Сабақтың тақырыбы:
«Отаным – алтын бесігім»
Сабақтың мақсаты: Оқушылар өзінің елін, жерін, тарихын сүю арқылы
қазақстандық патриоттық сезімге тәрбиелеу. Оқушылардың сөздік
қорын, белсенділіігін дамытып, өз ана-тілін , әдет-ғұрпын ,
салт-дәстүрлерін сақтауды бойына сіңіру, Отанын қастерлеуге
шыншылдыққа тәрбиелеу .
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, «Қазақстан
– 2030» стратегиялық бағдарламасы, еліміздің рәміздері, Бейнежазба
« Қазақстан ортақ үйіміз» Бейнекөрініс: Қазақстан туралы қызықты
деректер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Мемлекеттік Әнұран айтылады.
Мұғалім: Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз
тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болды. Тәуелсіз еліміздің
тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Біз
өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз. Қазақстан туымен тұғырлы ,
елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты. «Отаным --- алтын бесігім»
атты ашық тәрбие сағатын Н.Ә. Назарбаевтың мына сөзімен бастағым
келеді. «Біз бәріміз бір ананың –қазақ халқының ұлымыз . Бәріміздің
де туған жеріміз біреу. Ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде
біздің бір ғана Отанымыз бар: Ол тәуелсіз
Қазақстан».
Тәуелсіздік қандай
ыстық қасиетті сөзі!
Дінислам: Тәуелсіздік
-еліміздің тірегі,
Тәуелсіздік - еліміздің
күш –қуаты,
Тәуелсіздік -еліміздің
атқан таңы ,
Тәуелсіздік –еліміздің
жүздеген жылдар бойы армандаған ұлы арманы
.
Бейнекөрініс «Қазақстан
ортақ үйіміз»
Мұғалім: Қазақстан
---біздің Отанымыз.
Отан сенің туған жерің
, ата-анаң туған-туыстарың достарың мен өзің тұрып жатқан елің.
Біздің Отанымыз Қазақстан .Оның елордасы Астана қаласы. Қазақстан
ірі мемлекеттердің бірі. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті
өмір сүріп жатыр. Қазақстандықтар өз Отанын сүйеді,мақтан етеді.
Бүгінгі Қазақстан –дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер таныған ел.
Оның елтаңба , туы, әнұраны, бар.
- Әнұран туралы не
айтасыңдар?
Нұргүл: Қазақстан Республикасының Әнұраны – бірлікке, ынтымаққа,
достыққа қызмет етеді. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, төзімділікке,
еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.
Ақниет: Мемелекеттік
ту. Тудың түсі аспан түстес. Көк аспандай көгілдір, ортасында күн
шуағы ,аспанда жас қыран бүркіт ұшып келе жатқанын
бейнелеген.
Айнымайды
аспаннан
Біздің тудың
бояуы
Оны халық
қашанда
Биікке іліп
қояды.
Айболған: Мемлекеттік
елтаңба. Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі тұлпар бейнеленген.
Елтаңбаның пішіні дөңгелек.
Қатар шапқан қос
тұлпар.
Ай астында киіз
үй
Қалықтаған жас
сұңқар.
Шарықтаған таза
күй.
Бұл таңбасы
елімнің
Елдігімнің
белгісі.
Мұғалім: 1-желтоқсан
тұңғыш президент күні. Қазақстан респулликасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. . Картамен жұмыс : Қазақстан Ресеймен,
Қырғызстанмен, Түркменстанмен, Өзбекстанмен, Қытаймен шекараласқан.
Ортасында ел ордамыз Астана қаласы орналасқан. Нұртай: Астана арман
қала
Бағы бір жанған
қала
Тұрады ол жап-жас
болып,
Мен үлкен болғанда
да. :
Дегендей, Егемендігін
бүкіл әлемге паш еткен халқымыз бүгінгі таңда тәуелсіз елдің туы
астында өмір сүріп жатыр.
1. Қазақстан Республикасы Президенттің басқару нысанындағы біртұтас
мемлекет. Мемлекеттік биліктердің бірден - бір бастауы – халық.
Балауса : М: Мақатаев: Үш бақытым:
Ең бірінші байлығым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса – мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Жанарыс: Ана тілің –арың бұл.
Ұятың боп
бетте
Өзге тілдің бәрін
біл,
Өз тіліңді
құрметте.
Аңсар: М. Мақатаев :
Отан туралы:
Мен оның түнін сүйем,
күнін сүйем.
Ағынды өзен, асқар,
тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін
сүйем.
Мен оның қасиетті үнін
сүйемін.
Бар жәндігін сүйемін
қыбырлаған.
Бәрі маған Отан деп
сыбырлаған.
Жаным менің кеудемді
жарып шықта,
Бозторғайы боп оның
шырылдаған.
Отан Отан бәрінен биік
екен,
Мен оны мәңгілікке
сүйіп өтем!
Жеңісбек : Отан менің
ата-анам
Отан досың
бауырың,
Отан өлкем
Астанам
Отан аудан
ауылым!
Ақілес: Орақ өткір
болса қолың талмайды.
Отаның берік болса
жауың алмайды.
Нұрдаулет: Отан оттан
да ыстық. Отансыз адам , ормансыз бұлбұл.
Диляфруз:: Отан үшін
отқа түс күймейсің.
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық
Заңмен белгіленеді. Қазақстан Республикасының Конститутциясы 1995
жылы 30 тамыз күні қабылданды.
Қазақстан республикасының ұлттық валютасы ---- теңге. Теңге 1993
жылы 15 қарашада айналымға енгізілді. Теңгенің символы 2007жылы 30
наурызда бекітілді. 1992жылы 16 наурыздағы Президент жарлығы
бойынша Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы
құрылды.
Гулназ: Туып өскен
Отаным Қазақстан
Күлімдеп гүл жайнаған ,
күн шығыстан
Құлпырған жерім
бар
Алтын нұрлы елім
бар.
Мұғалім: Үш тілдік
құзіреттілікті таныту.
Отан - Родина --
Motherland Отасы –Семья-family
Әнұран - Гимн -- anthem
Ту -- Флаг -- flag Елтаңба -Герб -blazon
Нұрасыл::
М:
Мақатаев:
Отан,
Отан
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгілік бақытсыз боп
өтер ем!
Өмірден бұл өксуменен кетер ем,-
Байқайсың ба, байтақ далам қалай паң,
Өң бойыңнан өзгеше бір тарайды ән!
Ән салдырып, тамсандырып әлемді
Аппақ сүттей келеді атып арай таң .
Рамазан: Алтын ұяң Отан
қымбат,
Құт береке атаң
қымбат.
Айналатын анаң
қымбат.
Асқар тау әкең қымбат.
Қазыбек Би.
Қортынды Бейнекөрініс :
Қазақстан туралы қызықты деректер. Қазақстан 1998 жылы Ақмола
Астана болып, жарияланған соң, қала атауы Астана болып өзгертілді.
1999 жылы ЮНЕСКО келісімімен Астана қаласы әлем қаласы болып
жарияланды. Қазақстан аумағы жағынан әлем бойынша 9 орында және
мұхиттан ең алыс орналасқан мемлекет. Қаэақстан өңірінде 130 дан
астам ұлт өкілдері жасайды. . Уран өндіруден дүние жүзі бойыеша 3
орын Қазақстан. Алғашқы ғарышкер Ю. Гагарин қазақ жеріндегі
Байқоңыр қаласында ғарышқа ұшты. Қазақстан халық саны бойынша дүние
жүзі бойнша 62 орында тұрады. Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз
өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар
салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын
балаңбыз!
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз
жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты
қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық
дегім келеді.