Отанға жол

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отанға жол

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану пәні бойынша 8 сынып оқушыларына арналған сабақ жоспары. Сабақтың тақырыбы:"Отанға жол". Сабақ жоспары толықтырылып жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

,

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстірлігі


«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»КМҚК

«Бекітемін»______________

Колледж әдіскері: Қайсанова Ж.Қ

«Келісемін»___________________

Пән мұғалімі: Жакыпова А.К






САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: «Отанға жол»






Өтетін орны: «№8 – көркем эстетикалық білім беру және тәрбиелеу жалпы орта білім беретін мектеп -кешені»

Сыныбы: 8 «В»

Мерзімі: 17.12.2021

Тобы: 409

Машықкер: Кәменова А.Б

Баға: «___» ___________





Семей 2021 жыл


Тақырып: Отанға жол

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: татулық, ақжарқындылық, кеңпейілділік

Сабақ мақсатыоқушыларға Отанды әркім өз анасындай қастерлеп, бағалау керектігін түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушыларды ақжарқындылыққа үйрету.

  • Оқушылардың кеңпейілділік қасиеттерін дамыту.

  • Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер), таратпа материалдар,




Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Тыныштық сәті:  «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы,

тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық

жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр

көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын» Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!


















2. Үй тапсырмасын тексеру:

«Сыйласаң сыйлы боласын» эссе жазу



3. Дәйексөз:

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Халық мақалы

Туған жер – ата-бабамыздың мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз тұрды, өмір сүрді. Бұл жер – ата-бабамыздың кіндігі кесілген

жазира жер. Жалқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең. Туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің

жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған.

Сұрақтарға жауап беріп, дәйексөздің мағынасын ашу.

4. Әңгiмелеу (мұғалім сыйы).

Отан туралы өлең

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...



Өлеңді мәнерлеп оқып, талдау


5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 тапсырма: Мақал – мәтелдерді толықтыр.

Ат ердің................ (қанаты )

Берегеннің қолынан,..........( беремегеннің жолынан )

Ер аралаған..............(сыншы болар)

Отан оттан да.............(ыстық)

Өз елім өлең............. (төсегім)

Әркімнің өзі жері....... (жұмақ)

Туған жер............ ( тұғырың )

Туған ел.............. (қыдырың )

Кісі елінде............(күркірегенше,)

Өз еліңде............... (дүркіре )

Төртеу түгел болса..............(төбедегі келеді )

Ынтымақ түбі................(игілік )

2 тапсырма: «Қызмет етем халқыма...» эссе жазу

3 тапсырма: «Мен үшін Отан ...» тақырыбында постер;

«Сенемін – сенбеймін»

Балалар шеңбер құрып тұрады. Педагог допты кез келген бір балаға лақтырып, былай деп айтады.

  • Піл ұшу біледі;

  • құстар апанда ұйықтайды;

  • балықтар құрлықта өмір сүреді, т.с.с

Балалар педагог тек шындықты айтқан кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер бала жаңылысып, допты қағып алатын болса,онда оған ескерту карточкасы беріледі. Бір ескерту алмаған бала «ең зейінді бала» болып есептеледі.



6. Топпен ән айту.

«Көк тудың желбірегені»

Көк тудың желбірегені –

Қазақтың асқақ беделі.

Махаббат, қайрат екеулеп,

шымырлатқаны денені.

Көк тудың желбірегені –

жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту

жан емес, маған керегі-

Көктудың желбірегені.

Көк тудың желбірегені-

елдіктің асқақ өлеңі, әр жаққа тартпай,

Қазағым, бір сөзге жинал дегені.

Көк тудың желбірегені –

бақыттың елжірегені, қиырда қалған

Қазақтың Азат отанға жете алмай

көзінің мөлдірегені.



7. Үй тапсырмасы.

«Дала сұңқары қиырға қарайды» мәтінін оқып келу.



8. Соңғы тыныштық сәтi.

Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

Денелерімізді түзу ұстап, басымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаймыз, айналадағы барлық тіршілік иесі аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеміз. Тұла бойымыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтыламыз. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып сақтаңдар. Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!

Рефлексия: ашық микрофон әдісі арқылы оқушылардан сабақтың қалай өткенін сұрау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2022
767
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі