Материалдар / «Отаншылдық және оның мәні» тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Отаншылдық және оның мәні» тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
6 класс тәрбие сағаты ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2024
901
13 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе қаласының № 8 орта мектебі












Тақырыбы: «Отаншылдық және оның мәні»

Жасөспірімдер арасындағы буллинг

Мектеп психологі –Г.Е. Диханбаева, Қалабаева Ж.М.

Өткізген оқытушы: Апендина Г.Х

Класы: 6 класс

Өткізген күні: 22.02.2024





2023-2024 оқу жылы


Сынып жетекшінің аты-жөні

Апендина Г.Х.

Күні:

22.02.2024

Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Отаншылдық және оның мәні.

Жасөспірімдер арасындағы буллинг

Тәрбие жұмысының бағыты

Құндылықтар: талап, ар-ұят, ұлттық мүдде (отан)

Мақсаты

Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді  жағдайлардың алдын алу.

Бағалау критерийлері:

«Буллинг» туралы терең түсінік қалыптастырады. Дөрекілік, өктемдік танытатын адамдармен өзін қалай ұстау керектігін үйренеді; Біреуді мазақтауға, қорлауға, намысына тиюге жол бермейді.


Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар



Кіріспе

10 мин








Негізгі бөлім

25 мин

















Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Миға шабуыл

Отаншылдық дегеніміз не?

Отаншыл болу, Отанын сүю үшін қандай болу керек? Қандай қасиеттер қалыптасқан адамды Отаншыл дейміз?

Буллинг дегеніміз не?

Оқушылар сұраққа жауап береді, пікір алмасады.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.



Мұғалім:

Отаншылдық, отан сүйгіштік, патриотизм (грек, patris - Отан) - адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі казак өркениетінде отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды. Ежелгі түркі кагандыгы кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел билеушілерінің отаншылдық үлгісі көрініс тапкан. ТөлеҚазыбек, Әйтеке билер, Ақтамберді,

  Бұқар жыраулар және 20 ғасырдың басындағы А.БайтұрсыновӘ.БөкейханЖ.АймауытовС.ТорайғыровМ.Жұмабаев,т.б. ұлт зиялылары мен қайраткерлер отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспен де өнеге көрсете білді. Әйтеке би «Өмірім халықтікі, өлімім гана өзімдікі» деп халыққа қызмет етудің, отаншылдықтың айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан қазақ қоғамында отаншылдық байлықтан да жоғары бағаланды.

ҚР-ның Конституциясы «қазақстандық патриотизмді» қалыптастыру және оны азаматтардың ой-санасына сіңіруді мемлекеттік дәрежеге көтергенімен, отаншылдық ой-сананы қалыптастырудың шешілмеген мәселелері бар. Қазақстандық патриотизм - ел азаматтарының республиканың бүгінгі тұрақты өмірі мен жарқын келешегі жолындағы еңбегі мен күрескерлігі іспетті. Отаншылдық сана - халықты топтастырушы рухани күш бола тұра, халықтың күш-жігерін ,тәуелсіздікті нығайтуға бағыттайды. Сондьқтан елдегі тәлім-тәрбие, идеология мен ақпарат жүйесі ел тұрғындарының бойында өзін республиканың толық азаматы ретінде сезіну көңіл-күйін қалыптастыруы керек. Отаншылдық, елжандылық туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады.


2. Буллинг туралы түсінік беру. (бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар)

Бұл бейнеролик не туралы?

https://www.youtube.com/watch?v=l5OsvTnwLN4

Видео көресету. Видеодан кейінгі сұрақтар:

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?

Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?

Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше?

Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, жауаптарына дәлел келтіреді.

Балалар оқиды, талқылайды

Мектеп психологі – Г.Е.Диханбаеваға сөз беріледі.


Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол: адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу

оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру

сол жайында өсек тарату

оны елемеу немесе жекелету

ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа

адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру

қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту

Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.

Мұғалім:

Расисттік буллинг

Біреудің нәсіліне, түсіне, нанымына байланысты басқаша көзқарас туындау. Сондай-ақ адамның нәсіліне қарай жағымсыз сөздер айту жатады.

Таптық буллинг

Адамдар біреудің белгілі бір әлеуметтік тапқа жататындығын анықтағаннан кейін, сол адамға жаман көзбен қарау. Мысалы, біреулер «ауылдан келген» деп адамды жекелету.

Адамның сырт келбетіне қатысты буллинг

Біреуді көпшілікке ұқсамағандығы үшін кемсіту, мысалы адамның шашы жирен болуы немесе қысқа бойлы болуы, я болмаса көзілдірік киіп жүруі үшін.

Дінге қатысты буллинг

Біреуді дініне немесе нанымына байланысты қорлау немесе әдепсіздік таныту. Мысалы, киелі кітапты оқу, мешітке бару сияқты діни дәстүрлерді мазақ ету.

Мүгедектерге қатысты буллинг

Адамды мүгедек болуына байланысты қорлау және оған тіл тигізу.

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?

Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда:

уайымдау

ұйқының бұзылуы

тәбеттің болмауы

өзі жайлы жаман ойлау

өз-өзіне физикалық зақым келтіру

өлім туралы ойлау

сабақ үлгерімдерінің нашарлауы

ауыру

«маған ешкім көмектесе алмайды» деп

ойлау

өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не

ашулану

қорқу

Мұғалім: Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?

Батыл болуға үйрен

Батыл болу деген агрессия танытпай, өзіңді қорғай білу. Сен өз ойыңды дөрекі және ызалы сөздерсіз білдіруге үйрене аласың.

Кейде біреумен келіспеген жағдайда өзіңді шын мәнінде қалай сезінетініңді жеткізу қиын. Дегенмен сен батылдыққа үйрене аласың. Ол үшін айтқың келетін сөздерді қағазға жазып, ал уақыты келгенде айтып қал. Кезі жеткенде сенің батылдығыңның арқасында барлық қорлық пен қорқытулар тоқтайды.

Құрбыңмен/досыңмен бөліс

Достарың сені оларға барлық оқиғаны ашып айтпасаң да, саған қолдау көрсете алады. Олар сені қолдап, көңіліңді көтере алады. Сонымен қатар, достарың жәбірлеушілер енді мазаңды алмас үшін оларға қалай жауап беру керектігін айта алады.

Ересек адамдармен бөліс

Сен өз оқиғаңмен ата-анаңмен, өзіңнің қамқоршыңмен немесе сенімді ересек адамның біреуімен бөлісуіңе болады. Олар сені қолдап, мәселені шешуде ақыл-кеңес бере алады.

Сондай-ақ, 111сенім телефонына қоңырау шалуыңа болады. Онда саған көмек пен қолдау көрсетіледі.

Мұғаліммен бөліс

Мектебіңдегі мұғалімдер саған бас-көз болуға міндетті. Сен мектепте болған кезіңде өзіңді қауіпсіздікте сезінуге толықтай құқығың бар. Мүмкін, сенің мектебіңде буллингке қарсы тұруға қатысты кейбір нұсқаулар бар шығар. Сонымен қатар, сен мектеп психологына да жүгіне аласың.


Отаншылдық және оның мәні туралы бейне ролик



https://youtu.be/2e2gbVjzfN4







































Буллинг туралы бейнеролик




https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo






Буллинг туралы бейнеролик


https://youtu.be/RCA_wFW-mSo?si=cDC77K8NlCroF-Cb








































Бағыттау сұрақтары


Қоры

тынды

10 мин


Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалаудегенді білдіреді. Адамүйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.

Рефлексия . «Үш сауал» әдісі.

Отаншыл болудың сен үшін маңызы қандай ?

Отаншыл болуға әркез дайынсың ба?

Қазіргі қоғамдағы буллинг жағдайымен қалай күресер едіңіз?

Сабақтағы іс-әрекетіне рефлексия жасайды.



Рефлексия








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!