2сынып Дүниетану.
Сабақтың тақырыбы: Отан. Қазақстанның Туы,
Елтаңбасы, Әнұраны.
Сабақтың мақсаты: оқушы бойына Отан ұғымын берік бекіту; өзінің отбасына,
туған өлкеге, атамекенге деген ыстық сүйіспеншіліктерін дамыту;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері - ел жүрегінің
соғысы, ел тілегінің тоғысы екендігін ұғындыру.
Көрнекілігі: рәміздердің суреттері, Қазақстан туралы
суреттер.
Сабақтың
барысы:
Психологиялық дайындық.
Жаңа сабақ.
1.Қазақстан Республикасының Әнұраны
орындалады.
2.Кіріспе әңгіме.
-
Бүгінгі біздің әңгімеміз кең байтақ Отанымыз - Қазақстан,
Отанымыздың рәміздері туралы.
3. Негізгі бөлім.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Сұрақтар мен
тапсырмалар:
1.Біздің Отанымыз қандай?
2.Қазақстан халқы қалай тұрады және немен
айналысады?Картадан Қазақстан Республикасын тауып көрсетіңдер.
3.Өзіміз тұратын қаланы (ауылды, облысты)
тауып көрсетіңдер.
4.Қазақстанда қандай халықтар бар және олар қалай тұрады?
5.Отаныңа деген ыстық махаббатыңды қандай жылы сөздермен жеткізер
едің?-
6.Қазақстан
Республикасының рәміздері туралы білімдерін толықтыру.
Жетекші сұрақтар қойылады. Оқушылардың сұраққа толық жауап беруі қадағаланады.
Оқушы жауаптары:
ҚР рәміздері - Ту, Елтаңба,
Әнұран.Олар 1992 жылы 4 маусымда
қабылданды.
Қазақ елінің Туы мен Елтаңбасының түсі көгілдір
және алтын.
Көк түс — бірліктің, адалдықтың белгісі.
Алтын түс - байлық пен берекенің
белгісі.
Мұғалім:
2006 жылдың 7
қаңтарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жаңа Әнұраны
қабылданды.
Өлеңін Жұмекен Нәжімеденов, музыкасын Шәмші
Қалдаяқов жазған «Менің Қазақстаным» әні бірінші рет 1956 жылы
орындалды. Қазақстанда бұл әнді білмейтін адам жоқ.
2006 жылдың 6 қаңтарында ел Парламенті Сенаты
мен Мәжілісінің бірлескен отырысында Үкіметтің ұсынысы бойынша
Мемлекеттік Әнұранның әуені мен мәтінін жаңарту көзделді. Елбасы
Н.Ө. Назарбаев өлеңге езгерістер енгізді. Олеңдегі жиырма жолдағы
елу тоғыз сездің жиырма бес сөзі өзгеріске ұшырады. «Менің
Қазақстаным» әні 2006 жылы 10 қаңтардан бастап жаңа әнұран болып
бекітілді. «Менің Қазақстаным» әні адамның отаншыл сезімін оятады,
елін, жерін бағалап, құрметтеуге тәрбиелейді.
ҚР-ның Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн,
оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тіктөртбұрышты,
көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған
тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнелері
алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы
күмбез тәрізді, бөлігі) бейнеленген, шаңырақты айнала күн
сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты
көмкеріп тұр.
Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген
жазу бар.
Шаңырақ -
отбасының, одан да асыра айтқанда бүкіл адамзат ұясының
нышаны.
Киіз үй -
көшпелілер мәдениетінің сыйы.
Шаңырақ - қазақ
халқы үшін айрықша қастерлі ұғым. Ол - Қазақстанды мекендейтін
барлық адамдардың ортақ отбасының, ортақ үйінің нышаны.
Ай мүйізді, алтын қанатты қос
пырақ киелі шаңырақты қос қапталынан
орап, пәле-жаладан, қауіп-қатерден қызғыштай қорып тұрғандай әсер
қалдырады. Ортақ үйіміз - қасиетті Отанымызға қалтқысыз қызмет ету идеясын
білдіреді.
Жұлдыз - барлық
бес құрлық мемлекеттерімен, халықтарымен ашық қарым-қатынас жасауға
деген ұмтылыстың. белгісі.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы мәтін бөлік бойынша оқытылып, мазмұны
ашылады.
Бақылау күнделігімен жұмыс.
Дұрыс жауапты табу.
Балалардың құқықтары мен міндеттерін
анықтау.
құқықтары: міндеттері:
білім алуға; жақсы
оқуға;
емделуге; табиғатты
қорғауға;
демалуға үлкендерді
сыйлауға;
құқықтары бар. кішіге
қамқор болуға міндетті.
Сабақты қорытындылау.
-
Қазақстан қандай республика?
-
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
-
Қазақстан жері қандай?
-
Қазақстан жері кең-байтақ.
-
Қазақстан елі қандай?
-
Қазақстан елі бақытты.
-
Қазақстанда қандай адамдар тұрады?
-
Қазақстанда мықты, даңқты адамдар тұрады.
Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар.
Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру: Мәтінді мазмұндау.