Материалдар / "Отбасы - баланы дұрыс тәрбиелеудің кепілі"

"Отбасы - баланы дұрыс тәрбиелеудің кепілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар мен балалар, мұғалім мен ата-ана арасындағы сенімді және достық қатынастарды қалыптастыру; өзара әрекеттесу жүйесін құру «тәрбиеші – ата–ана – бала - ынтымақтастық».
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Ата—аналар жиналысының тақырыбы:"Отбасы - баланы дұрыс тәрбиелеудің кепілі"

Мақсаттар: ата-аналар мен балалар, мұғалім мен ата-ана арасындағы сенімді және достық қатынастарды қалыптастыру; өзара әрекеттесу жүйесін құру «тәрбиеші – ата–ана – бала - ынтымақтастық».

Тапсырмалар: ата-аналарға балаларын түсінуге көмектесу, ата-аналардың балаларының жеке ерекшеліктері туралы түсініктерін жалпылау, оларды отбасылық тәрбие процесінде қолдану, ата-аналардың баланың жеке ерекшеліктеріне дұрыс қатынасын қалыптастыруға ықпал ету.

Өткізу нысаны: дөңгелек үстел.

Өткізу жоспары:

1.«Word ball» платформасының "Алаңды ашыңыз" ойынымен екі топқа біріктіру.

2.«Жұмсақ шеңбер» әдісі бойынша жағымды ахуал қалыптастыру,

3. Кіріспе сөз

4. 2–тоқсан қорытындысымен танысу.

5. «Біз біргеміз» топтық тапсырма

6. «Гүл терейік» жаттығуы.

7."Пазл" әдісі.

8. Қорытындылау.«Менің балам

9.Кері байланыс. «Ватсап» қосымшасы арқылы жиналыстың қызықты,қызықсыз өткені туралы сауалнама толтыру.

Жиналыс барысы:

1. «Word ball» платформасының "Алаңды ашыңыз" ойынындағы ұяшықтарды басып, шыққан 1,2 цифрлар арқылы екі топқа біріктіру.

2. «Жұмсақ шеңбер» әдісі бойынша жағымды ахуал қалыптастыру,топтың ауызбіршілігін арттыру мақсатында лентамен шеңбер жасап тұрып,

Лентаны жоғары лақтырып қағып алады;

Лентаны жоғары лақтырып, бір рет шапалақ ұрып қағып алады;

Лентаны жоғары лақтырып, екі рет шапалақ ұрып қағып алады;

Лентаны жоғары лақтырып,орнында бір айналып қағып алады.



3.Кіріспе сөз:

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымыз.

- Құрметті ата-аналар, бүгінгі жиналысымыз отбасы баланы дұрыс тәрбиелеудің кепілі екені туралы болмақ. Отбасы – бала үшін ,оның туған, қалыптасқан жері. Бала кезінен бала отбасында не алады, ол өмірінің едәуір бөлігін сақтайды. Онда баланың жеке басының негіздері қаланады. Балалармен одақтаспай, сіздің қолдауыңыз бен көмегіңізсіз бала бақытты, дені сау болмайды. Әрбір ата-ана баласын бақытты, дені сау, ақылды етіп тәрбиелегісі келеді. Оның дұрыс жолды таңдап, өзін–өзі жүзеге асыруы, бақытты отбасын құруы және балаларын лайықты тәрбиелеуі үшін - барлық ата-аналар бұл туралы ойлайды. Әрқайсымыз өз балаларымызға тек жақсылық тілейміз. "Дұрыс тәрбие жылы отбасы – бұл біздің бақытты қарттығымыз; нашар тәрбие – бұл біздің болашағымыз қайғы – бұл біздің көз жасымыз"-деп халқымыз бекер айтпаса керек.

4. 2–тоқсан қорытындысымен танысу.

2-тоқсан қорытындысы бойынша сыныпта 23 –оқушы білім алды.Оның -14 ұл бала,9-қыз бала.Тоқсан қорытындысы бойынша: Сынып үлгерімі (%): 100%

Білім сапасы: 56,52%

Орта балл: 3,88 құрады.

Үлгерім

Саны

% сыныпта

Аты-жөні

Оқу озаты

Барлығы

5

22%

Әділхан Аршат

Әмірхан Әлинұр

Әшірхан Әлихан

Ғалымжан Алихан

Жұмахан Бексұлтан

Екпінділер

Барлығы

8

35%

Айдархан Іңкәр

Айтқұл Айару

Бақытхан Дінмұхаммед

Дүйсенбек Дарын

Қалықұл Ернар

Мұратхан Айзере

Пернеш Инабат

Ташкенбай Қарақат

Үлгерушілер

Барлығы

10

43%

Арсыланқұлов Айболсын

Арысбай Мирас

Арыстанбек Нұрислам

Әлеен Сабина

Құлбатыр Ерсін

Нұрмахан Айберген

Оңалбек Аман

Оңалбек Есен

Оңалбек Тұрсынай

Орынбай Әсемай

Үлгермеуші

Барлығы

0

0%


Аттест. жоқ

Аттест. жоқ

0

0%




5. «Біз біргеміз» топтық тапсырма

Бұл суретте сіздер жұмыртқаны жарып шыққанын балапанды көріп отырсыздар.Яғни ортасындағы балапан оқушының рөлін атқарады,мұғалім мен ата-ана сыртындағы қабығының рөлін атқарады. Суретті бөліктерге бөліп ата-аналарға беремін. Берілген бөліктерге қарай сұрақтарға жауап жазуды және бояуды тапсырамын.

-Бірінші бөлігі оқушы үшін мұғалім кім?

-Екінші бөлігі мұғалім мен ата-ана үшін оқушы кім?

-Үшінші бөлігінде оқушы (бала) үшін ата –ананың рөлі қандай?

Ықтимал жауаптар:

Мұғалім оқушы үшін: қолдаушы ,үйретеді,бағыттаушы,дамытады,тәрбиелейді.

Оқушы мұғалім мен ата-ана үшін:үйренуші,өмірдің жалғасы,бауыр еті,қабылдаушы,ақылды,көмекші.

Ата-ана бала үшін : асыраушы, қорғаушы,оқытады,көмектеседі,тәрбиелейді.

6.«Гүл терейік» жаттығуы

Ата-аналар партаның үстіндегі гүлдерді таңдап алады.Гүлдің бетінде сөздер жазылған ,сол сөздерді қандай сөздермен алмастыруға болатынын атап шығады.

- Сен ештеңе істей алмайсың. (Сен барлығын істей аласың).

- Неге сен басқа балалар сияқты емессің? (Сен бәріненде ерекшесің).

- Сенен пайда жоқ,нөлсің. (Сенің қолыңнан барлығы да келеді).

- Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмайды.

(Болып жатқан жағдайларға сенің еш кінәң жоқ).

- Айтатының ылғи өтірік.(Қателеспейтін адам болмайды,мен саған сенемін).

- Сені жиналыста жамандағанда жерге кіріп кете жаздадым.

(Сен туралы айтқан әр бір жақсы сөз маған күш,қуат береді).

- Көзіме көрінбей кетші (жаныма келі, бәрін бірге анықтайық)

- Қашан үйренесің (мен саған көмектесемін)

Құрметті ата-аналар! Өз сөзіңізді қадағалайық және балаларға жағымсыз көзқарастарды бермейік. Баланы айыптаудан гөрі жиі мақтаңыз, жігерлендіріңіз, сәтсіздіктерді байқамаңыз, үміт ұялатыңыз. «Жақсы сөз жарым ырыс»-деген, жақсы сөзімізді аямайық.

7. "Пазл" әдісі.Топта пазлды құрастырып,шыққан мақалды суретпен салып ,келесі топ сурет арқылы мақалды табады, мағынасын түсіндіреді. 8.Қорытындылау.«Менің балам» әдісі

Ақ қағаз, ермексаз, түрлы түсті қарандаш, губка суреттері көрсетіледі.

Бала ақ қағаз сияқты таза.

Ермексаз сиықты иілгіш келеді.

Түрлі түсті қарандаштар сияқты әдемі,сезімтал болады.

Губка сияқты жақсыны да жаманды да бойына сіңіріп алады.Яғни,

баланы тәрбиелеуде, бағыт –бағдар беруде біз ата-аналар қай жаққа бұратын болсақ бала солай тәрбиеленеді дегім келеді.

9.Кері байланыс. «Ватсап» қосымшасы арқылы жиналыстың қызықты,қызықсыз өткені туралы сауалнама толтыру.

Қосымшалар::

"Біз біргеміз" топтық тапсырма

















"Гүл терейік" жаттығуы


- Қашан үйренесің 

- Сен ештеңе істей алмайсың 

- Неге сен басқа балалар сияқты емессің?

- Сені жиналыста жамандағанда жерге кіріп кете жаздадым

- Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмайды.

- Айтатының ылғи өтірік


- -Жұрттың баласын қарашы

- Сен адам болмайсың


- Сенен пайда жоқ,нөлсің.

- Көзіме көрінбей кетші


- Сенен ештеңе шықпайды

- Мен саған сенбеймін





"Пазл" әдісі

1- топ. 2- топ







Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі