400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Отансүйгіштік" баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Отан сүйгіштік - кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесінің игілігіне, кір жуып, кіндік кескен жеріне деген ыстық махаббаты, оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: "Отан сүйгіштік".

Отан сүйгіштік - кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесінің игілігіне, кір жуып, кіндік кескен жеріне деген ыстық махаббаты, оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім. Әр заман ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп, сөздерінің небір дәмді ой түйіндерін осы қасиетіне арнаған. Мәселен, М.Әуезов:"Отан анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ,сенен іскер күшім жоқ" десе, В.А.Сухомлинский: "Отан - өз бесігің, өз үйің... өз бесігіңді ұмыта көрме", - дейді. Жалынды журналист Баубек Бұлқышев: "Адал адам Отанын сүйеді. Адал ақ жүрекке Отан анасындай" дейді. Отан, туған жер туралы тағы да бірнеше ақыл-ой заңғарларын тыңдап көрейікші: "Адам жүрексіз өмір сүре алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре алмайды" (К.Г.Паустовский), "Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы туған жер" (И.С. Тургенев), "Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік туғызған (Ж.Ж. Руссо), "Өз Отаныңның мүддесін қорғап, өміріңді құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ" деген (Ф.М. Достоевский), "Отан... халықтың өткені мен бүгіні және келешегі" (Л.Н.Толстой). Ал отан сүйгіштік туралы айтылған ақын тебіреністері де бірінен - бірі асып түседі

"Отанның намысы үшін оттан қашпа,

Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа.

Тайсалма, бар, Отанның құрбаны бол,

Өмірің орынсыз боп кетпес босқа".

"О, дариға, алтын бесік туған жер,

Кадіріңді келсек білмей кеше гөр."


Төле би: Алтын ұяң - Отан қымбат,

Құт береке - атаң қымбат,

Асқар тауың - әкең қымбат,

Мейірімді - анаң қымбат,

Туып өскен елің қымбат.


Әйтеке би: Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.


Ғ. Мүсірепов: Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ.

Б. Момышүлы: Өтелмейтін қылмыс бар: ол - Отанға опасыздық жасау.

М. Мақатаев: Екі Отан жоқ,

Жалғыз Отан - мекенің.


Отан, отаншылдық қасиет туралы тәрбиелегенде Қаз дауысты Қазибек бидің: " Алтын ұяң - Отан қымбат... Туып өскен елің қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің қымбат" деп келетін аталы сөздерін қалай еске алмассың.

" Қазақстан - біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи Отаны" (Н.Назарбаев). Олай болса, осы жерді жан тәнимен сүйетіндер де, оны көздің қарашығындай қорғап сақтайтындар да алдымен қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұлан-ғайыр, мол жерді талай ғасырлар бойы басқыншы жаудан талай қорғап, бостандық пен тәуелсіздік жолында шыбын жанын пида еткені белгілі. Сондықтан да біздер халқымыздың қас батырлары Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті, Кенесары мен Наурызбайды, Қасым хан мен Абылайханды қадір тұтып, қастерлейміз, олардың халқы үшін қалтқысыз қызмет еткенін үлгі-өнеге етіп, осындай ата - бабаларымыздың болғанын мақтан етеміз. Өз Отанымыз - қазақ жерін қажет болған жағдайда жан аямай қорғауымыз керек. Өйткені, кез келген егеменді мемлекет сияқты Қазақстан өзінің қорғаныс қабилетін сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі және оның бүкіл халқының ісі деп санайды. "... Біздің басты мақсатымыз- Қазақстанның егеменді мен территориялық тұтастығын сақтау" (Н.Назарбаев). Қарулы күшіміздің болуының алдынғы сапында ер-азаматтардың, әсіресе, қазақ жастарының тұруы, олардың бір кісідей ынтымақтықпен топтасуы- Ата Заңымызда көрсетілгендей қасиетті борыш, перзенттік парыз екендігін ешқашан да естен шығаруға болмайды. Отанымызға, атамекенге деген сүйіспеншіліктің негізгі мазмұн-мәні имандылық пен кісіліктің негізгі белгісі, басты өлшемі.

Қазір жазушы Шерхан Мұртазанның "Жолашар" шығармасынан үзінді.

Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты.

Ең бастысы, қазақ халқымен бірге әр түлі этностардың да Отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді.

Сондықтан ғой қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиетті, ең аяулысы - Анасына балайды.

Ғаламындағы ғажап тіршілігінің қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды.

"Отан - оттан ыстық", "Ер ел үшін туады, ел үшін өледі"- деп түйген халықтың қаһарманы Бауржан батыр: "Отаның үшін отқа түс, күймейсің", - дейді.

Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең,

олар үшін туған жерді қасиет тұту - қанға сіңген мінез, ежелгі дәстур. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған.

Батырлар жырындағы:

Атам күйеу болған жер,

Анам келін болған жер,

Кіндік қаным тамған жер,- деген қарапайым жолдарда адамның туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі мен терең де ыстық сезімі тамаша бейнеленген.

Баяғында айтқанымыздай Қазақстан Республикасы көпұлтты мемлекет. Елімізде 100 дан артық ұлт өкілдері бір шаңырақ астында, бір үйдің балаларындай тату-тәтті өмір сүріп келеді. Солардың қатарында менде бармын. Ұлтым өзбек болса да Қазақ елінде туылып, өмір сүріп келемін.Осы елде кіндік қаным тамып, осы елде есейдім. Осы елде білім алып, осы елде қызмет бастадым. Сондықтан да Қазақстан менің Отаным - Туған жерім.

Менің Отаным, тәуелсіз елім міне биыл 25 жылдық тойын тойлайды. Еңсесін көтеріп, тәуелсіздігін жарыллағанына ширек ғасыр толды. 25 жыл көлемінде ҚР биік белестерді бағындырды. Экономикалы мәдениеті дамыды. Қиындықтар артта қалып, дамыған 50 елдің қатарына қадам басты.

Елбасымыз ең басты назарды жастарға тастады. Жастардан үлкен үміт күтіп, көптеген мүмкіндіктер жаратып берді. Білімдерін шыңдаймын деген жастарға шетелдерге оқуға мүмкіндік жасады.

Мемлекет тарапынан берілген грантқа менің 2 қызымда лайық болып, ақысыз білім алды. Бүгінгі күні мемлекеттің артқан үмітін ақтап, жоғары оқу орнын қызыл дипломмен бітіріп, Тәуелсіз елімізге қызмет етіп өз үлестерін қосып отыр.

Мен ана ретінде қыздарымның мұндай жетістіктеріне қуанамын, зор мақтанышпен айта аламын.

Біз Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ азаматтық сезім билейді. Мұны көру, сезіну де бір бақыт, маңдайға біткен бақ емес пе ?!

Сөзімнің соңын Өмірзақ Қожамұратовтың мнау олеңі мен аяқтаймын:


Маған Мекке, Мәдине,

Венеция, Париж не.

Туған жердің шөліндей,

Ыстық емес әрине.

Жан анамдай қадірлі,

Менің байтақ мекенім.

Жер жәннәтін сұрасаң,

Қызылкұм деп айтамын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
1398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі