"Отан-оттан да ыстық" топтар арасында квест ойыны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Отан-оттан да ыстық" топтар арасында квест ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
топтар арасында квест ойыны ретінде ұйымдастырылған.Әр команда белгілі бір тапсырмамен өтеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Отан - оттан да ыстық!» ересек топтар арасында квест ойыны

Мақсаты:

Ойлау, шапшаң шешім қабылдау дағдыларын дамыту

Көрнекілік:

Конус, туннель, кедергі жолағы.

Жүргізуші:

Армысыздар, ардақты азаматтар,

Отбасының тірегі, елді бастар.

Құтты болып мереке баршаңызға

Бақ-береке әкелсін отбасыңа!

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Бүгінгі 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын!Ендеше құрметті қонақтар біз бүгінгі мерекені ерекше қылып өткізгіміз келіп отыр.Яғни бүгінгі мерекемізді "Отан-оттан да ыстық" деген тақырыпта квест ойыны ретінде өткізгіміз келіп отыр.Біздің жас отан қорғаушыларымызды қарсы алыңыздар!

Залға әсем әуенмен балалар кіреді.

Әнұран

Залға әскери қызметкер келеді. Балаламен сәлемдеседі.

Жүргізуші :Қош келдіңіз!

Балалар: Саламатсыз ба?

Әскери қызметкер: Саламтсыңдар ма балалар! Мен әр бақшаны аралап біздің болашақ сарбаздарды тапқырлықтарын, ептіліктерін, күштерін тексеріп жүрген едім.Балалар сендер дайынсыңдар ма?

Балалар: -ия

Әскери қызметкер:

1-бекет: "Әскери дайындық"

Тапсырма:

Еңбектеп өту

Конустар арасымен қаппен секіріп өту

Сарбаздың әскери бұйрығын орындау (мысалы: "Оңға бұрыл!", "Аттап өт!" т.б.)

2 - бекет: «Білімділер сайысы»

(Балалар Отан,ел туралы өлең шумақтарын айтады)



Абдуллах

Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың

Сая

Отаным менің Қазақстан

Атыңнан сенің айналам

Бас иіп саған өтемін

Жасай бер жаса Қазақстан

Дамир

Отан - жерім,

Отан - суым,

Отан - қуат, нәр береді.

Отан - ұран,

Отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Айым

Жеңіс күні ғажайып,

Қасіреттің біткені.

Аталардың жеңісі,

Орындалып күткені

Айсана

Біз бақытты баламыз,

Жеңіс күнін тойлайтын.

Аталарға ардагер,

Алғысты көп арнайтын

Сендер барда, Ұландар,

Жарық біздің жүзіміз.

Тыныш, бейбіт заманда,

Жақсы өтуде күніміз.

Рахмет саған, Ұландар,

Амандықта жүріңіз!

Хантөре

Жеңіс күні, жеңіс үні,

Қуандырған баршаны.

Мерекеде шырқалған,

Жеңістің бұл тәтті әні.

Алинұр

Ерлігі бар даңқы бар,

Бірлігі бар халқым бар.

Отан үшін аянбай,

Ұрпағын мәңгі талпынар.

Расул:

Ерлер — біздің қорғанымыз

Ерлер — біздің қорғанымыз,

Қыран қанат арманымыз.

Отанды біз қорғаймыз,

Батыр болу — арманымыз!

Айша

Отаным менің Қазақстан

Қарызбын саған әрқашан

Азаматтық борышты

Өтеуге мәңгі талпынам.

Димок

Отан қорғаушы ағалар,

Сіздерге біз тілейміз.

Бар жақсыны жүрекпен,

Алғыс айтып, үндейміз.

3 - бекет: "Шекараны қорға"

Балалар құрастырмақтардан пистолет , пвтомат құрастырады.

4 бекет: «Жаралыға көмек»

Әскери қызметкер қалай көмек көрсететінін түсіндіреді

5-бекет: "Жеңіс шеруі"

Тапсырма:

Әр топ сапқа тұрып, жеңіс шеруін жасайды.

Отан әнін орындайды.

Ту ұстап әндетеді.

Әскери қызметкер:

-Жарайсыңдар балалар!Сендер тапсырманы керемет орындап шықтыңдар!

5 бекеттен мүдірмей өтіп, барлық тапсырмаларда өздеріңнің жан-жақты екендеріңді дәлелдедіңдер! Жарайсыңдар! Барлық бекеттерді мүдірмей өткендерің үшін сендерді мақтау қағазымен марапаттаймын!





















































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2025
50
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі