақалаға қойылатын талаптар:

-тақырыптан ауытқымау,

-берілген уақыттан асырмау;

-сөз әдебін сақтау;

-тіл сауатталығы

-мақал-мәтелдердің, тұрақты тіркестердің эмоционалдық қызметін түсініп қолданады.

-өзіндік ойы мен көзқарастарын жүйелі жеткізеді.



Үйге: 4-тапсырма





Рефлексия

Кестені пайдалана отырып, «Шығу парағын» толтыр.

Қызықты болды.

Бүгін мынаны

түсіндім.

Қиын болды.



















Сұрақтарға жауап береді.













Суретті пайдаланып, Ұлы Отан соғысы туралы қысқаша әңгіме құрап айтады





































Өлеңді мұқият тыңдап, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы алған әсерімен бөліседі. Негізгі ойды анықтайды.







































































































































































































































































































































































































































Ф.Оңғарсынованың «Қасірет пен ерлік жыры» атты өлеңін толық оқып шығады. Өлеңде көтерілген мәселе соғыс зардаптары жөнінде ой толғап, мақала жазады. Мақаланың жанрын, стилін сақтайды.

Көркемдегіш құралдарды қолданады.

















Рефлексия жасайды. Бүгінгі сабақта не үйренгендерін, топта қалай жұмыс жасағандарын, қандай білім алғандарын таразылайды.



Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!

Дескриптор

Білім алушы

-суретті пайдаланады – 1 балл,

-тақырыпқа сәйкес әңгіме құрайды – 1 балл,

-құрылымын сақтайды 2 балл.











Дескриптор

Білім алушы

- сөйлеушінің сөйлеу мәнерін ажыратады ,

- өз әсерімен бөліседі,

- негізгі ойды анықтайды.









Топтық жұмысты

Медальон арқылы бағалау









Жеке жұмысты

бағалау

«Ай» әдісі

Т олық ай –толық орындадым;


Рисунок 1 Жарты ай- мен жартылай орындадым;

Жаңа ай – менің орындамағаным басымдау болды

































































































































































































































































































































































Дескриптор

Білім алушы

-мақаланың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтайды – 2 балл;

- көркемдегіш құралдарды қолданады – 1 балл;

-оқшау сөздерді қолданады – 2 балл,

- мақаланы тақырыпқа сай жазады – 1 балл.











7-сынып

«Атамұра» баспасы

2024жыл















Қалыптас

тырушы бағалауға арналған



тапсырма

лар жинағы

7-сынып





















ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ

ҚЫЗЫ





















Оқулық

7-сынып

«Атамұра» баспасы

2024 жыл



































21 Мамыр 2025
72
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі