Тәрбие сағатының
тақырыбы: Отаным - Атамекенім
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің
рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге
үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып,
махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық:
Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың
талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп
қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа,
атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
Тәрбиелік:
Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу,
шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне
білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі:
Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы,
рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд,
Астана және Арасан ауылына байланысты
суреттер.
Сабақтың әдіс -
тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі,
көрнекілік
Тәрбие үрдісі:
Азаматтық, патриоттық тәрбие
беру.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы
алып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру.
Біз бүгін ата - аналармен бірлесе отырып, «Менің Отаным -
Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Өту барысында
өз Отанымыз туралы ой - пікірлерімізді ортаға салып,, Отандарыңа
арнап салған суреттеріңді көреміз, өздерің жаттаған өлең -
шығармаларыңды тыңдаймыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
орындалады.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.(слайд)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай
300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға
созылып жатыр.(ҚР - ның физикалық картасынан көрсету)
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол
мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған
егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті,
мол.(слайдтан көрсетіледі)
Хор: «Отан»
- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін
тыңдау)
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір
мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
Алихан:
Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,
Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.
Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,
Достым білгің келе ме? Отан - аудан,
ауылың.
Тансұлу:
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.
Гүлімай:
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.
Дегдар:
Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
Еркежан:
Отанды жас - кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.
Мұғалім:
-
Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер қалай
аталады?
- Арасан
Туған жеріміз Арасан біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана
бір бөлшегі болып есептеледі. Біз осы жерде өмір сүріп
жатырмыз.
Қазір, сендер «Туған жер» өлеңін мұқият ден қойып отырып тыңдап, өз
ойларыңды айтуға дайындалып отырыңдар.(өзім оқимын)
Осы кезде Арасанның өсіп - өркендеп келе жатқандығын сипаттайтын
түрлі суреттер топтамасы слайдтан көрсетіледі, зер салып қарап
отырамыз.
- Біздің өз туған жеріміз Арасанды сағынған кезіміз болды
ма?(тыңдау)
«Туған жер» өлеңін оқиды.
Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай
мақал - мәтелдер біледі екенбіз?
1. Туған жер - тұғырың
Туған ел - қыдырың.
2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
3. Туған жер – алтын бесік.
4. Туған жердің топырағы да ыстық.
Хор: «Атамекен» (ата - аналардың
оындауында)
Мұғалім:
Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен,
жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын
адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Бәрі: Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік
рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз
алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз,
Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.
Күншуақ:
Тас жаратын семсердей тілімдесің
Жүрегімде, дінімде, ділімдесің.
Байлығым, бақытымсың, ардақты Отан
Ойым да, түнім де, күнімдесің.
Зерде:
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат Ел деп алғыс сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
Алмажан:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.
Осы жерде ата - ана тәуелсіздік тақырыбына өлең
оқиды.
Хор: «Тату доспыз бәріміз»
Ақжол:
Отан - менің өзегім,
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыт шақтарды,
Жүрегіммен сеземін.
Роза:
Отаным - менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.
Айқын:
Отаным - мәңгі қорғаным,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан,
Өзенін, көлін, орманын.
Мейір:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.
Парасат:
Ата, Әжем, Әкем, анам -
Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді
«Ер азамат атан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын»мен
Нұрай:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!
Хор: «Сүйікті Отаным»
Х. Ақжан:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
Маржан:
Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Е. Ақжан:
Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым
Алихан:
Қойнауы мол кенге тұнған
Кең жайлауы малға толған,
Жерұйықтай жері дархан
Жаны жомарт елі дархан
Бәрі: Ол біздің - Қазақстан!
Қорытынды:
Бәрі: Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің.
Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды
жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға
ұстайтын балаңбыз!
Мұғалім:
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз
жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты
қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық
дегім келеді.
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау
болыңыздар