Сабақтың тақырыбы:
«Отбасы»
Сабақтың білімділік
мақсаты: Отбасы туралы
балалардың тусінігін қалыптастыру, олардың бәрі бірге тұратынын,
бір-біріне көмектесіп, қамқор болуға және үлкенді сыйлауға
үйрету.
Сабақтың дамытушылық
мақсаты: Отбасы мүшелеріне
байланысты сөз, сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын
молайту.
Сабақтың тәрбиелік
мақсаты: Әдептілікке,
үлкендерді құрметтеуге және өз отбасына деген мақтаныш сезіміне
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: презентация.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелесу,
сұрақ-жауап, саусақ театры.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру
кезеңі.
а) Амандасу.
ә) Көңілашар сәті.
II. Жаңа сабақ.
а) Кіріспе сөз.
ә) Әңгімелеу (сурет
бойынша).
III. Сергіту
сәті.
IV. Бекіту.
Тапсырма.
а) Дидактикалық ойын: «Кім
жоқ?!»
ә) Жұмбақтар.
б)Саусақ
театры: «Біздің шаңырақ»
v.Шығармашылық
жұмыс.
а) «Менің
отбасым»
ә) Топтастыру
әдісі.
б)Отбасын үйге орнластыра
отырып сөйлем құрату.
в)Венн диаграммасын
құрастыру.
VI.
Қорытындылау.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу:
Армысың, көк аспан!
Армысың, шуақты Күн!
Бармысыңдар, балалар!
Қайырлы күн, балақай!
ә)Көңілашар сәті:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де
сіз,
Ата-ананы
құрметтеп,
Бас иеміз
біз.
- Балалар
, сабағымызды бастамас бұрын сендерге жұмбақ жасырғалы
тұрмын.
Үлкеніміз ,
кәріміз,
Қуат берер
дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз
бәріміз.
Бұл кім?
Мейірімді ол
кісі,
Балалар кеп бата
алар.
Қалтасына кәмпит
сап,
Немереге апарар,
Ол кім?
Ал , балалар бізге бүгін
қонақтар келіп отыр. Бүгінгі сабақта біз отбасы туралы
білетінімізді одан әрі дамытамыз.
-Балалар сендер қай елде
тұрасыңдар?
-Қазақстанда.
Отбасы- шағын мемлекет. Міне
осындай отбасылардан біздің мемлекетіміз құралады.
II. Жаңа сабақ.
а)
Кіріспе
б)Әңгімелеу (сурет бойынша).
Балалара, мынау ненің суреті?

-Үйде кімдер
тұрады?
-Үйде бір отбасы мүшелері
тұрады
Оқушыларды шығарып өздері
көрсету арқылы аттатамыз.
О
йын:
Отбасы мүшелерін үйге орналастырамыз.( Слайдпен көрсетіледі)

Балалар
біздің үйіміз бар, онда тұратын адамдарменде таныстық. Келесі
кезекте осы отбасы мүшелері немен айналысады екен , оны білу үшін
«Кімге не қажет ?» атты дидактикалық ойынымызды
ойнайық.
(Балаларға суреттер
таратылады) Тақтаға шығып жабыстырады.
- Сырым сен не үшін атаға
атты керек деп таптың?
-Алина сен неге кесені анаға ұстаттың?
Балалар мен сендерге бір
мақал-мәтел айтайын.
Сергіту сәті: « Ақ мамам» әнін
орындау.
Ата-асқар
тау,
Ана-бауырындағы бұлақ,
Бала-жағасындағы
құрақ.
-Осы мақалда кімдер жайлы айтылған?
-Әке, Ана, Бала
-Әке, Ана, Бала-бәрі бірігіп жанұяны
құрайды.
Отбасы
мүшелеріне түсінік беру

Ата – беделі әкеден жоғары, әулеттің тірегі.
Ақыл-кеңес беруші.
Ә
же – шаңырақтың алтын қазығы. Ұрпағын мейіріміне бөлеп,
үлкен өмірге бейімдеуші.
Ә
ке –
шаңырақтың иесі. Үйге табыс кіргізіп, бала-шағаны өсіріп
жеткізуші.

Ана – отбасының ұйытқысы. Өмірге ұрпақ әкеліп,
оларды бағып-қағып, тәлім-тәрбие беруші.

Ер бала – ананың қамқоршысы.
Әкенің тірегі.
Қ
ыз бала –
шаңырақтың шуағы. Әкенің көз қуанышы, ананың қолқанаты.
Ал енді біздің отбасы мүшелерін саусақ театры
арқылы көрсетейікші.
. «Біздің
шаңырақ»
(Саусақ театрын жүргіземіз)
Бас бармағым- атам, үйдің
данасы,
Балаң үйрек-апам, ошақ
анасы,
Ортан терек- әкем, отау
панасы
Шылдыр шүмек- анам,үйдің
ажары
Титтей бөбек- мен, бәрінің
базары мен ажары.
-Балалар, енді өзіміз
білетін тақпақтарды айтып көрейік.
Кім тақпақ оқиды?
Біздің отбасымыз
Әкем менің- қауыншы,
Анам менің-сауыншы
Ағам менің-егінші!
Жеңгем менің-тігінші.
Атам болса,ол ұста,
Бәрі-бәрі жұмыста.
Отырмаймын мен текке
Кеттім мен де мектепке.
Ата
Мен атамды тыңдаймын
Ертегіне құлақ сап,
Әдепті бол балам-деп
Әрқашан ақыл айтады.
Әже
Өзің мені өсірген,
Айналайын,ақ әжем.
Тентек болсам, кешірген,
Шөлдедің бе, ай дана әжем?
Шығармашылық жұмыс.
«Менің отбасым» ( балалар өз
отбасы туралы әңгіме құрайды)
-Ал, балалар, біз жеті атаны білеміз
бе?
- Атап көрелік.
Ата
Әке
Бала
Немере
Шөбере
Шөпшек
Немене
- Балалар , енді кім бізге өз жеті атасын атап
береді?
( 2 -3 баладан жеті атасын сұрау)
Топтастыру әдісі:
әже АПА ӘКЕ

А
ТА
АНА
Баба
Әже
БАУЫР АҒА

ҚАРЫНДАС ӘПКЕ
-Балалар, отбасы туралы, оған
кімдер жатады оқймыз және сөйлем құраймыз.
Оқушылар бір-бірден шығып оқиды, сөйлем
құрайды.
Тамаша, осымен тапсырмалар тамамдалды.
V. Қортындылау.
Өте жақсы балалар! Бүгінгі
сабаққа жақсы қатыстыңдар!
Сабаққа жақсы қатысқан
балаларды мақтау.