жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Отан үшін от кешкендер
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Ү.Бибатыр
Ән: «Жеңіс күні» орындайтын Жүсіп Тұрлыхан.
1-жүргізуші:
Cүйінші, халқым,
cүйінші!
Cүйіншіге
сүйінші!
Шаттан,
ата-анамыз,
Шаттан,
аға-бабамыз,
Кек қайтарып
фашистен,
Соғыс бітті
жеңіспен,
Жеңдік жауды
күресте
Жасалсын
той-мереке.
2-жүргізуші
Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді жеңген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн — деп ақын Қадыр Мырза Әли
жырлағандай «Бақыт гүлін терген
күн!» атты
Ұлы жеңістің 70
жылдығына арналған
салтанатты
жиынды ашу үшін сөз кезегі мектеп директоры Бибатыр Үсен Биданұлына беріледі.
1-жүргізуші:Ұлы Отан
соғысының жеңіспен аяқталғанына міне,70
жыл болды. «Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес. Соғыс қайталанбауы үшін
оның сұмдықтарын ,сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған
солдатты ұмытуға құқымыз жоқ.Біздер барлығын есте сақтауға
міндеттіміз... 
2-жүргізуші:Сонымен ,Ұлы Отан соғысының кейбір беттерін парақтайық және барлығын еске алып көрейік:
Сталинград үшін шайқас 1942 жыл жаз айының ортасында жарты ғасырға созылған тарихи Сталинград қырғыны басталады.
Салинград үшін шайқаста ерлік көрсеткен жерлесіміз Қарсыбай Сыпатаев Ордабасыдан шыққан 5 батырдың бірі.Оны біз мақтан тұтамыз.Кіндік қаны тамған Төрткөл жеріне оралмай Сталинградтағы Волга бекінісінің іргесінде ерлікпен қаза тапты.
Көрініс: «Қарсыбайдың ерлігі»
Хор: «Соғыстан қайтқан солдаттар»
Ару қыздар – алаулап от кешкендер
2-жүргізуші:
Ақ шашты
ана!
Саптан шықпай нық басып келесің
бе?
Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен
жер...
Қаласыңдар мәңгілік ел
есінде,
Ару қыздар – алаулап от
кешкендер. (Ф.Оңғарсынова)
1-жүргізуші: Отан!... Жау!... Олар қорқақтар сияқты
түнде басқыншылықпен бейбіт халыққа шабуыл
жасады. Бұл 1941 жылдың
22 маусымы еді...
(Д.Шостаковичтің № 6 симфониясының
әуенімен)
Оқырман
(1):
Кең дала-туған
анамыз,
Қарындас, сүйген
жарымыз...
Әйелге бәрін
балаймыз
Ұнатса нені
жанымыз.
Тарих-ана
атанды,
Ана деп жүрміз
Отанды...
2-жүргізуші: Иә, кешегі он сегіз бен жиырманың
арасындағы, күні кеше қос тұлымы желбіреп, ертеңгі болашаққа аппақ
арман, балауса үмітпен күлімдей қараған жас қыздар нәзік балтырын
сыздатқан солдат етігін киіп, гүл құшуға ғана жаралғандай сүйрік
саусақтары ауыр автоматты көтеріп, майдан өтіне бара
жатты.
1-жүргізуші: Жеңіс күніне жетер жол жеңіл болмады...
Соғыстың әрбір күні – қан мен өлім, қайғы мен мұңға толы болды.
Жеңістердің қуанышы, батырлардың жанқиярлық
ерлігі...
Оқырман:
(3): (майданнан келген хаттан үзінді
оқиды)
«Апа!
Қалай,
қуаттысыз ба? Жағдайыңыз жақсы болар? Менің денім сау. Көңілім хош.
Апа! Сіз майданға шығарып саларда маған: «Балам, қоян жүрек қорқақ
болмай, батыр бол, бар жігер, бар күшіңді сүйікті Отаныңды,
халқыңды қорғауға жұмса, үйге абыроймен қайт» деме пе едіңіз?Бұл
сіздің бүкіл ел атынан тапсырған аналық тапсырмаңыз еді ғой. Мен
ана тапсырмасын абыроймен
орындаудамын...»
2-жүргізуші: Бұл
майданнан жазған жауынгердің хаты. Ол мыңдаған Отанын қорғаған
солдат сияқты майдан шебінде қайтыс
болған...
1-жүргізуші: Соғыс жылдары майданның әртүрлі шебінде
800 мыңнан аса әйел адамзаты болған екен. Адамзат тарихында
осыншама әйел адамының соғысқа қатысуы
болмаған.
Сонымен 41-жылдары соғысқа аттанған
аруларымыз қандай еді»?
(Сахнаға бірінен кейін бірі ақырындап 4 қыз
бала шығады
Қыз бала
(1): «Мен о баста дәрігер болуға талпындым.
Бірақ ол мақсатымды соғыс орындатпады. Өз тілегіммен майданға
келдім. Ал штабта қағаз жазып отырғанда не бітіремін. Небір жайсаң
азаматтар жауды жайпап, өздері де қыршын кетіп жатқанда менің жаным
солардан артық па еді! Соғыс сұрапылының бәріне төзгім келді. Бас
сауғалауға арым бармайды… Тек кейде ауырып қаламын ба деп қорқамын.
Мен өзімді-өзім мүлде өзгертіп, кейбір қатал командирлерге ұқсағым
да келеді. Өзім басқаратын
пулемет расчетында жақсы да, нашарлау да адамдар бар. Олардың
бәріне бірдей мен жақсы көрінгім келмейді. Тәуір істерін жақтап,
мақтап, нашарларын жөнге салсам- командирлік міндеттің орындалғаны
ғой деп ойлаймын».
2-жүргізуші: Бұл қазақ
халқының қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың майданның алдыңғы шебінен
тілшілерге берген алғашқы сұхбаты
еді.
Оқырман
(4):
Абайлады сонда
Мәншүк жан-жағын,
Көрді өзінің
жапа-жалғыз қалғанын.
Көзге жанар,
көкірекке кек толып,
Қинады қимай
серік-саңлағын.
Қара көзі жарқ
етті тек танадай,
Төңкерілді
ашылып бір қарамай.
Пулеметте ойнап
тұрған он саусақ.
Қалды қатып бір
серпуге жарамай.
(М.Хәкімжанова
«Мәншүк» поэмасынан)
Қыз бала
(2): ...Қазір
мен жол үстіндемін, алдыңғы күні аттанғанбыз, бүгін, сірә, көздеген
жерге жетіп қалармыз деп ойлаймын, бірақ бұл аса анық емес. Қайда
бет алғанымды өзің де түсінесің ғой деп ойлаймын. Бірақ, сенен бұл
жөнінде қынжылмауды өтінем, неге десең мектепте әлде де болса
бірқатар уақыт оқуға қалдырса да, өзім сұранып аттандым. Өміріме
өкінішім жоқ. Бірақ жүректі билеген бір қалтқы ой бар: жоқ, ол-өзім
туралы емес-сенімен, сәбилермен, жеңешеммен, жалпы туыстарыммен
кездесе алмағаным...
...Қазір алдыңғы шепте тұрмыз. Хатты терең
окопта отырып жазудамыз. Айнала ну ағаш. Немістермен бетпе-бет
кездесіп тұрамыз. Менің басымда каска, белімде граната, ал қолымда
винтовка бар...
1-жүргізуші: Иә, бұл ержүрек Әлияның туыстарына
жазған хаты еді. 1944 жылы 14 қаңтарда Казачиха деревнясы үшін
кескілескен ұрыста алған ауыр жара Әлияның өмірін қиып түсті. Бұл
1944 жылдың қаңтары еді. Сол бір кескілескен шайқаста тірі қалса,
Әлия бес айдан соң 19 жасқа толар еді...Оның қысқа өмірінің екі
жарым жылы қанды майданда, от кешумен өтті. Бірақ бұл – жалын боп
лаулап, құйрықты жұлдыздай жарқырап өткен, кейінгі бүкіл
іні-сіңлілеріне мәңгілік өнеге болып қалған өмір. Ару Әлия,
қаһарман Әлия бізге «Отаным, елім» деп соққан аяулы жүрегін мирас
етті...
Оқырман: (5)
...Жан емес пе, махаббат пен бақыт үшін
жаралған,
Гүл емес пе жаңа ғана тіршіліктен нәр
алған!?
Күйер ме екен от-жалынға жапырағындай жас
талдың
Әлияның жүрегінде өркен жайған бар
арман?! Аққу поэмасы»
Н.Исабаев
1-жүргізуші: Қазақ халқының екі көзінен үзіліп
түскен қос тамшысындай Әлиясы мен Мәншүгі жарық жұлдыздай болып,
аспан төсіне мәңгілікке қадалып жатты. Алайда төрт жылғы қанды
топалаңда жарты Еуропада іздерін қалдырып, туған топырағына
аман-есен оралған батыр апаларымыз да баршылық. Солардың арасында
қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш әскери ұшқыш Доспанова
Хиуаз.
Қыз бала
(3): “Ең бірінші әскери тапсырманы
Краснадонда алып, жаудың күші мен техникасын жоюға біз аспанға
түнде көтерілдік. Айналаның бәрі тастай қараңғы. Құлақ түбінен
уілдеген желдің ызыңы ғана естіледі. Ұшағымыз ауада қалқып келе
жатқандай, анда-санда тербеліп қояды... Тек сонау төменде
айқыш-ұшқыш атылған оқтардың, жерге түскен бомбалардың жарқылы
көрініп қалады. Осылай айналаны бағдарлап ұшып келе жатқанымызда,
кенет айналаның бәрі анық көрінді. Сөйтсек, жау әскерлері өз
шептеріне өткен біздерді байқап қалып, жүздеген прожекторларын
жаққан екен. Сол-ақ екен айналаның бәрі-астаң кестең болды да
кетті. Командирімнің “таста, таста” деген бұйрығына қарамай
нысананың дәл келуін күтіп, оңтайлы сәтті күтіп тістене түсудемін.
Осылай әбден бағдарлап бомбаны тастап-тастап кеп жібердім.
Төмендегінің бәрі астаң-кестең болып жатыр. Мен құшырлана қайта
тастаймын. Сонымен бұл түні біздер берілген тапсырманы ойдағыдай
орындап аэродромға
қайттық.
2-жүргізуші: Ең алғашқы аспандағы айқасы осылай
басталған Хиуаз апа Берлинге дейінгі ұзақ жолында 300-ден астам рет
аспанға көтеріліп, екі рет жаралы болыпты. Еліміз егемендік
алғаннан кейін Хиуаз Доспанованың майдангерлік-жауынгерлік еңбегі
әділ бағаланып Халық Қаһарманы атағы
берілді.
Оқырман (6):
Ырзамыз барлық
ісіңе,
Періште... қара
көздерім.
От пенен судың
ішінен
Бізді алып шыққан
өздерің.
Қызықтың бәрін құрбан
ғып,
Біз үшін
күйіп-жандыңдар.
Бізді ойлап жүріп,
жылдардың
Өткенін білмей
қалдыңдар. (С.Жиенбаев “Қазақ
әйелдері”)
Қыз бала
(4): ...Көп ұзамай-ақ ұшақпен ұшып жүріп, жау
жағының маңызды объектілерін суретке түсіруге тәп-тәуір машықтанып
алды. Кәдімгі барлаушылардың қатарына қосылды. Жау тылына жиі-жиі
шығып, белгілі объетілерін суретке түсіретін болды. Соның
нәтижесінде дайын болған фотопленкалар тиісті орындарға жіберіліп,
сол арқылы біздің әскерлердің алдағы іс-қимылдарының жоспары
жасалып жататын. Әрине, мұндай барлау сапарларының бәрі сәтті бола
бермейтін еді. Кезекті барлаудан қайтып келе жатқан ұшақты
фашисттер байқап қалып, оқ жаудыра бастайды. Сөйтіп қоршаудан
сытылып шыға бермек болғанда, жау жағы оқты қарша боратады. Бір
кезде лаулап жана бастаған ұшақ қою түтін будақтатып зуылдай
жөнеледі. Өмір мен өлім белдескен осы бір сындарлы сәтте Рахиланың
көз алдына өзінің сүйікті Қарағандысы, аяулы анасы, дос-жарандары
келе қалғандай. Төменде-орман. Аман қалған барлаушылар үш күн бойы
немістерден бойтасалап, шаршап-шалдыға жүріп, ақырында орман
арасындағы партизандар отрядына келіп қосылды. Солардың көмегі
арқылы өз аэродромына аман-есен
жетеді.
2-жүргізуші: Бұл көмірлі қарағандыдан түлеп ұшқан
санаулы қазақ қыздарының бірі –барлаушы Рахила Ералинаның
жауынгерлік өмірінің бір ғана ұмытылмас сәтінен
көрініс...
(Қыздардың барлығы ортаға
шығады)
1-Жүргізуші:
Келешек ұрпаққа ешқашан соғыс дегенді
көрмесін деп тілейміз. Қыздарымыз қолына қару емес, әрқашанда гүл
ұстасын.)
Ән:
«Смуглянка»
Би: «Синий
платочек»
2-жүргізуші.: Соғыс кезінде
оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы
майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар
бәріне төзді. Таңның атысынан күннің батысына дейін ферманың
жұмысымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды.
Жеңіс жақындады.Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірінде тікті.
Көркемсөз оқушы:Оқып көр Москваның шежіресін,
Кетірген кердең жаудың кежіресін.
Баукеңдей ер қолбасшы қалар ма естен,
Тапты ол тар қыспақта не бір шешім.
Оқып көр Москваның шежіресін,
Көз алдыңа елестер не бір есім.
Оның бірі Сізге аға ,Сізге іні,
Еске алшы,ет бауырың елжіресін.
Мол тартқан қан майданның ғаламатын,
Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын.
Жан аға,жақсы аға-жетпес баға ,
Кім сүймес Бауыржандай азаматын!
Көркемсөз оқушы: Олар 28 еді. 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. 1075 — атқыштар полкі 4 — ротасының 2 — взводы тұрған бекініс жаудың 30 — танкісі шабуыл жасады. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты..Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 18 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді

Көркемсөз оқушы: Орыс,қазақ ,қырғыздан
Құрылған бұл шағын топ.
Жауға үрей туғызған
Жайпап түсер жалын боп.
Даңқ қосып даңқыңа,
Сұрапылға төтеді.
Борыштарын халқына
Ерлігімен өтеді.
Би: «Катюша»9 «а» сынып қыздарының өнерін тамашалаңыздар
Ән: «Ару қыздар»9-сынып жігіттерінің орындауында
Би: «Қазақ сарбаздары»
Сұлтанбек Ерасылдың өз шығармашылығы «Ерлік даңқы мәңгілік»
2-Жүргізуші:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
1-Жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Хор: «Ақ көгершін»
2-жүргізуші : Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Бақыт гүлін терген күн» атты салтанатты жиынды қорытындылау үшін сөз мектеп директоры Бибатыр Үсен Биданұлына беріледі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген