Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы - алтын бесігің

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы туралы, отбасы құндылықтары туралы мағлұмат беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп











Shape1

отбасы – алтын бесігің

















Өткізген: Умарбаева Г

















2017 - 2018 оқу жылы

Мақсаты:

1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсу, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

2.Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: сыныптан тыс шара.

Әдісі: әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, суреттер

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғыз.

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ үлкен шеңберге,

Алақанға ұрайық.

Өз есімдерінің әріптеріне қарап, отбасында ата-анасы қандай тәрбие бергенін қандай қасиеттерді бойына сіңдіргенін тізбектеп айту.

ІІ. Негізгі бөлім . Жұмбақ жасыру.

Маған да, саған да,

Жақын, туыс адамдар.

Бәрі де өз жұртың,

Айтыңдар, олар, кім ? (Отбасы)

- Ия балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен.

  1. Айтары мол ғұлама,

Көп жасасын бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған? «АТА»

2. Ертегі айтып береді,

Күнімен саған ереді.

Әкешіңнің анасы,

Әкең оның баласы. «ӘЖЕ»

3. Атаңның баласы,

Кей кезде таласып.

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге. «ӘКЕ»

4. Бала бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей.

Иісін жұпар аңқытқан. «АНА»

Бейнеролик көрсету.

«Бақытты отбасы үлгісі»

Бейнеролик бойынша сұрақтар қойылады

Мақал -мәтелдің жалғасын табу. 

1.Атаға қарап - ...............,

Анаға қарап - ..................

2. Ананың көңілі балада, ..........................

3. Ата-ананың қадірін - ................................

4. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)

5. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)

6. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

7. Ананың сүті - бал, ................................( баланың тілі - бал)

8............. - ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)

9. Әке - асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)

10.«Жеті атасын білмеген: ................(жетесіз»),

11.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,…(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)

Сұрақ – жауап:

1. Балдан тәтті не? (бала)

2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)

4. Әкеден балаға беріледі. (мұра)
5. Үйде кім қадірлі? (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі)
6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)

7. Бес дұшпанды атаңдар?  ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек ,  бекер мал шашпақ)
8. Бес асылды атаңыз  (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

9. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

10. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңлі,

іні.)

11. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңлі, аға, іні)

12. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)

13. Отбасының басшысы кім? ( Әке)

14. Ер жігіттің неше жұрты болады? (3жұрты. Өз, қайын жұрт, нағашы)

15. Сенің туған әпкеңнің әкесінің жолдасының әкесі сағат кім? (нағашы ата)

Жүректен жүрекке.

Жүрекшеге тілек жазып, ата - аналар балаларына, балалар ата - аналарына, ұстаздарына береді.

Қорытындылау.

- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
459
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12