Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Отаным алтын бесігім
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Желтоқсан желі
Қара бұлт орнап көгімде,
Қан төгілді ата-баба жерінде.
Кім ойлады сол кездегі қырғынның,
Тәуелсіздік ап берерін елімізге.
Ұмытпа елім Ләззат, Қайрат батырды
Таңдарын солар қан жұтумен атырды.
Егеменді ел болуға ұн қосып,
Бар алашты ынтымаққа шақырды.
Жерім деген, елім деген, азаматтар ардақты,
Қайсар мінез Қайраттай асыл ағамыз.
Егемен болып жеке дара шығуға,
Халқы үшін өз өмірін арнапты.
Көрмейік сондай кезеңді қайта қазағым,
Тарттық талай небір өмір азабын.
Жиырма жылда талай кезең өткіздік,
Егеменді ел болдық міне қазағым.
Авторы : Әбдіхалық Қасым
07.12.2011
Қазақстан байтақ елім
Әлемге қазақ деген ел болғаны,
Қазақтай қарапайым ел болмады.
Қарқындап жылдан-жылға үдей түсіп,
Ешкімнің өркенінен кем болмады.
Жинады қаны қазақ қауымдасты,
Еліміз алға қарай қадам басты.
Езгіден айырылған қазақ елі,
Шырағын өшіп қалған қайта жақты.
Ел болдық қазақ деген егеменді,
Езгіде өткен сәтін ұмытқандай.
Әрқашан мәңгі жаса ардақты елім,
Достығы бүгін күннің ұмыт қалмай.
Астанам үлес қосты өрлеуіне,
Қазақтың шек болмады көлбеуіне.
Жоғары оқу орны, жастар үшін,
Орнатты Астананың төрлерінде.
Есімі ел басының шарықтаған,
Іс үшін игілікті жалықпаған.
Мұндағы сусындаған зиялылар,
Талабы қыран құстай қалықтаған.
Бұл дағы келешектің жарқыны деп,
Сезілер жастар үшін анық маған.
Қазақтың Қазақстан байтақ елі,
Қолдасын қасиетті алып далам. Авторы : Әбдіхалық Қасым
Астанам
Қазақ елім тұғыры биік еңселі,
Астанам деп мойындаймын тек сені.
Ата бабам еңбек етіп тер төккен,
Бесігінде талай батыр тербеткен.
О қазағым сен деп менде өтермін,
Аққағазға жыр – ғып жазып кетермін.
Сенің дарқан кең байтақ мына далаңда,
Сағынғанда құс боп ұшып жетермін.
Шөбі шүйгін, суы балдай дәмі бар,
Арқарымен төсінде жортқан аңы бар.
Іздесең бақыт байлықты мынау ғаламда,
Осы өлкеден бәрі саған табылар.
Желбіресін көк туымыз мәңгі аспанда,
Ғұмырың ұзақ болсыншы енді жас қала.
Бар қазақтың басын қосқан кең мекен,
Жасай бер жаса ынтымақ жері Астана.
Авторы : Әбдіхалық Қасым
25.10.2011 жылы.
Алтын ұям отаным
Көңілі дарқан дара туған қазағым,
Көрдік талай өмірдің не бір азабын.
Еске алсақ сол бір қиын кезеңді,
Көздің жасы көлдей болып ағады.
Жақсылықпен жамандық бар таласқан,
Көк туымыз көк аспанмен жарасқан.
Алыстан көз тартып тұрар әруақытта,
Алтындай нұрлы мынау Астанам.
Өркендеп өс күннен - күнге о елім,
Ата-бабам төккен терін бұл жерім.
Ардақтап мәңгі өтейік батыр ерлерді,
Бағалап бәрін сіңірген елге еңбегін.
Сенсің менің алтын ұям отаным,
Өзіңнен мен шаттанып бір күш алдым.
Көңілге симай өзіңе деген махаббат,
Азғантай саған жыр шумағын арнадым
Авторы : Әбдіхалық Қасым
10.11.2011
Дарқан елім
Дарқан елім дара туған қазағым,
Тартқан талай өмірдің небір азабын.
Сол күндерде ұмыт, қалып бүгінде,
Желбіреттік қазақтың көк жалауын.
Еліменен мақтанады әр адам,
Қуат бердің самалыңмен, сен маған.
Мақтан тұтып, бір өзіңді бүгінде,
Өзіңе деп жыр шумағын арнағам.
Қазақ болып, туған маған бір бақыт,
Сыйладың сен! жүрегіме жыр жақұт.
Сені мақтан еткенімнің өзіде,
Мен үшін ол, сарқылмайтын мың бақыт.
Өшпесін еш жұлдызымыз аспанда,
Күн сәулесі нұрын, төгіп жатқанда.
Остан артық бақыт барма өмірде,
Жүздескенде амандықпен әр таңда.
Аспан көрпе жерің төсек бүгінде,
Қазақстан ұлан байтақ жерінде.
Бақытты өмір кешейік, бүл ғаламда,
Отанымыз Қазақстан елінде.
Елбасымыз аман балыңыз, жасаңыз,
Сіз тұрғанда талай белес асамыз.
Егеменді ел болуды армандап,
Өтті өмірден небір ата – бабамыз.
13.11.2013 жылы
Кешкен ғұмыр талай ата - бабамыз,
Өнегелі өр өсиет данамыз.
Бәрімізді әлпештеген ардақтап,
Құшақ жайып кең жазира даламыз.
Сендей жерді мақтан етіп жүреміз,
Мықты болсын мәңгі тіккен іргеміз.
Сенің ауаң, желің менен жемісің,
Мал жайылған тау тасыңмен өрісің.
Кең жазира даласында күн кешкен,
Бесігінде талай батыр тербеткен.
Еңбек ету өзің үшін бір бақыт,
Таусылмасын ғұмыр – дария әр уақыт.
Не көрмеді өмірде қайран қазақ,
Тартқызған осы өмір небір азап.
Ұл – қызы ұрандады ел – жерім деп,
Тәуелсіз болу үшін дара қазақ .
Желтоқсан желің менен желпіп өттің,
Қазақты қара түнек мұңды еттің.
Осы жыл, оңай соққы болмады ғой,
Небір қыршын қиылып жастай кеттің.
Осылай болмас енді мұңды заман,
Көгіңде жарық сәуле жарқыраған.
Өнеге үлгі, болған ұл – қыздардың,
Ерлігі өшпес мәңгі есте қалған.
Отан – ана
Мен, мен едім мен едім,
Арайлап атқан күн едім.
Бабалар аитқан сөз едім,
Тербетсем асыл әнімді
Отаным жалғыз дер едім.
Мен, мен едім мен едім,
Жырлап сені келемін.
Өзіңнен мынау отаным,
Нәр қуат алодым дер едім.
Мен, мен едім мен едім,
Бабалар төккен тер едім.
Жау алмаған жер едім,
Іздері қалған бабаның
Мұрағып кеткен көз едім.
Мен, мен едім мен едім,
Айдын шалқар көл едім.
Аманат баба сөздерін,
Туғылып үстап келемін.
Аман жүрсем ажалдан,
Көпқой саған берерім.
Авторы: Әбдіхалақ Қасым 03.11.2011 жылы
Нұр – астана
Келдім ата – бабам туған жеріне,
Қазақтай бұл дархан асқар еліме.
Самға мәңгі көк туымыз желбіреп,
Жетсін үні отанымның көгіне.
Ризамын қазақ болып туғанға,
Не кедергі бола алады отаным.
Нұрағадай қабілетті басшы бар,
Ұлан байтақ ата жұртың тұрғанда.
Мақтанышпен айтып өтер әрбір жан,
Қымбат маған батқан күнмен атқан таң.
Құдіретіңнен айналайын отаным,
Өзіңменен мәңгі бақи мақтанам.
Құтты болсын туған күнің қазағым,
Талай жылдың көрдің қызық азабын.
Осы жылдар жеттік талай табысқа,
Тәуелсіздік мәңгі болсын қазағым.
Тамсандырдың талай ұлы елдерді,
Жантараптан келіп жатыр жолаушы.
Ұлан ғайыр кең жеріне алаштың,
Астанадай ақ ордасын көргелі.
Жаса мәңгі жасай бер сен жас қалам,
Әр күндерің жаңалықпен басталған.
Ғұмыр жасың үзақ болсын отаным,
Бар алаштың бас қаласы Астанам.
Елі үшін аянбай ер тер төккен,
Жеттің аға осы күнге еңбекпен.
Жасыңызға жас қосылып ел басы,
Парасатты ақыл оймен тербеткен.
Абылайхан баба жолын жалғаған,
Қабілетін бар білімін арнаған.
Қыранысыз мынау дархан елімнің,
Ұсша биік қанаты еш талмаған.
Авторы: Әбдіхалық Қ 05.12.2013 жылы
Тәуелсіздік
Жаратқан ием он сегіз мың ғаламды,
Сол ғаламға жіберген алғаш адамды.
Міне солар жан тарапқа тараған,
Бөлеген жырға кең байтақ мына даламды.
Желтоқсанның қысы қатты ызғарлы,
Ақ қарымен жамылған тау – тас құздарды.
Желтоқсанның соққан қатты ілебі,
Кең даламның үнсіз соқты жүрегі.
Аямады жастарымыз жандарын,
Артқа тастап ағайын жақындарын.
Тәуелсіз ел болу жалғыз арманы,
Төқті талай ұл – қыздарымыз жандарын.
Қайраттай ұлың жүрегі нүрдан жаралған,
Есімі бүгін бар әлемге таралған.
Көбейе берсін қазағым сондай ұлдарың,
Сүйікті жайсаң жерімнен мынау нәр алған.
Тәуелсіз болу келген жоқ оңай қазағым,
Тартқызған өмір қйындықпенен азабын.
Еске алып сол бір, желтоқсанның ызғарын,
Сақтайық есте бұл күнді мәңгі қазағым.
Авторы: Әбдіхалық Қасым 16.12.2009 жылы
Отаным
Көңілді ой жанымды жыр тербеткен,
Өмір шіркін қызық едің сен неткен.
Осы өмір арнасында тоғысып,
Талай ақын жүрегінен жыр төккен.
Сенсің бақыт байлығымда отаным,
Арманысың талай ата – бабаның.
Тәуелсіздік туы көкке желбіреп,
Егеменді елім сенде атандың.
Көк байрағың үшсын көкте қалықтап,
Ән ұраның тұрсын мәңгі шарықтап.
Қазақ деген ел болдық біз мәңгілік,
Жазатұғын әрбір ақын парықтап.
Ұлды берген қазағыма айбарлы,
Еш нәрседен қолға алған таймады.
Бар ғұмырын еңбегімен жемісін,
Қазақтай байтақ отанына арнады.
Аман болсын қазағым асыл ұлдарың,
Ұмыт қалсын қйындық көрген жылдарың.
Жасай берсін арыстан мінез қазағым,
Арайлап атқан ашық болсын әр таңың.
Авторы: Әбдіхалық Қ 11.02.2011 жылы
Нұр отан
Қазақ елім ер мінезді нар тұлғаң,
Басшы болып Нұр ағамдай ұл туған.
Ұлы баба ұран етіп есімін,
Бар алаштың басын қосқан Нұрсұлтан.
Нұрлы жолын тарту еткен еліне,
Қазақстан ұлан байтақ жеріне.
Желбіретіп көк ту дайын байрағын,
Биік ұстап ел орданың төрінде.
Нұр отан деп ұран еткен ұл қыздар,
Жарық еткен аспаннан сан жұлдыздар.
Ынтымақпен жиналатын бір жерге,
Қазақ сынды кең мінезді ұлтым бар.
Нұр отанның нұрлы жолы секілді,
Күн шырайын шашқан қазақ халқына.
Елбасымыз тұнып тұрған дария,
Басын иген ата дәстүр салтына.
Нұр отанмен нұрланып тұр қаламыз,
Жарық шашып адам заттың бәріне.
Құшағын кең жайып жатыр алашым,
Қаншама ұлт үлкен кіші кәріңе.
Партиясы алашымның сен ғана,
Нұрың менен нұрланғандай жанымыз.
Мойындадық жалғыз ғана нұр отан,
Сеніп саған үміт артып бәріміз.
Нұр отандай партиямыз тұрғанда,
Озық болмақ ұлтымыздың ертеңі.
Сенің әрбір жасаған іс қимылың,
Ұрпақтарға үлгілі ой шертеді.
Бір Аллаһтың нұры менен нұрлансын,
Нұр отандай партияның ерлігі.
Нұрсұлтандай кемел басы тұрғанда,
Алашымның жарық болар ертеңі.
Нұр отан аманаты ұлылықтың,
Қазақсынды ұлы елдің ұраны сен.
Сендей алып елімнің ертеңі бар,
Нұр аға алашымның шырағысың.
Нұр отан жұлдызысың қазағымның,
Күрескен қиындықпен азат үшін.
Мәңгілік болсын ісің ізгілікті,
Нұр отан өшпес сәуле алаш үшін.
Елім деп соқса жүрек үлпіл қағып,
Қазақтан туған екен талай алып.
Соларда елі үшін жанын қиған,
Талай майдан маз кешіп қару алып.
Нұр отан әнің көкте қалықтасын,
Жүректе мәңгі есімің шарықтасын.
Нұр отан сенмен бірге жанымызда,
Нұр отан атсын сенің таңың алдан.
Жас – отан
Келешек жастарымыздан басталады,
Қазақтай ұлы елдің ұрпақтары.
Жастарға үміт силап шабыт берген,
Нұрсұлтандай ардақты ел тұлғасы.
Нұр отанның баласы жас отандар,
Жастар үшін тек қана бір отан бар.
Қазақтың мақтанышы Қазақстан,
Тіккен туды құлатпаңдар еш қашан.
Ғылым білім дамыған мынау заманда,
Не бір сұмдық болып жатыр ғаламда.
Қазағымның нық болған ғой бірлігі,
Қанша жайттер боп жатса да даламда.
Үміт силап бойына жастарымның,
Күн сәулесін төккізген аспанының.
Тек алға деп ұрандап жас отандар,
Келешектің ақ жолын тапқан бүгін.
Жас отандай партия жас қанаты,
Ел басының жастарға аманаты.
Қаншама жас үмітпен арман еткен,
Биік шыңға серметіп бақ қанатын.
Келешек жастар үшін арман болған,
Қол сермеп биік шыңнан армандарға.
Жас отан жастар үшін ол келешек,
Самғаған асулардан алға ғана.
Жас қанат жас отан деп ұрандатқан,
Қалықтап көк аспанда қыран дайын.
Кәзіргі жастарымыз білім шыңы,
Бәріде ұрандауға тек лайық.
Жас отан қанаты ол жатарымның,
Жастары келешегі астанамның.
Бұлдағы мақтанышы алашымның,
Бастамасы ер тұлға кемеңгердің.
Қазақтың бақ қонған ғой аспанына,
Келешек силап әркез жастарына.
Бабалар тер төккен ғой осы жолда,
Қиындық төнсе дағы бастарына.
Сенімін ақтар анық жастарымыз,
Әлемде қазақ деген ұлы ердің.
Сендерге бүгін таңда сенім артып,
Тапсырған келешегін дархан елдің.
Жасай бер жаса жас отан,
Жастарменен тек алға.
Ел басымыз Нұрсұлтан,
Қазақ деп туған ер бала.
Алға қойған мақсаттарың бар алда,
Жас отаным жаса мәңгі сен ғана.
Қазақстан елім менің байтағым,
Жас отанмен жастарымыз жасасын.
Жан берген соң жаратушы баршаға,
Адам болып бұл өмірге келгенбіз.
Бар ғаламға нұрын төккен ұлы күш,
Бір Аллаһтың барына да сенгенбіз.
Сенің нұрың керек барша ғаламға,
Исламдай ұлы дінмен сусындар.
Пайғамбармыз барша үмбет тірегі,
Ізін жалғар иманды қазақ ұлтым бар.
Есіме алып өткенің белестерін,
Көз алдыма жан әке елестедің.
Бойымда сенің қаның тарап жатыр,
Әрқашанда жұректен сен өшп
Желтоқсанға арнау
Егеменді еліміздің тірегі,
Соққан әркез отан деп оның жүрегі.
Дүниеге дара болып таралған,
Нұрсұлтандай қазағымның ұлы еді.
Желтоқсанның көрдік қатты ызғарын,
Қиды емес пе жандарын ұл – қыздарың.
Енді міне ақ қағазға түсірдік,
Желтоқсанның қаһары қатты, мұзды әнін.
Егемендік әкелдің бізге тағыда,
Қазағымның құсы кеп қонды бағына.
Ойласаң сол бір желтоқсанның ызғарын,
Көздің жасы көлдей болып ағады.
Мұндай кезең болмасын енді мәңгілік,
Егеменді ел болдық біз бүгінде.
Көк туымыз желбіреп мәңгі аспанда,
Құламасын енді жерге байрағың.
16.12.2013 жылы