жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Отаным - Қазақстан
Күні: |
№ -сабақ |
|||||||
Сабақтың тақырыбы |
Қазақстан – менің Отаным |
|||||||
Ортақ тақырып |
Менің туған өлкем |
|||||||
Жалпы мақсаты |
2.1.3.2. Қазақстанның картасынан өз облысыңды, ірі өзендерді, қалаларды және ірі жолдарды көрсету |
|||||||
Күтілетін нәтижелер |
Оқушылар: – Отанын ел ретінде және шағын Отан туралы түсініктерін ажыратады; «Біздің Отан – Қазақстан» және «Менің шағын отаным» ұғымдарын түсіндіре біледі: – картадан Қазақстанды, өз елді мекенін, географиялық нысандарды (Каспий теңізі, Алтай таулары, қалалар мен өзендерді) көрсете алады; – қарым-қатынастық дағдыларды дамыта отырып, жұптасып жұмысты орындайды; – сыныптасының жұмысын бағалайды; – өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі оянады. |
|||||||
Жетістік өлшемдері |
Оқушы мақсатқа қол жеткізеді, егер де: – жаңа білімдерді игерсе; оқулықты, өмірлік тәжірибесін және сабақта алған ақпаратты пайдалана отырып, сұрақтарға жауап берсе; – Қазақстанның картасынан өз елді мекенінің орнын және басқа да нысандарды көрсетсе, олардың географиялық жағдайын қысқаша сипаттаса; – Қазақстанның картасынан географиялық нысандарды көрсетсе және сипаттаса; – сабақ үстінде жұптық жұмысқа белсенді қатысса. Оқушы оқытудың мақсатына жетуге тырысады, егер де: – Қазақстанның картасынан өз елді мекенінің орнын шамалап көрсетсе; – өз Отаны – Қазақстанға деген қарым-қатынасын қысқаша сипаттау арқылы анықтаса; – жұптасып жұмысты орындауда сыныптастарымен тіл табысса.
|
|||||||
Оқытудың әдістері мен тәсілдері |
«Сиқыр сөз», «Сөйлемді аяқта» тәсілдері, жұппен жұмыс, синквейн. |
|||||||
Көрнекі құралдар |
Мұғалімге: «Қазақстанның физикалық картасы», Қазақстанның жалауы. Оқушыға: оқулық, жұмыс дәптері. |
|||||||
Кілттік сөздер және ой-пікірлер |
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанға саяхат |
|||||||
Сабақтың барысы |
||||||||
Уақыт
|
Сабақтың өту кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті
|
|||||
2 мин |
Ұйымдастыру кезеңі |
Мұғалім оқушылармен: «Қайырлы күн, құрметті оқушылар!» деп сәлемдеседі. Көңіл күйіміз қандай? |
Оқушылар мұғалімге: «Қайырлы күн!» деп сәлем береді. Қасыққа өздерінің көңіл күйлерін салып көрсетеді. |
|||||
3 мин
|
Сабақтың мақсатын қою кезеңі
|
«Граффити» миға шабуылы стратегиясы. Жұптық жұмыс Бұл
барлық оқушыларды тартуға ыңғайлы.
Оқушылар жазудың орнына сурет салуды
таңдай алады. Сыныптың әр жеріне
флипчартқа немесе Дескриптор -Өз ойларын жаза алады; -Сөздердің мағынасын түсіндіре алады.
Менің сүйікті Қазақстаным! Сен – менің аспанымсың! Сен – менің жерімсің! Сен – менің күнімсің! Сен – менің жұлдызымсың! Сен – менің Отанымсың! Менің сүйікті Қазақстаным! Балалар! Бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпқа арналады? Шағын Отан дегеніміз не деген сұраққа қалай жауап берер едіңдер? Шағын Отан барлығымызда әртүрлі болуы мүмкін, ал біз өмір сүретін ел біреу ғана, ол – біздің байтақ Отанымыз – Қазақстан. Біздің сабағымыздың тақырыбы – «Қазақстан – менің Отаным». Менімен бірге қайталаңдар. Кәне! Бүгін біз еліміздің кең-байтақ жазықтарының үстінен әуе шарымен ерекше саяхатқа аттанамыз. Қандай теңіз, өзендер және қалаларымыздың бар екенін білеміз. Еліміздің бір шетінен екінші шетіне жеткізетін жолдарды таңдаймыз. |
Оқушылар: – Біздің Отанымыз – Қазақстан туралы баяндайды.
Оқушылар: – туған және өз өлкелерін атайды. «Басбармақ » әдісі арқалы бағалайды.
|
|||||
15 мин
|
Жаңа білімдерді меңгеру кезеңі
Қосымша мәлімет |
Балалар, саяхатқа аттануға дайындалайық. Оқулықты ашыңдар. Ақын Садықбек Хангелдиннің «Бәрі менің өмірм, сен сыйлаған» өлеңінің шумақтарын оқыңдар. Балалардың, бұл өлең жолдарын қалай түсінгендерін білу үшін, оқушылар кестені толтырады. Ой толғаныс. Жеке жұмыс.
Дескриптор -Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи алады; - Ақынның туған жеріне деген сезімін білдіріп тұрған сөздері таба алады; -Өзінің туған жеріне деген сезімін білдіретін сөздерді жаза алады.
Біздің Отанымыздың аумағы – өте кең. Ол батыста Каспий теңізінен, шығыста Алтай тауларына дейін 3000 шақырымға созылады. Біздің жеріміздің аумағына Батыс Еуропаның бірнеше 5 мемлекеттері – Франция, Швеция, Испания сыйып кетеді. Ал енді жаңа сөзге зер салыңдар – «Көл,теңіз,өзен тау». |
Оқушылар Ақын Садықбек Хангелдиннің «Бәрі менің өмірм, сен сыйлаған» өлең жолдарын оқиды.
«Көл,теңіз,өзен,тау» сөзін қайталайды. |
|||||
5 мин
|
Жаңа тақырыпты түсінуді тексеру кезеңі |
Алдымыздағы оқулықтан Қазақстанның картасын көріп отырмыз. Карта дегеніміз не? Естеріңе түсіріңдер. Дұрыс, балалар. Жердің беті көп есе кішірейтіліп көрсетіледі, онда – теңіздер, өзендер және қалалар орналасқан. Енді оларды картадан тауып көрейік. Каспий теңізі мен Алтай тауын Оқулықты ашамыз, оқимыз. Жұптасып оқулықта айтылған барлық нысандарды табамыз.
-Өз туған жерімізді табайықшы. Картамен жұмыс
Сергіту сәті Шаршасаңдар, балалар, Орыңдарыңнан тұрыңдар. Қолдарыңды созыңдар. Қанат қағып ұшыңдар, Биіктерге самғаңдар, Қазақстанды көріңдер. Саусақтармен ойнаңдар, Қолдарыңды сермеңдер. Төңіректі айналып, Орындарыңа қоныңдар.
Жұмыс дәптеріндегі 1 және 2 тапсырманы орындайық |
Оқушылар: Карта – Жер бетінің кішірейтілген бейнесі.
Оқушылар картамен жұмыс жасайды. Жұптасып карта бойынша тапсырманы орындайды.
Өз туған жерлерін картадан көрсетеді
Оқушылар
жұмыс дәптеріндегі |
|||||
10 мин |
Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі |
Алдымызда Қазақстан теміржолдарының сызбасы көрсетілген. Сызбадағы теміржол желісі республикамыздағы пойыздардың қозғалу бағытын көрсетеді. Орал қаласынан Алматыға пойызбен жетуді елестетіңдер. Қандай жолмен жүретінімізді сызбада қызыл сызықпен сызыңдар. Бұл – біздің Отанымыз – Қазақстанның жері қандай ұлан-ғайыр екенін көрсетеді. Топтық жұмыс 2-ші тапсырманы орындаймыз. Сызбадан өздеріңнің 1 топ облыс орталықтарыңды табыңдар. 2 топ Каспий теңізін табыңдар Екі топқа бірдей Қызыл түспен облыс орталығынан Астанаға және Алматыға дейін пойызбен жүрудің бағытын белгілеп көрсетіңдер. |
Теміржолмен жүретін ең қысқа жолды анықтайды және де қандай жолмен жететіндігін сызбаға қызыл сызықпен түсіреді.
Оқушылар мұғалімнің көмегімен сызбадан өз облыс орталықтарын табады. Облыс орталықтарынан Астанаға және Алматыға дейін пойызбен барудың бағытын қызыл түспен белгілеп көрсетеді. |
|||||
5 мин |
Рефлексия (ой қорыту) |
Менің қолымда Қазақстанның жалауы. Мен сендерге қолдарыңа кезекпен жалауды алып, сөйлемді аяқтауды ұсынамын: «Мен өз Отаныммен мақтанамын, себебі...» Сын тұрғысынан сұрақтарға жауап беру (иә, жоқ) 1. Қазақстан жері кең байтақ 2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен 3. Астанасы – Алматы 4. Ұлты қазақ 5. Пайдалы қазбаларға өте бай 6. Өсімдіктер әлемі алуан түрлі 7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық - өзендер 8. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері 9. Мемлекеттік тіл – орыс тілі 10. Менің Отаным – Қазақстан
Білім қоржыны |
Қалайтындар жалауды қолдарына алып, сөйлемді аяқтайды: «Мен өз Отаныммен мақтанам, себебі...»
Оқушылар сұрақтарға жауап беру (иә, жоқ) деп жауап береді.
Алған білімдерін қоржынға іледі. |
|||||
1 мин |
Үй тапсырмасы |
Жұмыс дәптердегі 1-тапсырманы орындаңдар. |
Оқушылар күнделіктеріне тапсырманы жазып алады. |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген