"Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік" 7сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік" 7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 7


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.

7.ӘТН.3. Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Фразеологизм, мақал-мәтелдердің көркемдік ерекшеліктерін ажыратады . Сөйлемде тиімді қолданады

Тілдік құзіреттілік

Мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Сүйіспеншілік –сүйсіну.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Топтарға бөлу.

Карта түрлерімен топқа бөлу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Ауадағы жазу» жаттығуы

Карта бойынша сұрақ тапсырмалары




Жаңа білім

10 минут



Білу және түсіну

1.Берілген мәтінді балалар оқып алады.

2.Жұптық әңгіме құру.

Тапсырма:

Оқулықтан 2 тапсырманы орындау.

Мәтіннен фразологизм сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіру.

ӘТН

Мақал –мәтелдер

Мақал-мәтелдер туралы түсінік

Мақал-мәтелдер — фольклордың жанрлық түрі. Олар талай замандар бойы қалыптасып, ауыздан-ауызға тараған халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал-мәтелдерден халықтың ақыл-ойы, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Олар — келелі ой, кең мазмұнды бір-ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, “тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”. Мақал-мәтелдер — ұрпақтар ойының қиыннан қиыстырылған жүйесі мен қоғамдық тарихы тәжірибеде қорытылған жиынтығы, даналық ойдың шежіресі мен халықтың рухани өмірінің энциклопедиясы. Олар әлеумет өмірінің алуан саласын көркем образ түрінде бейнелеп, адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Мақал-мәтелдердің ішінде тура мағынасында ұғынылатыны да, астарлы, келтірінді мағынасында ұғынылатыны да бар. Мысалы, “Ауру қалса да, әдет қалмайды”, “Денсаулық — зор байлық” дегендерді тікелей, тура мағынасында ұғынамыз. Ал “Жасырғанның жарасы асқынады”, “Қалауын тапса қар жанар” деген мақалдарды келтірінді мағынасында қабылдап түсінеміз. Мұның алдыңғысы не нәрсені де дер кезінде ретке келтірмесе, кейін қиындық туып ушығып кетуі мүмкін, ал соңғысы ретін тапса, қолдан келмейтін іс болмайды дегенді білдіреді.

Мақал мен мәтелдің айырмашылығы

Мақал, әдетте, жалпылама мағынаны білдірсе, мәтел белгілі бір жағдайға байланысты іске асқан не асуға тиісті құбылыстың, іс-әрекеттің тек өзіне ғана тән мағынасын білдіруге бейімді. Мақал болған, болатын және болып жатқан құбылыс пен процестің өзгеру, даму, алмасу т.б. себептерін және одан шығатын нәтижені де бірден, қолма-қол баяндайды. Ал мәтел сол процестің өзін ғана айтумен шектеліп, оның немен тынатынын, қандай нәтиже беретінін нақтылап баяндамайды, яғни процестің себебін атайды да, салдарын атамай, астарлап, бейнелеп қана жеткізеді. Дегенмен мағынасына, құрылысына, атқаратын қызметіне қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Мақал аяқталған бір тиянақты ойды білдіреді, өз алдына тұрып та дербес мағына береді. Мысалы: “Ауруын жасырған өледі”, “Арыстанның әзілінен түлкі өліпті” және т.б. Мәтел жеке тұрып тиянақты ойды білдіре алмайды, тек белгілі бір ойды, пікірді ажарлау, айқындау үшін қолданылады, эпитет, теңеу қызметтерін атқарады. Мысалы: “Ат қойып, айдар тағып”, “Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда” және т.б.

Мақал-мәтелдердің тақырыптық топтары

Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Олар халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды. Мақал-мәтелдер, негізінен, төмендегідей тақырыптарды қамтиды.

Отан, туған жер, атамекенге байланысты: “Отан — оттан да ыстық”, “Өз елің — алтын бесігің”; “Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас” және т.б.

Еңбекке арналған: “Еңбек еткен жетеді мұратқа”, “Еңбек ширатады, Өмір үйретеді” және т.б.

Ерлікке, батырлыққа байланысты: “Ердің екі сөйлегені — өлгені”, “Ердің құны — нардың пұлы” және т.б

. • Ынтымақ, бірлік туралы: “Береке басы — бірлік”, “Бірлік бар жерде тірлік бар” және т.б.

Достыққа, жолдастыққа арналған: “Дос — ажарың, жолдас — базарың”, “Дос құшағы — жаз” және т.б.

Төрт түлік малға қатысты: “Жылқы — малдың патшасы”, “Ақсақ қой жатып семірер” және т.б.

Адамның мінез-құлқына, адами қасиеттерге арналған: “Ақыл бастан — асыл тастан”, “Әділ істің арты игі” және т.б.

Өнер және білімге арналған: “Өнерлі зор — өнерсіз қор”, “Ғылым — теңіз, білім — қайық” және т.б.

Отбасы және қоғам тақырыбына арналған: “Адамға адам жат емес”, “Заманың түлкі болса, тазы боп шал” және т.б.



Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні

Мақал-мәтелдердің жастар тәрбиесінде атқаратын маңызы зор. Олар ерлікке, патриоттыққа, елін, жерін сүюге шақырады. Жас ұрпақты еңбекке баулиды, халқына қызмет етіп, өнегелі болуға үндейді. Адам баласы үшін туған жерден, өзі өскен елден қымбат еш нәрсенің жоқтығына баса назар аударып, сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Оны “Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас”, “Туған жерге туың тік”, “Кісі еліне ұл болғанша, өз еліңе құл бол”, “Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол”, “Ел іші — алтын бесік”, “Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық” деген мақалдардан түсінуге болады. Онда адам өміріндегі сан қилы уақиғалар, халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері, жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, еңбекқорлық пен еріншектік, жомарттық пен сараңдық, саналылық пен надандық және т.б. салыстырыла сөз етіледі. Сол сияқты болашаққа үлгі-өнеге болатын, тәлім-тәрбие беретін, жол нұсқайтын сөздер айтылады. Халқымыздың өмірдегі көрген-білгені, басынан өткерген барлық жағдайының қыры мен сыры, адамгершілік пен қастандық, әртүрлі жаншошырлық жауыздық, адам сүйсінерлік ерлік аз сөзбен, өткір тілмен беріліп отырады. Жастарға өнер-білім, тіл үйрету, жан-жақты тәрбие беруде мақал-мәтелдің мән-маңызы өте зор.

(Әр топ фостерге түсіріп, қорғайды)





Оқулық,

мәтіндер.












ҚБ: Екі жұлдыз бір тілек


Ортасы

10 минут







Қолдану

Оқулықтан 3 тапсырманы орындау.

Мақалдар

Мәтелдер






Қосымша тапсырма Берілген тұрақты сөз тіркестері мен мақалдардың жалғасын табыңыз.

Сіркесі су............................................................... (көтермеу)

Ит арқасы.............................................................. (қиянда)

Төбе шашы............................................................ (тік тұру)

Ит өлген................................................................. (жер)

Ит терісін .............................................................. (басына қаптау) Бетінен оты........................................................... (шығу)

Бас кеспек болса да, ........................................... (тіл кеспек жоқ)

Жеті жұрттың тілін біл,......................................... (жеті түрлі ілім біл) Жыланның уы тісінде, ......................................... (адамның уы тілінде) Тұз астың дәмін келтірсе,.................................... (мақал сөздің сәнін келтіреді)

Ел үмітін ер ақтар,................................................ (ер атағын ел сақтар) Тоқсан ауыз сөздің............................................... (тобықтай түйіні бар)

Дескриптор

Білім алушы

тұрақты сөз тіркестерін ажыратады;

мақалдардың жалғасын табады



Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер



Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!» би билеу


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді








Бағалау


5 минут







Кері байланыс

3 минут


Кері байланыс: «Менің баспалдағым»

Оқушылар сабақтан алған дағдыларының қай сатыда екенін стикерге аты-жөнін жазып, өзім жеттім деген баспалдағының тұсына жапсырады.


Кері байланыс кемесі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2017
7405
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі