Материалдар / Отаным.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Отаным.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның байлығы өте көп, қазынаға бай ел. Елімізде алтын, күміс, көмір, мыс, алюминий, жез, болат тағы да басқа өте көп пайдалы қазбалар өндіреді. Қазақстан- кең-байтақ ел.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
344
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Отаным.

Менің Отаным –Қазақстан. Елім туралы мақтанышпен көп айтуға болады. Мен 4 сыныпта оқимын. Есімім -Аружан. «Отан» деген сөздің мағынасын мектепке келгеннен кейін түсіндім. Отан – әр адамның туып – өскен жері, кіндік қаны тамған жері. «Отан-аспан,Суым, далам,Отан –менің сүйікті анам.Тербететін бесігінде,Балапанын ұйықтаған» - деген өлең жолдары бар. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. Қазақстан дүниежүзінде жер көлемі жағынан тоғызыншы орын алады. Қазақстан-әлемге әйгілі ел. Қазақстан-тәуелсіз ел. Қазақстанның байлығы өте көп, қазынаға бай ел. Елімізде алтын, күміс, көмір, мыс, алюминий, жез, болат тағы да басқа өте көп пайдалы қазбалар өндіреді. Қазақстан- кең-байтақ ел. Біздің еліміздің табиғаты да бай. Шет елден Бурабайға, Катонқарағайға, Сарыағашқа туристер көп келеді. Шет елдің адамдары біздің жерге қызығады. Табиғаты сұлу. Ауасы таза, биік-биік таулар, мөп-мөлдір өзен-көлдері бар. Орман-тоғайда неше түрлі дәрілік өсімдіктер өседі. Аң-құстардың сан түрі кездеседі. Қазақстанда өз Отанындай көретін 130-дан аса ұлт тұрады. Қазақстан – тату, дос мемлекет. Теледидардан соғыс, аш-жалаңаш балаларды көргенде әжем «Осы күніме шүкір, басымыздан бақ таймасын» деп күбірлеп отырады. 16 желтоқсанда жыл сайын Тәуелсіздік күнін тойлаймыз. Тәуелсіздік алғанға дейін біздің ел басқа елдің қарамағында болды. Ал «тәуелсіз» деген ешкімге бағынбау, еркін, азат болу дегенді білдіреді. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып тағайындалды. Тәуелсіз елдің рәміздері: мемлекеттік жалау, елтаңба, әнұраны бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы айналымға түсті. Біз Қазақстан елінің бақытты ұрпағымыз. Осында туып, осында өсіп білім алып келеміз. «Отан» деген ұғымды біз де ерекше түсініп, ерекше мән береміз. Отан- отбасынан басталады. Отан –менің туған жерім, ауылым. Мен облыс орталығынан 200 шақырым жерде Кеңсуат деген шағын ауылда тұрамын. Ауылда 80 шақты үй бар. Жаңа мәдениет үйі, дәрігерлік пункт, балабақша, кітапхана бар. Мектебімізде 63 оқушы оқиды. Біздің ауылға да газ келді. Ата-анам өте қуанышты. Менің ауылым кішкентай болса да мен үшін аса қымбат. Дәл осы жерде мен дүниеге келдім. Тәй-тәй бастым, тілім шықты. 1 сыныпты да осында бастадым. 4 ағам, 1 апам және сіңілім, інім де көңілді, шаттықта, уайымсыз жүріп жатыр. Биыл ағам Астана қаласына ЭКСПО көрмесін тамашалап келді. Көп балалы отбасы болғандықтан ағам тегін жолдамамен барды. Астана-ең сұлу, ең әдемі қала екен. «Бәйтеректің», ЭКСПО қалашығының кереметін айтып берді. Мен де Астана қаласына барғым келеді.1сыныпқа барған бауырларыма Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтан «Менің Отаным-Қазақстан» деген кітапты сыйлық берді. Өз Отанымыздың тарихы, мәдениетімен танысып шықтым. Қазақстан туралы білімімді әрі қарай кеңейте беремін. Қазақ елінің көркеюуі үшін тек 5 – ке оқимыз. Мен осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Мен бүгін тәуелсіз, еркін елдің ұрпағымын. Егемен еліміздің тәуелсіздігі құтты болсын!

















Төлеуқызы Аружан

БҚО. Ақжайық ауданы, Кеңсуат ауылы Кеңсуат негізгі жалпы білім беретін мектебі.4-сынып
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!