Отаным-менің Қазақстаным!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отаным-менің Қазақстаным!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды Отан – сүйгіштікке баулу, еліміздің рәміздерімен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Отаным-менің Қазақстаным!

Мақсаты: Балаларды Отан – сүйгіштікке баулу, еліміздің рәміздерімен таныстыру.

Әдісі: сұрақ – жауап, әңгіме.

   Көрнекілігі: ҚР президентінің портреті, еліміздің рәміздері, Астана қаласы туралы суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлеметсің бе шуағын төккен күн ?

  • Сәлеметсің бе Жер ана ?

  • Сәлеметсің бе қамқорлықты көк аспан ?

  • Сәлеметсіңдер ме мейірімді достарым ? (балалар осылайша бір – бірімен құшақтасады)

Балалар бүгінгі біздің  тақырыбымыз: «Қазақстан – Республикам менің» деп таныстырған соң сұрақ – жауап арқылы Отан деген сөзді балалардың қалай түсінетіндіктерін байқайды.

  • Отан деген не ?

  • Отан дегеніміз біздің еліміз, жеріміз, туған – туыс, бауырымыз, ауыл – қаламыз, өзіміз, туып өскен жеріміз.

Педагог ақын Бүркіт Ысқақовтың «Отан» өлеңін оқып береді.

Отан сенің –  ата – анаң.

Отан – досың, бауырың.

Отан – өлкең, астанаң.

Отан – аудан, ауылың.

Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз халқың.

Отан – өлең, Отан – жыр,

Көтерген көпке ел даңқын.

Отан осы достарым,

Көңілге оны түйе біл !

Отан деп өсіп жас жаның.

Оны ардақтап сүйе біл !

Балалар, біздің ұлтымыз кім ?

  • Біздің ұлтымыз – қазақ.

  • Біздің Отанымыз қалай аталады ?

  • Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы деп аталады.

  • Біз елімізді жақсы көреміз бе ?

  • Жақсы көреміз.

  • Қазақстан қандай мемлекет ?

  • Қазақстан тәуелсіз, көпұлтты мемлекет. Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алған. Қазақстанда 100 – ден астам ұлттың өкілі тұрады.

  • Балалар сендер елімізге, жерімізге қандай тілек білдірер едіңдер ?

  • Елімізде тыныштық болсын !

  • Еліміз бай болмсын !

 

  • Соғыс апаты болмасын !

  • Бейбітшілік болсын !

  • Қазақстан Республикасының президенті кім ?

  • Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев

  • Бас қала қай қала ?

  • Бас қала – Астана қаласы.

Біздің елордамыз – Астана қаласы. Ол бұрын Ақмола деп аталған. Астанамыз жас қала, әрі бас қала. Астанамыз жылдан жылға көркейіп, әсемденіп келеді. Қазір осы Астана қаласын біз бейне таспадан көріп тамашалаймыз.

Астана қаласының суреттегі түрлі түсті бейнесін балаларға таоатып беріп, оның әдемі зәулім ғимараттары, фонтандары, кең көшелері, ескерткіштері жөнінде әңгімелейді.

  • Балалар, Республикамыздың қандай рәміздері бар ?

(балалардың жауабы)

Рәміздерім елдігімнің белгісі.

Білу керек бала – дағы ең кіші,

Рәміздерім – әнұран, ту, елтаңба.

Рәміздерді жатқа білу жөн кісі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2021
547
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі