жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Отбасы - алтын діңгек"
Отбасы - алтын діңгек!
Албан Асан Барманбекұлы атындағы орта мектеп-гимназиясы,мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы интернат тәрбиешісі.
Сайыс
сабақ
мақсаты:
а) Бала бойына осы сайыс
сабақ
арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты
ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал
да парасатты ұл мен қызы болуға
тәрбиелеу.
ә) Ата - анасының берген
жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету,
қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.
Көрнекілігі:
ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, шар,
слайдтар
Әдісі: ой бөлісу, топтық
жұмыс, пікір алмасу
Тәрбиеші:
"Ана - сая болар бағың болса,
Әке -
асқар тауың" дейді қазақта.
Бір
күн бар жылатар күн, жұбатар күн,
Бір
күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі
ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз
болсын,
"Әке" деген сезімді
ұмытар кім?!
Ана - жарық сыйлаған жан
екенсің,
Ана - шуақ шашатын таң
екенсің.
"Ана - өмір, ана - бақыт,
ана - жүрек"
Деп соққан жүрегімнің
әні екенсің.
Әке мен ананың орны
адам өмірінде ерекше емес пе?!
Бүгін
«Жанұядан артық не бар?» тақырыбында
Отбасы мерекесіне арналған акция
шеңберінде! Отбасы - алтын діңгек!
атты
шағын шарамызға қош келдіңіздер!
Ендеше
"Ұлылардан қалған ұлы сөздерге"
құлақ түрейік.
1 оқушы: Мұхаммед
Пайғамбар: "Әуелі анаңды сыйла, сосын
анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"
2
оқушы: Кeмал Кеніш: "Үйіміздің шуақты
нұры аяулы ана болса, аскар тауы, ақылшы
тірегі - әке өзіңсің".
3 оқушы: Дулат
Бабатайұлы: "Ата - ана ақылы¬ қазылған
қара кенмен тең".
4 оқушы: Махмұд
Қашқари: "Атасынан ақыл алса - тентек
ұл да жөнделер"
5 оқушы: Виктор
Гюго: "Нәзіктік атаулының жиынтығы
- ананың алақаны, сондықтан да ол сәби
үшін жылы ұя".
6 оқушы: Қадыр Мырза
әли: "Қазақ әйелі - бар мұратын отбасының
игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан
иесі".
7 оқушы: Ғабит Мусірепов:
"Ана - бар тілегін перзентінің жолына,
бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан
жан".
8 оқушы: Ғабиден Мұстафин:
"Балаға сіңірген ата - ананьщ еңбегін
бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол -
өле - өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын
махаббат".
9 оқушы: - Ұл - қыз ата -
анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп,
бақытқа кенелем десе, алдымен әдепті
болулары керек. Өз жұмыстарын адал да
тыңғылықты атқарса, ата - ананың ұл -
қызы болып өседі.
10 оқушы: - Ата - ананы
сыйлау - сәби шағында олар өзіңді қалай
бағып - қақса, қартайғанда оларды да
солай алақанға салып аялау керек.
11
оқушы: - Ата - ананың көңілін еш ренжітуші
болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші
болма.
12оқушы: - Ата - анасын ұмытқан
бала - опасыздың опасызы, рақымсыздың
рақымсызы.
13 оқушы: - Ата - ананың
қадірін білмеген - халық қадірін
білмейді.
14оқушы: - Түн ұйқысын төрт
бөлген, түнде бесік таянып, шошып оянған
ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңыздар,
ол - қорлық.
15 оқушы - Кейбір тәрбиесіз,
арсыз балалар ата - анасына қарсы сөйлеп,
тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан
аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас -
туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке -
тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана -
жарық дүниеге әкелушің.
2. Топтарға
тапсырмалар:
Мақалды
аяқтау керек
Әдепті бала ата - анасын
мақтатар… (әдепсіз бала ата - анасын
қақсатар).
Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен
без…(шешесі тұрып қыз сөйлегеннен
без).
Қарағайға қарап тал өсер…
(қатарына қарап бала өсер).
Үйінде
ұлы - қызы бардың…(көгінде сөнбес жұлдызы
бар).
Ана сүтін ақтамағанды …(ешкім
жақтамайды).
"Бала тегіне тартады"
дейді қазақ халқы. Сіз мұны қалай
түсінесіз?
1.Топтарға
тапсырмалар:
Жығылып
жатып…(сүрінгенге күлме).
Күлме
досыңа…(келер басыңа).
Әдепті бала
арлы бала…(әдепсіз бала сорлы бала).
Ауру
қалса да… (әдет қалмайды).
Ұяда нені
көрсең … (ұшқанда соны ілесің).
Шығармашылық
жұмыс
а) Құндылық құнын ұғындар.
(карточкамен жұмыс)
Отбасымда ең
сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты
_____________________________________________
Ең ақылды
_______________________________________________
Ең сүйкімді
______________________________________________
Ең құрметті
______________________________________________
Ең құнды
________________________________________________
Ең бағалы
________________________________________________
Ең қажетті
_______________________________________________
б) Кәне,
балалар « Сандық» стратегиясы туралы
тапсырмасын орындайық.
1. Не тәтті? (
Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? (
Ананың қолы)
3. Не қатты? ( Атаның жүрегі
қатты)
4. Кім жақын? ( Тату болса, ағайын
жақын,
Ақылшың болса, апайың
жақын.
Алдыңа тартқан, адал асын,
Қимас
жақын қарындасың.)
5. Не қымбат?
Алтын
ұяң Отан қымбат
Құт - береке атаң
қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Бәрінен
де ар мен ұят қымбат.)
« Қоржындағы
асық» ойыны. Ойынның шарты: қоржындағы
асықтарды алып, сол асықтағы тапсырмаларды
орындату.
1. Отбасын кімдер құрайды?
( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке,
сіңілі, іні.)
2. Ұл мен қызды жасына
қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке,
сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет -
ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді
сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер
- кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.
4.
Отбасының бүкіл міндеті кімдерге
негізделген?( Ата - анасына)
5.
« Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің?
( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын
істеу керек.)
6. Конституцияда
отбасына қамқорлық туралы не айтылған?
( 27 - бабында «Неке мен отбасы, әке мен
ана және бала мемлекеттің қарауында
болады деп көрсетілген»).
7.
Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
8.
Отбасының басшысы кім? ( Әке)
д).«Бақытты
отбасы модулін» салу.
Балаларға:
1.
Әкенің туған күні, айы, жылы
2. Әкеңіздің
сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені
есіңізде ме?
3. Әкенің ізгі қасиеттері
4.
Әкенің пікірі сен үшін?
5. Әкең саған
айтатын үйдегі тұрақты міндеттерін?
3.
Оралхан мен Ұлпан жүрекжарды өлең
жолдарымен
4. Ойын « Менің балам(қызым)
балдай!» (Көзді байлап өз баласын көптің
ішінен табу)
5.« Мен ата - анаммен
мақтанамын!» атты слайдтар мен
фотосуреттер
Құрметті қонақтар,
оқушылар!
Қыздарыңыз қызғалдақтай
құлпыра берсін, ұлдарыңыз ізгі
армандарыңызды орындай берсін деген
тілекпен бүгінгі сайыс
сабағымды
аяқтаймыз.
Келесі кездескенше хош сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген