"25-қазан Республика күні"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"25-қазан Республика күні"

Материал туралы қысқаша түсінік
25-ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІК
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-жүргізуші Майра:(тәрбиеші)

Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар.

2-жүргізуші Әлинұр:

Сәлеметсіздерме ата-аналар.

Майра:

Құрметті ата - аналар, балабақша ұжымы! Баршаңызды 25- қазан Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілейміз.

Әлинұр сен Қазақстан,Отан туралы өлең –шумақтарын білесіңбе?

Әлинұр: Әрине, Майра апай білемін.

Майра: Ендеше қонақтарға айтып бересіңбе?

Әлинұр: Жарайды .

Отаным менің –Қақақстан,

Ыстық қой сенің топырағың.

Орманын,көлін,бау-бағын,

Қастерлеген қазағым.

Найзаның ұшымен қорғаған,

Халқым менің мықтығой.

Ата-бабам әрқашан,

Салт-дәстүрін сақтаған.

Майра: Жарайсың Әлинұр, ендеше не тұрыс ортаға «Қарлығаш» мектепалды тобының балаларын қошеметпен шақырайық.

(Музыкамен,қолдарына ту ұстаған балалар ортаға шығады)

Әлинұр: Құрметті қонақтар балалардың орындауындағы «Қазақстаным Отаным» әнін қабыл алыңыздар.





Әлинұр:

Бүгін міне таныды әлем,

Қазағымның кім екенін.

Мақтанышпен мен өзіңді,

Ән етемін,жыр етемін.

Асылым мен Әминаның орындауындағы «Отан-Ана» әнін қабыл алыңыздар.



Майра: Әлинұр саған сұрақ қойсам,жауап беруге дайынсыңба?

Әлинұр: Әрине Майра апай , мен қашанда дайынмын.
Майра: Ендеше бірінші сұрағым:
- Біздің Отанымыз қалай аталады?

Әлинұр:
-Қазақстан.
- Елбасымыз кім?
Әлинұр:
- Қасым Жомарт Тоқаев.
Майра:
- Отанымыздың астанасы қай қала?

Әлинұр:
- Астана қаласы.
Майра:
- Еліміз өзінің қандай қасиеттерімен айбатты?
Әлинұр:
- Әнұран, Туы, Елтаңбасымен.
Майра:
- Өте жақсы. Еліміздің патриоты екеніңді дәлелдедің.Рахмет саған.

Құрметті қонақтар келесі кезекте балаларымыздың мерекеге арнаған өлең-шумақтарын қабыл алыңыздар.

Айым,Мүслима,Айару,Асылым,Ясина,Хафиза.

Айым: Құтты болсын қазағым,

Республика күні бұл.

Мерейлі де тәуелсіз,

Қазағымның үні бұл.


Мүслима: Жарық біздің күніміз,

Біз өмірдің гүліміз.

Қазақстан – жан Отан,

Қазақ тілі – тіліміз!

Айару: Ортақ бізге бір Отан,

Төбемізде бір аспан.

Барлық  ұлттын баласы,

Достығымыз жарасқан.


Асылым: Ауасы дауа,суы бал,

Аққан селдей жыры бар.

Қазағымның тәуелсіз,

Елтаңбасы туы бар.

Ясина: Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы.

Ол- біздің Қазақстан!

Анамыздай тілеуі- ақ,

Отан бізде біреу-ақ.

Ол біздің Қазақстан!

Хафиза: Ақжайық , Алтай арасы,

Қазақтың шалқар даласы.

Республикама қарашы!

Жерімнің дәні маржандай,

Қырманы асқар таулардай.

Республикама қарашы!


Майра:  Республика күнінде,

Ән айтамыз, билейміз.
Қайғы жұтып, алаңдап,
Мұңаюды білмейміз.

Құрметті ата-аналар тобымыздың жігіттерінің «Батырлар ұраны» биін тамашалаңыздар.



Әлинұр: Найзаның ұшымен қорғаған,

Халқым менің мықтығой.

Ата-бабам әрқашан,

Салт-дәстүрін сақтаған.

Майра: Ендеше тобымыздағы балалардың бүгінгі мерекеге арнаған өлең-шумақтарын қабыл алыңыздар.

Нұрперзент,Азиз,Ағыбай,Алишах,Нұрболат,Әлішер:

Нұрперзент: Отаным менің Қазақстан,

Мәңгілік сенімен мақтанам.

Саяңда жүрсем әрдайым,

Күлімдеп жүрем бақ табам.

Азиз: Әнұраны елімнің,

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның,

Болашағы бірлікте.

Ағыбай: Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Алишах: Әнұраным, жан ұраным,

Туған жерім сағынарым.

Мәңгі-бақи шырқалады,

Республика,  Әнұраны.


Нұрболат: Күн шуақты Қазақстан,

Саған ғана үн қосқан.

Жүрегімнің дүрсілі,

Төгіледі жыр дастан.




Әлішер: Кең жазық Отан мекенім,

Сенде өсіп көктедім.

Сені қорғау парызым,

Мұны біліп өтемін.


Майра: Әлинұр сен ертегі тыңдағанды жақсы көресіңбе?

Әлинұр: Ия,мен ерегілер тыңдағанды ұнатамын.

Майра: Ендеше қандай ертегілер білесің?

Әлинұр: «Жеті лақ», «Бауырсақ», «Мақта қыз бен мысық», «Қожанасыр»ертегілерін білемін.

Майра: Жарайсың Әлинұр ,сен көп ертегі біледі екенсің.

Ендеше құрметті қонақтар біздің топтың балалары «Қоян мен Түлкі» ертегісін тантамареска әдісі арқылы сомдап береді.Қабыл алыңыздар.


Әлинұр:

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу,неткен көркем,

Осы менің туған өлкем, дей келе балалардың мерекеге арналған өлең-шумақтарын қабыл алыңыздар.

Рахман,Нұртуған,Исламхан,

Исламхан: Отан туған өз елің,

Айдын көлің өзенің.

Мирас еткен бабалар,

Қорғап әрбір кезеңін.

Нұртуған: Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кені бар.

Тәуелсіз ел Қазақстан,

Көркіне көркі жарасқан.

Рахман: Көк туымды қолыма,

Бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жолыма,

Менің Қазақстаным.

Майра: Әлинұр сен білесіңбе,біздің еліміз өте бай.Елімізде өзен,көл,орман,тауларда көп.

Әлинұр: Майра апай ия,мен бұл туралы өлең-шумақтарын білемін.

Менің елім Қазақстан,

Бар ғой онда бәрі де:

Өзен де бар, көл де бар,

Орман да бар, тау да бар.


Майра: Өнер қуған жасынан,
Өнері судай тасыған.
Келесі біздің бишілер,
Көрінген көштің басынан.

Қыздарымыздың «Қамажай» биін тамашалаңыздар.


Әлинұр:Сен дегенде,Қазақстан,

Жүректен от лаулап ұшқан.

Гүлдей жайнап құлпыра бер,

Егемен ел-Қазақстан.

Құрметті қонақтар, Ясина мен Хафизаның орындауындағы «Татулықта күшіміз» әнін қабыл алыңыздар.

Майра: Құрметті ата-аналар Әлинұр екеуміз балалар сахна сыртына шығуға дайын боламын дегенше сіздерге сұрақтар қойсақ қалай қарайсыздар?

(Ата-аналарға мерекеге байланысты,ұлттық құндылықтарға қатысты сұрақ қойылып,жауап алынады)

Балалар музыкамен сахнаға келеді.

Әлинұр: Бүгін міне таныды әлем,

Қазағымның кім екенін.

Мақтанышпен мен өзіңді,

Ән етемін,жыр етемін дей келе,балалардың орындауындағы «Егеменді ел» әнін қабыл алыңыздар.


Майра: Құрметті ата-аналар бүгінгі мерекеге құттықтау сөзді балабақшамыздың меңгерушісі Шахатова Роза Сабырханқызына және балабақша әдіскері Палгүл Ташкенбайқызына береміз.

Әлинұр:

Елім де тыныш,жерім де тыныш,

Бейбіт күн әні шырқасын.

Бақытты елім,жақұтты жерім,

Тіл көзден сені сақтасын дей келе, құрметті қонақтар ,балалар осымен Республика күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.

Майра: Еліміз тыныш,отбасымыз аман болсын.Елімізде тек жақсы жаңалықтар көп болсын.Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Қош сау болыңыздар.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2024
436
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі