"Отан үшін от кешкендер" тәрбие сағатының жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Отан үшін от кешкендер" тәрбие сағатының жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының қысқа мерзімді жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Отан үшін от кешкендер»

Тәрбие бағыты:азаматтық-патриоттық тәрбие

Сынып сағатының мақсаты:Ұлы Отан соғысының тарихи оқиғаларын, жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін, жеңіске қандай жолдармен келгенін әдеби кітаптар, тарихи құжаттар мен фотосуреттер арқылы оқушыларға жеткізу; Ұлы Отан соғысы кезінде өшпес ерліктің үлгісін көрсеткен аталарымыздың ерлік істерін тыл ардагерлерлерінің еңбектерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту.Оқушылардың мәтінге мағыналық талдау жүргізу машығын, сын тұрғысынан қисынды ойлауын дамыту.Жас ұрпақты Отанын аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

Оқушылармен бірге мәтінді бірлесе оқып, талдау арқылы олардың талқылау, сұрақ қою, ойлану, іздену қабілеттерін дамытатын ортаны құру.

-Талқылау барысында балалар мәтіннен тыс мәселелерді де қарастыруға жағдай жасау арқылы оларды өзін-өзі тәрбиелеуге жетелеу.

-Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс арқылы олардың бір-бірінің ойын сыйлауға, тыңдауға, пікірлерін құрметтеуге үйрету.

Күтілетін нәтиже:

-Сабақ барысында майдангерлер мен тыл ардагерлерінің еңбектерімен , концлагерде болған тұтқынның жан түршігерлік өмірімен таныса алады.

-Оқушылар өмірде болып жатқан ситуацияларға өз көзқарастарын білдіріп, баға бере алады.

-Отанына деген сүйіспеншілік, өлім, өмір, тағдыр деген ұғыммен таныса алады.

-Аталары соғысып өткен жолдары жайлы көп білу үшін ізденудің жолдарын үйрене алады.

Тәрбие сағатындағы қолданылған әдістер:

  • Сыни тұрғыдан ойлау (Қызығушылықты ояту,Мағынаны тану,Ой толғау),

  • АКТ,

  • болжау,

  • ой шақыру,

  • бес сөйлемді эссе,

  • Инсерт(түртіп алу) әдісі

  • диалогтық оқыту:

  • топтық жұмыс «Сахналық көрініс»,

  • жұптық жұмыс «Постер әзірлемесі»,

  • миға шабуыл «Соғыс» сөзін жүйелеу,

  • суретпен жұмыс(мақал құрау),

  • кері байланыс

Тәрбие сағатының формасы: Шығармашылық ізденіс сабағы

Пән аралық байланыс: Тарих, мектеп кітапханасы, ауыл тарихы, қазақ әдебиеті

Тәрбие сағатының көрнекілігі:

  • көрнекі әзірленген слайд,

  • бейне фильм «Тыл ардагерімен сұхбат»

  • әдебиеттер, естеліктер,

  • «Қара жәшік», оның құпиясы,

  • төс белгілер,

  • ватман, маркерлер, стикерлер

Құндылықты дамыту: Ұлттық мүдде , ар-ұят , талап.

Тәрбие сағатының жоспары:

І.Қызығушылықты ояту

а)Төс белгіні талдау, сабаққа болжау жасау

ә)Ой шақыру: Соғыс сөзін естігенде ойларыңа не келеді? /ойларын жазады, жұпта талқылайды/

ІІ Мағынаны тану:

1)топтық жұмыс

а)Ер балаларға арналған тапсырма

М. Әуезов «Абай» романына байланысты жазылған хат желісі бойынша көрініс көрсету;

ә) Қыз балаларға тапсырма «Концлагердің №81523 тұтқыны Ақмолалық Лариса Ивановнаның басынан кешкендері»

2) «Соғыс» сөзін жүйелеу

3) «Қара жәшік» тапсырмасы: Қайтыс болған жауынгерлер жайында мағлұмат алу үшін қолданылған нәрсе

4) Оқушы шығармашылығындағы -Тылдағы еңбек еткен ардагерлер

«Тыл ардагерімен сұхбат»

ІІІ. Ой толғаныс

Суреттің мағынасына сай мақал-мәтелдер

Қорытынды

«Отан үшін от кешкендер»- кімдер немесе қандай жандар? (Ой түйіндемелері)

Сабақ барысы:

І.Қызығушылықты ояту

а)Төс белгіні талдау, сабаққа болжау жасау

Төсбелгісіндегі құралдарға талдау жасау арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбына болжау жасайды.Яғни, пулемет, катель,қалам ұш, каска. Ендеше Ұлы жеңіске арналатын сабақ екендігіне көз жеткізеді.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай күні.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны. 

ә)Ой шақыруСоғыс сөзін естігенде ойларыңа не келеді? /ойларын жазады, жұпта талқылайды/Бес сөйлемді эссе орындайды.

ІІ Мағынаны тану:

Соғыс майданында М. Әуезов «Абай» романына байланысты жазылған хат желісі бойынша көрініс көрсетеді;

Миға шабуыл

Соғыс: Тұтқын мен қорлау, аштық пен қасірет, биттеу мен ауру,еріксіз төзу мен жан азабы

«Қара жәшік» тапсырмасы: Қайтыс болған жауынгерлер жайында мағлұмат алу үшін қолданылған нәрсе . Яғни жәшікте жасырынған нәрсені табу керек.

(Түсініктеме: Ол-гильза. Жауынгерлер өзінің аты-жөні, тұрағы, туған жылы т. б. анықтамаларын жазып, гильзаға тығып,гильзаның аузын бекітіп, өздерінің төс қалтасына салып қойған.)

Оқушы шығармашылығындағы -Тылдағы еңбек еткен ардагерлер

Оқушылар дайындап әкелген жұмыстарымен таныстырады.

Ә) Cынып оқушыларының бейне фильмі «Тыл ардагерімен сұхбат»

ІІІ. Ой толғаныс

Сурет бойынша мақал мәтел құрастыр

Оқушыларға сурет ұсынылады, оның мағынасын ашатындай мақал-мәтел құрастырады.Мысылы: « Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады», «Жау жоқ деме, жар астында», т.б.

Қорытынды

«Отан үшін от кешкендер»- кімдер немесе қандай жандар? (Ой түйіндемелері)

Оқушылар бүгінгі сабақ негізінде тақырыпқа сай ойларын стикерге жазады.

Сабақ аяқталды. Сабаққа белсене қатысқандарыңызға рахмет!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2024
212
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі