400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Отан –қуат, Отбасы –шуақ »

Материал туралы қысқаша түсінік
-айналадағы адамдардың барлығымен жақсы қарым –қатынас құндылығын түсіндіру. Міндеттері: - Адамның бойынан сабырлылық, бауырмалдық, сыйластық , мейірімділік, ізгілік сүйіспеншілікке бөлену - адамды, Отанды, өмірді сүйе білу іскерліктерін дамыту;
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Мектеп: “Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы” ММ Мерзiм

Тақырып: «Отан –қуат, Отбасы –шуақ »

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: бауырмалдық, сыйластық , мейірімділік, ізгілік  

Мұғалiм: Кыстаубаева Жанагүл Қорғанқызы. Сынып- 10 «А » Оқушылар саны – 10


Сабақ мақсаты:

-айналадағы адамдардың барлығымен жақсы қарым –қатынас құндылығын түсіндіру.

Міндеттері:

- Адамның бойынан сабырлылық, бауырмалдық, сыйластық , мейірімділік, ізгілік сүйіспеншілікке бөлену

- адамды, Отанды, өмірді сүйе білу іскерліктерін дамыту; 

Ресурстар: (суреттер, нақыл сөздер )

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» түсіндіремін.Тәртіп, талап, тыныштық, татулық , тазалық.

Мұғалім:

Отбасы- менің жүрегім,

Отбасы- менің тірегім.

Отбасым- менің Отаным,

Тек сен деп соғар жүрегім,- ақындар жырласа,

«Отан-қуат, Отбасы-шуақ»- деп дана халқымыз айтқандай, Отан мен Отбасы –егіз ұғым.

Отбасы-Отанымыздың ошағы. Отбасы-сыйластық орнаған орта, кішкентай Отан.

Ал, енді балалар осы егіз ұғымнан екі топ құрайық. 1 – топ «Отан»

2- топ «Отбасы»

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие- бұл барша халқымыздың бақытты да табысты болашағының кепілі»

Н.Назарбаев

Дәйексөздің мағынасын ашу. дәптерге жазғызу.

1 – топ «Отан»

2- топ «Отбасы» екі топ постер қорғайды.



  1. Әңгiмелеу:

«Жүрек жылуын сыйлаған жан » Сара Назарбаева

туралы презентация қарау


4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сыйқырлы қоржын

Екі топ сурет алады сурет бойынша эссе жазады.

1 топ: «Отан» туралы эссе

2 топ «Отбасы »туралы эссе жазады

Екі топ бір-бір өлең оқиды.



Топпен ән айту. «Әке ана»

Әбдіжаппар Әлқожа

Жанашырым - ана, дара шыңым - ана

Бар асылым - ана, шуағымсың.

Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке

Қорғанымсың - әке, шырағымсың.

 Қайырмасы:

Ана, аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана, мен сені меккеге апарамын

Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке, мен сені меккеге апарамын

Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке

 

Өмір берген маған, көңіл бөлген маған

Сенім берген маған айкүнімсің.

Қамқорларым дана, сүйенішім дара,

Әке менен ана байлығымсың.

 Қайырмасы:

Ана, аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана, мен сені меккеге апарамын

Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке, мен сені меккеге апарамын

Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке

 Қайырмасы:

Ана, аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана, мен сені меккеге апарамын

Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке, мен сені меккеге апарамын

Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке



5.Үй тапсырмасы.

Мақал- мәтелдер сайысы.




6.Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады

«Мейірімді жүрек» Жүректертің суретіне жақсы сөздер жазылып

жүрек жасайды.

Picture 4

Рахмет!

















Отбасым - менің жүрегім 
Отбасым - менің тірегім 
Отбасым – менің Отаным 
Тек сен деп соғар жүрегім -

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
9721
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі