400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Отаным – бақыт ордасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу 4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, таныстырылым түрінде ұсыну
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:№32В.В.Маяковский атындағы орта мектеп

1-сабақ. Отаным – бақыт ордасы Әдебиеттік оқу

Күні

Мұғалімнің есімі Кенбаева Майра Ақылқызы

Сынып 4

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Оқу бағдарламасына негізделген оқу мақсаты

4.2.3.1 Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, таныстырылым түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: тақырып, идея жайлы түсініктерін тереңдетіп, өлеңдегі негізгі ойды анықтайды. Тірек сөздерді қатыстырып тілектер айтады.

Оқушылардың басым бөлігі: тақырыпқа қатысты мақалдардың бөліктерін сәйкестендіріп, мағынасын талдайды. Ұйқасқа негіздеп 4 жолды өлең құрастырады.

Кейбір оқушылар: тақырыпқа қатысты өз пайымдауларын ұсынып, дәлелдейді.

Бағалау критерийлері:

Тақырыпты және негізгі ойды анықтап үйренеді. Автордың ойын мәтін деректерімен дәлелдейді.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік,белсенді азаматтық ұстанымын таныту және өз елінің

дамуына үлес қосу.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Автор жайлы деректер іздеу үшін ғаламтор желісі

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Шығарманың мазмұнын түсініп оқып, нақтылау және себеп-салдарын анықтау сұрақтарын қоя алады. Отан, бейбітшілік, бақыт сөздерінің

мағынасын біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет

Ресурстар

Басталуы

(ЖЖ) «Қос шеңбердегі тілектер» әдісін ұйымдастыру. Оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша ішкі шеңбердегі оқушы мұғалім атаған сөзді қатыстырып өз жұбына тілек айтады да, оңға қарай бір қадам жылжиды. Мұғалімнің атаған келесі сөзін сыртқы шеңбердегі оқушы қатыстырып тілек айтады.

Қолданылатын сөздер: Отан, бақыт, Қайырлы таң! Мұғалім сабақтың тақырыбы және мақсатымен оқушыларды таныстырады.

Қызығушылықты ояту.

Жаңа сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында оқулықтағы берілген тапсырмамен жұмыс жүргізеді.

(ЖЖ) «Құрастыр» айдары бойынша әр жұптық жұмыс

«Кластер» немесе «Жүзімнің шоқтары» әдісі арқылы

«Отанға тілек» тақырыбына кластер құрастырады.

Дескрипторы:

Отанына арналған тілектерін құрастырып жазады.

ҚБ: Смайликтер арқылы өзара бағалау.

(Т) «Құрастыр» айдары бойынша Бейбітшілік, тыныштық














Сызбаға арналған ақ парақтар



сөздерін пайдаланып бір-біріне жақсы тілек сөз айтады.

Дескрипторы:

Берілген сөздерді пайдаланып, бір-біріне жақсы тілек айтады.

ҚБ: Ду қол шапалақтау арқылы өзара бағалау.


Ортасы

Мағынаны тану кезеңі.

(Ж) Ә.Табылдының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.

Аты-жөні Әдібай Табылды

Туған жылы 1926 жыл

Туып-өскен жері Жамбыл облысы Рысқұлов ауданы

Шығармалары «Бөбекке сөз», «Қайырлы таң,

балалар!»

Ақпарат Жазушы, ақын, тәрбие тәлімгері




Ғаламтор желісі, ақпараттық- анықтамалық әдебиеттер


(Т) «Оқы» айдары бойынша оқушылар Ә. Табылдының

«Қайырлы таң, балалар!» атты өлеңін оқып, төмендегі сұрақтар бойынша мазмұнын топта талқылайды:

  • Кейіпкер нені мақтан етеді және неге қуанады?

  • Өлеңдегі ≪Аман Отан – панамыз≫ деген сөзді қалай түсінесің?

  • Неліктен өлең ≪Қайырлы таң, балалар!≫ деп аталған?

  • Сен қандай тақырып қойған болар едің?

Сөздікпен жұмыс.

(Ұ)«Жаңа сөздер сандығы» әдісі бойынша арайлап, әрлі

сөздерінің мағынасын ашады.

Арайлап – жарқырап Әрлі – әдемі, көрікті

(Т) «Есіңе түсір» айдары бойыншаоқушылар тақырып және идея ұғымдарына анықтама береді. «Қайырлы таң, балалар!» өлеңінің тақырыбы мен идеясын анықтап, кестеге түсіреді.

Тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы

Идея – жазушының айтқысы келген негізгі ойы

Тізбектеп оқу


Сұрақтар әр топқа жазылған ақ парақтар




Дескрипторы:

  1. «Тақырып», «идея» ұғымдарына анықтама береді.

  2. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын кестеге жазады.

(Т) «Қолдан» айдарыбойынша

а) Оқушыларға «Егер бейбітшілік болса...» деп басталатын сөйлемнің бастапқы бөлігі жазылған көгершін бейбітшілік символдарының суреттері беріледі. Оқушылар өлеңдегі негізгі ойды үлгідегі сөйлемге ұқсатып жазады да, тақтаға іледі.

Үлгі: Егер бейбітшілік болса, ата-анамыз да аман-есен болады.

Дескрипторы:Бастапқы ойды өздерінше жалғастырады.

ҚБ:«Бағдаршам» әдісі бойынша топтардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастыруға болады.

Тақтада Қазақстан картасы ілінген суреттерді сонда жапсырады Көгершінң суреті, гүл, шар сияқты бейбітшілік символдары- ның суреттері












Әдібай Табылды.Қайырлы таң, балалар!

Тақырып

Өлеңнің идеясы

Ақын Ә. Табылды өлең

тақырыбы арқылы нені суреттеп жазды?

Ә. Табылды өлең арқылы нені айтқысы келді?


Shape1



Мақсаты: Берілген сөйлемнің бастапқы бөлігін жалғастырып, өз ойын толық білдіреді.

Тиімділігі: Оқушылардың кез келген тақырыпта өз ойын еркін білдіре алу дағдыларын арттырады.

(Т) «Қолдан» айдары бойынша

Оқушылар өлең шумағына лайықты ұйқас сөздің орнын тауып, өлеңді құрастырады:

Отанды біз атамекен Деп аялап, атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен Бабамыз бен атамыз.

Керекті сөздер: атамыз, атаймыз

Дескрипторы:

  1. Ұйқас сөздерді табады.

  2. Ұйқасқа негіздеп өлең құрастырады.

Мақсаты: Оқушылардың сөз мағынасын дұрыс түсініп, сөйлем құрастыруда дұрыс пайдалана білуге дағдылануларына ықпал ету.

Тиімділігі: Оқушылардың әр сөзді түсініп қолдану дағдыларын арттырады.

(МК, Т) «Есіңе түсір» айдары бойынша

Оқушылар эпитет туралы білгендерін естеріне түсіріп, өлеңдегі эпитет сөздерді табады.

Отан Аялаған өз елің, Отан – биік тауларың

Отан – шексіз кең дала, Жасыл бағың, бауларың Көк шалғының, аунағын.

Дескрипторы:

  1. Эпитеттің ережесін еске түсіреді.

  2. Берілген өлеңдегі эпитет сөздерді табады.

(Т) «Кластер» әдісі бойынша әр топ өздері қорғайды

Отанға қызмет ету дегенді қалай түсінесің? Ойыңды сызба түрінде топтастырып жаз.

Дескрипторы:

    1. Сұрақ төңірегінде әр оқушы өз пікірін білдіреді.

    2. Қорытынды ойларын топтастырып жазады.

ҚБ: «Ду қол шапалақ»

Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырмаларды уақыт жеткілікті болса, өз қалауынша орындата алады. Онда берілген тапсырмалар оқулықта алған білімдерін әрі қарай толықтыруға арналған. Бекіту жұмысы ретінде де пайдалануға болады.




Аяқталуы

Ойтолғаныс (рефлексия).

(Т) «Қорытындыла» айдары бойынша

1-топ оқушылары «Өз Отаныңды несімен мақтан етесің?» тақырыбына өз пайымдауларын ұсынады. Картадан Қазақстан жерін көрсете отырып, оның кең-байтақ екенін айтады.

2-топқа Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы ұсынылады. Шартты белгілер бойынша өз Отанының байлығын мақтан етеді.

3-топқа әр ұлт балаларының суреті ұсынылады. Олар ұлттар достығын дәріптейді.

4-топ оқушылары өз Отаны туралы ребус құрастырады.

Дескрипторы: Топ жұмысы бағаланады.


ҚБ:«Ду қолшапалақ» әдісі бойынша дұрыс орындалған тапсырмаға қол шапалақтау арқылы қолдау көрсету жүзеге асады.

Үйге тапсырма: К. Салықовтың «Отан» өлеңіндегі ойды жалғастырып, өлеңге бір-екі жол қосып жаз.

Рефлексия. «Көңіл күй қоржыны» әдісі арқылы жүргізіледі.



ҚР

физикалық картасы, пайдалы қазбалар картасы


Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақтары

Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
1 ақпан
849
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі