Тақырып бойынша 27 материал табылды

Отбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
отбасы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасы – тәрбие бастауы

Тақырыбы: Отбасы – тәрбие бастауы
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру.
Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Баланың жан – жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата – анасын, жора – жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.
Әдісі: Сұрақ – жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға сала білу.
Көрнекілігі: Үлестірмелі кестелер, даналық сөздер, компьютер,
баяндамалар, плакаттар.

Нақыл сөздер:
1. «Анаң – асыл қазынаң, әкең – асқар тау».
2. «Ата – ананың міндеті – тәрбиелеу және жақсылықты үйрету».
3. «Бала – біздің болашағымыз»
4. «Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады».
5. «Бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі».
6. «Балаға сіңірген ата – ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле – өлгенше сусындайтын махаббат.
Ғабиден Мұстафин
Түрі: Ата – ана мен баланың арасындағы сыйластықты күшейту.

Барысы: Балалар біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек?
Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.
Жақсыдан жаман туады,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз.
Отбасы – адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы – ата – ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек»- деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата – ананың орны бөлек. Бала әкеден – ақыл, анадан – мейірім алады. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.
Ата – анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала – адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата – ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінің түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі – ата – бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерде.

Біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты шағын мемлекетіміз «жанұяны» мықты мемлекетке айналдыру. Ол үшін мықты мемлекет – жанұямызға берік босаға, кең кереге, үлкен терезе, мықты шаңырақ керек.

Біздің ойынымызға ата – аналар мен балалар қатысады. Кірпіштерге жазылған сөздермен біздер өзіміздің Үйімізді қалайық. Біздер балалар барлығымызда өз өміріміздің құрлысшысымыз. Біздің үйіміздің фундаменті неден тұрады екен?
Оқушыларға актуалдық сұрақтар:
1. Үй дегенді қалай түсінесің?
2. Үйдің жылу, ата – ананың аялы алақаны дегенді қалай түсінесің?
3. Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіздер?

Мақал -мәтелдің жалғасын табу. 

1топ.

1.Атаға қарап - ...............,

Анаға қарап - ..................

2. Ананың көңілі балада, ..........................

3. Ата-ананың қадірін - ................................

4. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)

2 топ.

5. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)

6. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

7. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)

8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)

3-топ.

9. Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)

10.«Жеті атасын білмеген: ................(жетесіз»),

11.Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

12.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,…(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)

Біздің алдымызда үй салатын мынандай кірпіштер жатыр:
1. байлық.
2. бауырмалдық
3. татулық
4. қайырымдылық
5. әдептілік
6. инабаттылық
7. шыдамдылық
8. толеранттық
9. түсіністік
10. ізеттілік
11. ауызбірлік
12. сенімділік
13. махаббат
14. ата – ананың балаға деген махаббаты

Осы кірпіштердің көмегімен біздер өз үйлерімізді тұрайық. (Балалар үй тұрғызуға кіріседі)
Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата – ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.


«Бақытты отбасы модулін» аяқтау.

Үйдің берік болып ұзақ қызмет етуі үшін іргетасы мықты болуы керек. Отбасының да мықты, берік, тату болуы үшін оның мүшелерінің бойында қандай қасиеттер болуы керек.

 

Қорытындылау.
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын!




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.10.2024
103
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12